Инфрақұрылымдық даму қорының қаражаты есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобаларды іріктеу қағидаларын, олардың өлшемшарттарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 13 тамыздағы № 129 бұйрығы

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Инфрақұрылымдық даму қорының қаражаты есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобаларды іріктеу қағидалары, олардың өлшемшарттары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Экономика салаларын дамыту және инвестициялық жобаларды мониторингтеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру үшін жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
С. Жумангарин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Ұлттық
экономика министрі
2026 жылғы 13 тамыздағы
№ 129 Бұйрығымен бекітілген

Инфрақұрылымдық даму қорының қаражаты есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобаларды іріктеу қағидалары, олардың өлшемшарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Инфрақұрылымдық даму қорының қаражаты есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобаларды іріктеу қағидалары, олардың өлшемшарттары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 7-тармағына сәйкес әзірленді және Инфрақұрылымдық даму қорының қаражаты есебінен қаржыландыру үшін инвестициялық жобаларды іріктеудің және олардың өлшемшарттарын айқындаудың тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) аса маңызды объектілер – қызметін авариялық тоқтату жаһандық немесе өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайлардың туындауына әкелуі мүмкін объектілер, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада экономикалық өсу орталықтарының әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуын қамтамасыз ететін жалпымемлекеттік инфрақұрылым объектілері;

      2) жалпы ел үшін маңызы бар жобалар – кемінде екі облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың экономикалық тұрғыдан дамуын қамтамасыз ететін объектілер, сондай-ақ белгілі бір саладағы біртекті жобаларды ел ауқымында бір жолғы іске асыру жолымен міндеттерді белгіленген мерзімдерде шешуге бағытталған объектілер;

      3) Инфрақұрылымдық даму қоры (бұдан әрі – Қор) – Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан түсетін ақша түсімдерін, Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де түсімдерді есепке жатқызу және оларды Қазақстан Республикасының инвестициялық жобаларын қаржыландыру мақсатында жұмсау үшін мемлекеттік қазынашылықта ашылған қолма-қол ақшаны бақылау шоты.

2-тарау. Инвестициялық жобаларды іріктеу өлшемшарттарын айқындау тәртібі

      3. Жобаларды әзірлеуді осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келген кезде орталық мемлекеттік органдар (бұдан әрі – ОМО) немесе жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

      4. Жобалар бойынша өлшемшарттарды айқындау Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 4-бабында айқындалған бюджет жүйесінің қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.

      5. Жобалар мынадай өлшемшарттардың біріне сәйкес келуге тиіс:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 28 маусымдағы № 59 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және іске асыру, инвестициялық ұсынысты, техникалық-экономикалық және қаржылық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамалар жүргізу, бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау, мемлекеттік инвестициялық жобалар портфелін қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялық жобалардың бекітілген (нақтыланған) параметрлерін түзету, іріктеу, іске асырылуын мониторингтеу және бағалау қағидаларымен (бұдан әрі – № 59 Қағидалар) айқындалатын аса маңызды объектілер және жалпы ел үшін маңызы бар жобалар;

      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 2 қыркүйектегі № 710 қаулысымен бекітілген "Елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесін бекіту туралы" елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкестігі;

      3) Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тікелей тапсырмалары бойынша іске асырылатын объектілер;

      4) республикалық мемлекеттік инвестициялық жобалар;

      5) фельдшерлік-акушерлік пунктерді, дәрігерлік амбулаторияларды және медициналық пунктерді қоспағанда, денсаулық сақтау объектілері (денсаулық сақтау);

      6) халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына арналған әлеуметтік сала объектілері (арнайы мектептер, инклюзивті спорт орталықтары, мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту орталықтары) (инклюзивті орта);

      7) ірі агломерациялар жобалар;

      8) облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада мынадай объектілерді:

      теміржол жолөткелдері, көшелерді қоса алғандағы көпір құрылысжайларын;

      су бұру жүйелерінің объектілерін салу және реконструкциялау және ауыз су өнімділігін тәулігіне 100 мың текше метрге дейін ұлғайту бойынша тұщыландыру зауыттарын жаңғырту;

      мәдениет және спорт объектілерін салу және реконструкциялау.

      6. Қор қаражаты алдыңғы қаржы жылдары басталған (жалғасып жатқан) жобаларды, жаңа объектілерді салуды және (немесе) қолда бар объектілерді реконструкциялауды қаржыландыруға бағытталады.

      7. Осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келген кезде Қор қаражатын жобаларды бірлесіп қаржыландыруға бағыттауға жол беріледі.

      8. ОМО және жергілікті атқарушы органдар бекітілген құн шегінде жобалардың іске асырылуын қамтамасыз етеді. Бұл ретте Қор қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобалардың қымбаттауына жол берілмейді.

      9. Қор қаражаты есебінен ОМО және жергілікті атқарушы органдардың және квазимемлекеттік сектордың ағымдағы бюджеттік бағдарламаларына жататын шығыстар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қаржылық, даму институттарына және екінші деңгейдегі банктерге берілетін бюджеттік кредиттер қаржыландырылмайды.

3-тарау. Инвестициялық жобаларды іріктеу тәртібі

      10. Жобаларды іріктеу және іске асыру тәртібі Кодекстің 148 және 149-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      11. Қажетті құжаттаманы әзірлеу, тиісті сараптамаларды жүргізу, жобалардың іске асырылуын мониторингтеуді және бағалауды мемлекеттік органдар № 59 қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.

      12. Жергілікті атқарушы органдар мынадай құжаттарды қалыптастырады және тиісті саланың ОМО және жергілікті атқарушы органдарына ұсынады:

      1) инвестициялық ұсынысқа жергілікті немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның оң экономикалық қорытындысы;

      2) қаржы-экономикалық негіздемеге (бұдан әрі – ҚЭН) және (немесе) техникалық-экономикалық негіздемеге (бұдан әрі – ТЭН) (қажет болған жағдайда) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның оң экономикалық қорытындысы;

      3) "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобаларын қоспағанда, жобалау-сметалық құжаттамаға (бұдан әрі – ЖСҚ) кешенді ведомстводан тыс сараптаманың қорытындысы;

      4) жобалар аса маңызды объектілерге және жалпы ел үшін маңызы бар жобаларға жатқызылған жағдайда № 59 қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген құжаттар қосымша ұсынылады.

      13. ОМО жобалар бойынша құжаттаманың толықтығын, осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген өлшемшарттарға сәйкестігін қарайды және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органға және бюджетті жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жобалар тізбесі бар бірыңғай қорытындыны жібереді.

      14. Инвестициялық ұсынысқа, ҚЭН-ге және (немесе) ТЭН-ге (қажет болған жағдайда), ЖСҚ-ға оң қорытындылары бар, ОМО іске асыратын жобалар бойынша тиісті мемлекеттік органдар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобалар тізбесі бар қорытындыны қалыптастырады және бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органға және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.

      15. ОМО-ның тиісті қорытындысына мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын адам қол қояды.

      16. Бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган ОМО-ның тиісті қорытындысын Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына және осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген өлшемшарттарға сәйкестігі тұрғысынан қарайды және олар бойынша қорытындыны осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ОМО-ға және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.

      17. Жобаларды қарауды және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығаруды бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын Қордың қаражатын қаржыландыру, пайдалану және мониторингтеу тәртібіне сәйкес ОМО құжаттарды ұсынған кезде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.

      18. Жобаларды қаржыландыруды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын Қордың қаражатын қаржыландыру, пайдалану және мониторингтеу тәртібіне сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.

      19. Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің бірінші басшысы Қордың қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобаларды іріктеуге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

      20. Жобаның іске асырылуын бақылауды мемлекеттік аудит органдары бюджет қаражаты бөлінген күннен бастап алты ай өткен соң тексеру жүргізу жолымен жүзеге асырады.

  Инфрақұрылымдық даму
қорының қаражаты есебінен
қаржыландырылатын инвестициялық жобаларды
іріктеу қағидаларына, олардың
өлшемшарттарына 1-қосымша
  Нысан

Тиісті саланың орталық мемлекеттік органының инфрақұрылымдық даму қорының қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобалар бойынша қорытындысы

Жобаның атауы

Жалпы құны, мың теңге

Инвестициялық жобалардың өлшемшарттары

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында жобаның болуы

Аса маңызды объект/жалпы ел үшін маңызы бар жоба/жоба оларға жатпайды

Қазақстан Республикасы Президентінің / Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасының болуы/болмауы (күні мен нөмірі)

Республикалық мемлекеттік инвестициялық жоба (иә/жоқ)

Су басу мен су тасқынынан елді мекендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өзендердің жағалауын нығайту жұмыстары (иә/жоқ)

1

2

3

4

5

6

7

8

жергілікті жобалар









республикалық жобалар









      кестенің жалғасы

Инвестициялық жобалардың өлшемшарттары

фельдшерлік-акушерлік пунктерді, дәрігерлік амбулаторияларды және медициналық пунктерді қоспағанда, денсаулық сақтау объектілері (иә/жоқ)

халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына арналған әлеуметтік сала объектілері (арнайы мектептер, инклюзивті спорт орталықтары, мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту орталықтары) (иә/жоқ)

астананың және республикалық маңызы бар қалалардың сумен жабдықтау объектілері (иә/жоқ)

Астана агломерациясының құрамына кіретін Ақмола облысының елді мекендеріндегі және Астана қаласының шет аймақтарындағы көшелер (иә/жоқ)

облыс
орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада объектілерді салу және реконструкциялау (иә/жоқ)

9

10

11

12

13

жергілікті жобалар






республикалық жобалар






      Жалпы қорытындылар: (Қор қаражаты есебінен қаржыландыру мақсатында жобалардың жалпы санын және олардың құнын, жобалардың инвестициялық жобалардың, оның ішінде аса маңызды объектілер мен жалпы ел үшін маңызы бар жобалардың өлшемшарттарына сәйкестігін, құжаттаманың жиынтықтылығын танытатын ақпарат көрсетіледі)

      __________________________________________ М.О. _________________

      Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) лауазымы қолы

  Нысанға қосымша

"Тиісті саланың орталық мемлекеттік органының инфрақұрылымдық даму қорының қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобалар бойынша қорытындысы" нысанын толтыру бойынша түсіндірме

      1-бағанда "№" реттік нөмірі көрсетіледі.

      2-бағанда жобаның атауы көрсетіледі.

      3-бағанда жобаның жалпы құны көрсетіледі.

      4-бағанда жобаны іске асыруға бастама жасалған Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің нақты құжатының атауы: Ұлттық даму жоспары, Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы, Мемлекеттік органның даму жоспары, Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың даму жоспары, Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың даму жоспарлары көрсетіледі.

      5-бағанда № 59 қағидаларға сәйкес объектіні нақты түрге жатқыза отырып, аса маңызды жобаларға және жалпы ел үшін маңызы бар жобаларға сәйкестігі көрсетіледі: мысалы, қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары жылу электр орталықтары мен қазандықтар құрылысы. Егер объект жалпы ел үшін маңызы бар және аса маңызды жобаларға жатпайтын болса, бағанда "оған жатпайды" деген сөз көрсетіледі.

      6-бағанда жобаны іске асыруға бастама жасалған Қазақстан Республикасының Президенті немесе Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі тапсырмасының күні мен нөмірі көрсетіледі. Жоба бойынша тиісті тапсырма болмаған жағдайда бағанда "жоқ" деген сөз көрсетіледі.

      7-бағанда егер жоба республикалық мемлекеттік инвестициялық жобаларға жатса, "иә" деген сөз, ал егер жоба жергілікті мемлекеттік инвестициялық жобаларға жатса, "жоқ" деген сөз көрсетіледі.

      8-бағанда егер жоба бойынша су басу мен су тасқынынан елді мекендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өзендердің жағалауын нығайту жұмыстарын жүргізу көзделсе, "иә" деген сөз, ал егер жоба бойынша жұмыстардың басқа түрлерін жүргізу көзделсе, "жоқ" деген сөз көрсетіледі.

      9-бағанда егер жоба фельдшерлік-акушерлік пунктерді, дәрігерлік амбулаторияларды және медициналық пунктерді қоспағанда, денсаулық сақтау объектілеріне жатса, "иә" деген сөз, ал егер жоба өзге денсаулық сақтау объектілеріне жатса, "жоқ" деген сөз көрсетіледі.

      10-бағанда егер жоба халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына арналған әлеуметтік сала объектілеріне (арнайы мектептер, инклюзивті спорт орталықтары, мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту орталықтары) жатса, "иә" деген сөз, ал егер жоба әлеуметтік саланың өзге объектілеріне жатса, "жоқ" деген сөз көрсетіледі.

      11-бағанда егер жоба астананың және республикалық маңызы бар қалалардың сумен жабдықтау объектілеріне жатса, "иә" деген сөз, ал егер жоба басқа қалалардың сумен жабдықтау объектілеріне жатса, "жоқ" деген сөз көрсетіледі.

      12-бағанда егер жоба бойынша Астана агломерациясының құрамына кіретін Ақмола облысының елді мекендеріндегі және Астана қаласының шет аймақтарындағы көшелерге қатысты болса, "иә" деген сөз, ал егер жоба басқа агломерацияларға қатысты болса, "жоқ" деген сөз көрсетіледі.

      13-бағанда жобаны іске асыру қол жеткізілетін нақты объектінің атауы көрсетіледі: "көпір құрылысжайлары, теміржол жолөткелдері және акведуктар", "магистральдық кәріз коллекторлары, кәріз тазарту құрылысжайлары, кәріз желілері", "су бұру жүйелерінің объектілері және ауыз су өнімділігін тәулігіне 100 мың текше метрге дейін ұлғайту бойынша тұщыландыру зауыттарын жаңғырту" және "мәдениет және спорт объектілері".

  Инфрақұрылымдық даму
қорының қаражаты есебінен
қаржыландырылатын инвестициялық жобаларды
іріктеу қағидаларына, олардың
өлшемшарттарына 2-қосымша
  Нысан

Инфрақұрылымдық даму қорының қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобалар бойынша бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысы

Жобаның атауы

Жалпы құны, мың теңге

Инвестициялық жобалардың өлшемшарттары

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында жобаның болуы

Аса маңызды объект/жалпы ел үшін маңызы бар жоба/жоба оларға жатпайды

Қазақстан Республикасы Президентінің / Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасының болуы/ болмауы (күні мен нөмірі)

Республикалық мемлекеттік инвестициялық жоба (иә/жоқ)

Су басу мен су тасқынынан елді мекендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өзендердің жағалауын нығайту жұмыстары (иә/жоқ)

1

2

3

4

5

6

7

8

жергілікті жобалар









республикалық жобалар









      кестенің жалғасы

Инвестициялық жобалардың өлшемшарттары

Бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындылары

фельдшерлік-акушерлік пунктерді, дәрігерлік амбулаторияларды және медициналық пунктерді қоспағанда, денсаулық сақтау объектілері (иә/жоқ)

халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына арналған әлеуметтік сала объектілері (арнайы мектептер, инклюзивті спорт орталықтары, мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту орталықтары) (иә/жоқ)

астананың және республикалық маңызы бар қалалардың сумен жабдықтау объектілері (иә/жоқ)

Астана агломерациясының құрамына кіретін Ақмола облысының елді мекендеріндегі және Астана қаласының шет аймақтарындағы көшелер (иә/жоқ) (иә/жоқ)

облыс
орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада объектілерді салу және реконструкциялау (иә/жоқ)

9

10

11

12

13

14

жергілікті жобалар







республикалық жобалар







  Нысанға қосымша

"Инфрақұрылымдық даму қорының қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобалар бойынша бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысы" нысанын толтыру бойынша түсіндірме

      1-бағанда "№" реттік нөмірі көрсетіледі.

      2-бағанда жобаның атауы көрсетіледі.

      3-бағанда жобаның жалпы құны көрсетіледі.

      4-бағанда жобаны іске асыруға бастама жасалған Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің нақты құжатының атауы: Ұлттық даму жоспары, Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы, Мемлекеттік органның даму жоспары, Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың даму жоспары, Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың даму жоспарлары көрсетіледі.

      5-бағанда № 59 қағидаларға сәйкес объектіні нақты түрге жатқыза отырып, аса маңызды жобаларға және жалпы ел үшін маңызы бар жобаларға сәйкестігі көрсетіледі: мысалы, қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары жылу электр орталықтары мен қазандықтар құрылысы. Егер объект жалпы ел үшін маңызы бар және аса маңызды жобаларға жатпайтын болса, бағанда "оған жатпайды" деген сөз көрсетіледі.

      6-бағанда жобаны іске асыруға бастама жасалған Қазақстан Республикасының Президенті немесе Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі тапсырмасының күні мен нөмірі көрсетіледі. Жоба бойынша тиісті тапсырма болмаған жағдайда бағанда "жоқ" деген сөз көрсетіледі.

      7-бағанда егер жоба республикалық мемлекеттік инвестициялық жобаларға жатса, "иә" деген сөз, ал егер жоба жергілікті мемлекеттік инвестициялық жобаларға жатса, "жоқ" деген сөз көрсетіледі.

      8-бағанда егер жоба бойынша су басу мен су тасқынынан елді мекендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өзендердің жағалауын нығайту жұмыстарын жүргізу көзделсе, "иә" деген сөз, ал егер жоба бойынша жұмыстардың басқа түрлерін жүргізу көзделсе, "жоқ" деген сөз көрсетіледі.

      9-бағанда егер жоба фельдшерлік-акушерлік пунктерді, дәрігерлік амбулаторияларды және медициналық пунктерді қоспағанда, денсаулық сақтау объектілеріне жатса, "иә" деген сөз, ал егер жоба өзге денсаулық сақтау объектілеріне жатса, "жоқ" деген сөз көрсетіледі.

      10-бағанда егер жоба халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына арналған әлеуметтік сала объектілеріне (арнайы мектептер, инклюзивті спорт орталықтары, мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту орталықтары) жатса, "иә" деген сөз, ал егер жоба әлеуметтік саланың өзге объектілеріне жатса, "жоқ" деген сөз көрсетіледі.

      11-бағанда егер жоба астананың және республикалық маңызы бар қалалардың сумен жабдықтау объектілеріне жатса, "иә" деген сөз, ал егер жоба басқа қалалардың сумен жабдықтау объектілеріне жатса, "жоқ" деген сөз көрсетіледі.

      12-бағанда егер жоба бойынша Астана агломерациясының құрамына кіретін Ақмола облысының елді мекендеріндегі көшелерді салу (реконструкциялау) көзделсе, "иә" деген сөз, ал егер жоба басқа агломерацияларға жатса, "жоқ" деген сөз көрсетіледі.

      13-бағанда жобаны іске асыру қол жеткізілетін нақты объектінің атауы көрсетіледі: "көпір құрылысжайлары, теміржол жолөткелдері және акведуктар", "магистральдық кәріз коллекторлары, кәріз тазарту құрылысжайлары, кәріз желілері", "су бұру жүйелерінің объектілері және ауыз су өнімділігін тәулігіне 100 мың текше метрге дейін ұлғайту бойынша тұщыландыру зауыттарын жаңғырту" және "мәдениет және спорт объектілері".

      14-бағанда егер жоба осы қағидалардың барлық талаптарына сәйкес келсе, "сәйкес келеді" деген сөз көрсетіледі немесе жоба инвестициялық жобалардың жоғарыда көрсетілген өлшемшарттарына сәйкес келмесе, "сәйкес келмейді" деген сөз көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады