Тереңкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Тереңкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тереңкөл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 16 қарашадағы № 324/8 және Тереңкөл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 16 қарашадағы № 2/30 "Тереңкөл ауданы елді мекендерінің шекараларын (шегін) белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30808 болып тіркелген) бірлескен қаулысы мен шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
ауылды таратуына байланысты "ауданы 1217,0 гектар Луговое ауылы" сөздері жойылсын;
"1995,0" деген сандар "3212,0" деген сандармен ауыстырылсын;
ауылды таратуына байланысты "ауданы 1057,0 гектар Новоспасовка ауылы" сөздері жойылсын;
"4076,0" деген сандар "5133,0" деген сандармен ауыстырылсын;
"6954,7" деген сандар "6339,14" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Әкімдіктің осы бірлескен қаулысының және мәслихат шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына және аудандық мәслихаттың аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Тереңкөл ауданының әкімі | А. Маңғұтов |
| Тереңкөл аудандық мәслихатының төрағасы | Р. Габидулин |