Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 147-1-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі мен квазимемлекеттік сектор субъектісі арасында "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобаларын іске асыру жөніндегі жұмыстарды орындауға келісім жасасу, "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша шарттарды және (немесе) "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау шарттарын тіркеу, орындау, сондай-ақ олар бойынша төлемдер жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Экономика салаларын дамыту және инвестициялық жобаларды мониторингтеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсына орналастыру үшін жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі |
С. Жумангарин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі 2026 жылғы 28 қыркүйектегі № 156 бұйрығымен бекітілген |
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі мен квазимемлекеттік сектор субъектісі арасында "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобаларын іске асыру жөніндегі жұмыстарды орындауға келісім жасасу, "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша шарттарды және (немесе) "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау шарттарын тіркеу, орындау, сондай-ақ олар бойынша төлемдер жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі мен квазимемлекеттік сектор субъектісі арасында "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобаларын іске асыру жөніндегі жұмыстарды орындауға келісім жасасу, "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша шарттарды және (немесе) "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау шарттарын тіркеу, орындау, сондай-ақ олар бойынша төлемдер жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 147-1-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі мен квазимемлекеттік сектор субъектісі арасында "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобаларын іске асыру жөніндегі жұмыстарды орындауға келісім жасасу, "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша шарттарды және (немесе) "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау шарттарын тіркеу, орындау, сондай-ақ олар бойынша төлемдер жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі (бұдан әрі – ББӘ) – Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзіне жүктелген функцияларға, өкілеттіктер мен құзыреттерге сәйкес айқындалатын, бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және олардың нәтижелеріне қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган;
2) квазимемлекеттік сектор субъектілері – мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде мемлекет құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері болып табылатын Ұлттық әл-ауқат қоры, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ еншілес, тәуелді заңды тұлғалар және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалар, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, "Астана" халықаралық қаржы орталығы органдарының, олардың ұйымдарының және қатысушыларының қызметі үшін жағдайларды қамтамасыз ететін коммерциялық емес ұйым, жоғары ғылыми ұйым;
3) мемлекеттік қазынашылық – бюджетті қазынашылық атқару жөніндегі уәкілетті органның функциялары жүктелген бюджетті атқару жөніндегі орталық атқарушы органның ведомствосы;
4) "толық бітіріп берілетін" құрылыс туралы шарт – жобалардың ведомстводан тыс кешенді сараптамасын жүргізуді және техникалық қадағалаудың көрсетілетін қызметтерін қоспағанда, жобалау, іздестіру, құрылыс-монтаждау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, реставрациялау, күрделі жөндеу) жұмыстарын және басқа да жұмыстарды орындауды, сондай-ақ көрсетілген жұмыстармен қатар жүретін тауарларды беруді, қызметтер көрсетуді қамтитын объектіні салу және оны пайдалануға беру жөніндегі кешенді жұмыстар оның нысанасы болып табылатын шарт;
5) "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау шарты – "толық бітіріп берілетін" құрылыс туралы шартты іске асыру шеңберінде ББӘ, квазимемлекеттік сектор субъектісі және өнім беруші арасында жасалатын үшжақты шарт, оған сәйкес ББӘ "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді өзіне қабылдайды, квазимемлекеттік сектор субъектісі "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасы бойынша тапсырыс беруші болады және өнім беруші "толық бітіріп берілетін" объектіні салу бойынша жұмыстар кешенін орындайды.
2-тарау. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі мен квазимемлекеттік сектор субъектісі арасында "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобаларын іске асыру жөніндегі жұмыстарды орындауға келісім жасасу, "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша шарттарды және (немесе) "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау шарттарын тіркеу, орындау, сондай-ақ олар бойынша төлемдер жүргізу тәртібі
1-параграф. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі мен квазимемлекеттік сектор субъектісі арасында "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобаларын іске асыру жөніндегі жұмыстарды орындауға келісім жасасу
3. "Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер екі түрге бөлінеді:
1) егер тапсырыс беруші ББӘ болған жағдайда, Республикалық бюджет комиссиясы немесе жергілікті атқарушы органның бюджет комиссиясы мақұлдаған "толық бітіріп берілетін" құрылыс туралы жасалған шарттар бойынша тапсырыс беруші қабылдаған және орындамаған қаржылық міндеттемелердің белгілі бір күніне бюджеттен бөлінетін сома бойынша тапсырыс беруші мен өнім берушінің құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер болып табылады;
2) егер тапсырыс беруші квазимемлекеттік сектор субъектісі болған жағдайда, Республикалық бюджет комиссиясы немесе жергілікті атқарушы органның бюджет комиссиясы мақұлдаған мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы жасалған шарттар бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қабылдаған және орындамаған қаржылық міндеттемелердің белгілі бір күніне бюджеттен бөлінетін сома бойынша "толық бітіріп берілетін" құрылыс шарттары және оларға қатысты ББӘ, тапсырыс беруші және өнім беруші арасында жасалған "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау шарттары тараптарының құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер болып табылады. ББӘ мен квазимемлекеттік сектор субъектісі арасындағы "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобаларын іске асыру жөніндегі жұмыстарды орындауға арналған келісім "толық бітіріп берілетін" құрылыс туралы шарттардың және оларға қатысты жасалған "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау шарттарының алдында болады.
4. "Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер объектілерді салу және реконструкциялау кезінде қабылданады.
5. ББӘ мен квазимемлекеттік сектор субъектісі арасындағы "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасын іске асыру жөніндегі жұмыстарды орындауға арналған келісім (бұдан әрі – Келісім) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаржыландыру көлемін, графигін және шарттарын алдын ала бекіту мақсатында жасалады.
6. Келісім бекітілген бюджеттік бағдарлама болған, "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бекітілген құжаттарына енгізілген және жобаның қаржылық-экономикалық орындылығы расталған кезде жасалады.
7. Квазимемлекеттік сектор субъектісі ББӘ-ге Келісім жобасын, іске асырудың күнтізбелік жоспарын және жылдар бойынша қаржыландыру граифгін қоса бере отырып, Келісім жасасу туралы ұсыныс жібереді.
8. ББӘ ұсынылған құжаттарды 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қарауды жүзеге асырады және Келісім жасасудың орындылығы туралы не тиісті негіздемемен бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Келісім жасасу туралы оң шешім мынадай:
жобаның ерекшелігіне байланысты инвестициялық ұсынысқа, техникалық-экономикалық негіздемеге және (немесе) қаржылық-экономикалық негіздемеге "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасы бойынша оң экономикалық қорытындының болуы;
тиісті бюджет комиссиясының "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы шешімінің болуы;
мемлекеттік инвестициялық жобалар портфелінде жобаның болуы (республикалық мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде). шарттары сақталған кезде қабылданады.
"Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасы жоғарыда аталған шарттарға сәйкес келмеген жағдайда ББӘ Келісім жасасудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
9. Келісімнің жобасына тараптардың басшылары не олар уәкілеттік берген адамдар қол қояды.
10. Келісім оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және квазимемлекеттік сектор субъектісі тапсырыс беруші болып табылатын "толық бітіріп берілетін" құрылыс туралы шарт жасасуға және ББӘ, тапсырыс беруші және өнім беруші арасында жасалған "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау үшін оған қатысты жасалған шартқа негіз болып табылады.
2-параграф. "Толық бітіріп берілетін" құрылыс туралы шарттарды және (немесе) "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау шарттарын тіркеу, орындау, сондай-ақ олар бойынша төлемдер жүргізу
11. "Толық бітіріп берілетін" құрылыс туралы шарттарды немесе "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау шарттарын (бұдан әрі – Шарт) оларды орындау басталғанға дейін мемлекеттік қазынашылық немесе мемлекеттік қазынашылық органдары міндетті түрде тіркеуі тиіс.
12. "Толық бітіріп берілетін" құрылыс шарты Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №35238 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жасалады.
13. Шарттарды орындау Шарттарда белгіленген "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мерзімдер мен тіркелген мемлекеттік міндеттемелер шегінде жүзеге асырылады.
14. Төлемдер қаржыландыру графигіне және Шарттардың талаптарына сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.
15. Шарттар бойынша тіркеу, орындау, сондай-ақ төлемдерді жүргізу Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығымен бекітілген Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдеріне, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі мен квазимемлекеттік сектор субъектісі арасындағы "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасын іске асыру жөніндегі жұмыстарды орындауға арналған келісім
№ | Атауы | Сипаты |
1. | Келісімнің нысанасы | |
2. | Жобаның атауы | |
3. | Жалпы құны | |
4. | Жобаның қуаты | |
5. | Іске асыру мерзімдері | |
6. | Болжалды қаржыландыру көздері, іске асырудың күнтізбелік жоспары және қаржыландыру графигі |
Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері:
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі |
Квазимемлекеттік сектор субъектісі | |
Қолы _______________ | Қолы _______________ | |
Басып шығару ________ |
Басып шығару_________ |