"Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 4 тамыздағы № 75 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 21 шiлдедегi № 108 бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 4 тамыздағы № 75 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидалары осы Бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін жіберілуін және алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
С. Жумангарин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Ұлттық
экономика министрі
2026 жылғы 21 шілдедегі
№ 108 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Ұлттық
экономика министрінің
2025 жылғы 4 тамыздағы
№ 75 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидалары

      "1. Осы Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) аудандық коммуналдық заңды тұлғалар – аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған аудандық мемлекеттік кәсіпорындар мен аудандық мемлекеттік мекемелер;

      2) баланс ұстаушы – мүлік жедел басқару немесе шаруашылық жүргізу құқығында бекітілген мемлекеттік заңды тұлға;

      3) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғалары – мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігінде (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінде) тұрған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен коммуналдық мемлекеттік мекемелер;

      4) коммуналдық заңды тұлғалар – мүлкі коммуналдық меншікте тұрған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен коммуналдық мемлекеттік мекемелер;

      5) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган) – республикалық мүлікті басқару, мемлекеттің республикалық мүлікке құқықтарын іске асыру, экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншікті және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға бекітіліп берілген мүлікті қоспағанда, стратегиялық объектілерді жекешелендіру мен мемлекеттік мониторинг жүргізу саласындағы басшылықты өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      6) мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – тиісті саланың уәкілетті органы) – мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқаруды жүзеге асыратын және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген шарттарда республикалық мүлікке қатысты құқықтарды иеленетін, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған орталық атқарушы орган немесе орталық атқарушы органның ведомствосы. Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мүлікке қатысты құқықтарды өзге мемлекеттік органдарға берген жағдайларда, осы Заңның тиісті саланың уәкілетті органы туралы қағидалары осындай мемлекеттік органға қолданылады;

      7) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – бірыңғай оператор) – "Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 802 қаулысына сәйкес айқындалған жарғылық капиталында мемлекет қатысатын заңды тұлға, оған мемлекеттік мүлікті ұйымдастыру және есепке алу саласындағы бірыңғай техникалық саясатты іске асыру жөніндегі міндеттер, сондай-ақ Заңның 14-бабына сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің активтерін басқару және пайдалану жөніндегі функциялар жүктелген;

      8) мемлекеттік заңды тұлғалар арасында мүлікті беру сервисі (бұдан әрі – Сервис) – мемлекеттік мүлікті өзге мемлекеттік заңды тұлғаның балансына беру жүзеге асырылатын тізілімнің веб-порталында орналастырылған цифрлық сервис;

      9) мемлекеттік мүлік тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының, Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жедел басқаруындағы мүлікті және мемлекеттік материалдық резервті қоспағанда, мемлекеттік мүлікті есепке алудың бірыңғай цифрлық автоматтандырылған жүйесі;

      10) облыстық уәкілетті орган – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, облыстық коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы орган;

      11) республикалық заңды тұлғалар – мүлкі республикалық меншікте тұрған республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен республикалық мемлекеттік мекемелер;

      12) тізілімнің веб-порталы – тізілімге бірыңғай кіру нүктесін ұсынатын www.e-qazyna.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналастырылған интернет-ресурс;

      13) электрондық құжат – анықтығын, тиесілілігін және өзгермейтіндігін растау электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен қамтамасыз етілген цифрлық жазба;

      14) электрондық себет – мемлекеттік заңды тұлғаларға мемлекеттік мүлік туралы мәліметтерді орналастыруға мүмкіндік беретін сервистің функционалы;

      15) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).

      16) аудандық уәкілетті орган – аудандық коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілеттік берілген, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган.

      3. Осы Қағидалардың талаптары "Әскери жағдай туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес соғыс жағдайы енгізілген жағдайда мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган (республикалық мүлікке қатысты) және жергілікті атқарушы орган немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты (коммуналдық мүлікке қатысты) мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру туралы шешім қабылдаған кезде қолданылмайды.

      Беруші және қабылдаушы тараптардың уәкілетті лауазымды адамдары мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру туралы шешім қабылданғаннан кейін мүлікті қабылдау-беру актісіне (беру актісіне) екі күн мерзімде қағаз жеткізгіште қол қояды.

      4. Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының, Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарының жедел басқаруындағы мүлікті және қорларды қоспағанда, мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру кезінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 636 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7375 болып тіркелген) Мемлекеттік мүлік тізіліміне есепке алу объектілерінің мәліметтерін енгізу, сондай-ақ мемлекеттік мүлікті түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргізудің бірыңғай әдістемесіне сәйкес тізілімнің веб-порталына ұсынылатын мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген мүлікті түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жөніндегі электрондық есептің (бұдан әрі – түгендеу жөніндегі есеп) мәліметтері пайдаланылады.

      Арнаулы мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жедел басқаруындағы мүлікті және қорларды беру кезінде баланс ұстаушы берілетін мүлік туралы мәліметтерді қалыптастырады және оларды электрондық себетке орналастырады.

      5. Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, мемлекеттік мүлік туралы мәліметтерді электрондық себетке орналастыру арқылы тізілімнің веб-порталын пайдалана отырып жүзеге асырылады.

      Берілетін мүлік туралы мәліметтердің анықтығын баланс ұстаушы қамтамасыз етеді.

      6. Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру экономикалық орындылық жағдайында және мынадай өлшемшарттарға сәйкес келген кезде жүзеге асырылады:

      1) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабына сәйкес белгіленген заттай нормалар шегінде мемлекеттік заңды тұлғаларда берілетін мүлікке (өндірістік қажеттілікке) қажеттіліктің болуы;

      2) қабылданатын мүліктің одан әрі нысаналы пайдалануының қамтамасыз етілуі;

      3) қабылданатын мүліктің күтіп-ұстау және пайдалану бойынша қаржылық қамтамасыз етілуі.

      7. Республикалық меншіктегі мүліктік кешендер, акционерлік қоғамдардың акциялары және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестері ретінде республикалық заңды тұлғалар тиісті саланың уәкілетті органымен келісілген мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның шешімі бойынша және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға не оны алмастыратын адам қол қойған өтінішхаттың (бұдан әрі – өтінішхат) негізінде астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), не аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігі) коммуналдық меншігіне беріледі.

      Республикалық заңды тұлғаны мүліктік кешен ретінде, республикалық меншіктегі акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестердің жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестерін коммуналдық меншікке беру туралы мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның шешімі, тиісті саланың уәкілетті органының келісімі және өтінішхат Сервисте қалыптастырылады және оларға ЭЦҚ пайдалана отырып қол қойылады.

      Тиісті саланың уәкілетті органы республикалық заңды тұлғаны мүліктік кешен ретінде, акционерлік қоғамдардың акцияларын және республикалық меншіктегі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестерін астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) не жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіне беру үшін мыналарды:

      1) республикалық меншіктегі акционерлік қоғамдардың акцияларының және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестерінің республикалық заңды тұлғаның меншік иесі туралы мәліметтерді (атауы, пошталық мекенжайы, телефоны, факсы, е-mail);

      2) Сервисте қалыптастырылған және ЭЦҚ пайдалана отырып қол қойылған республикалық заңды тұлғаны мүліктік кешен ретінде, республикалық меншіктегі акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестерін коммуналдық меншікке беру туралы тиісті саланың уәкілетті органының келісімін және әкімнің өтінішхатын;

      3) акциялары (қатысу үлестері) не мүліктік кешені мынадай құжаттардың көшірмелерін беру объектісі болып табылатын заңды тұлға бойынша:

      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті не анықтаманы;

      жарғыны;

      жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті (акционерлік қоғамдар үшін);

      бухгалтерлік баланс, активтер тізбесі, кредиторлық және дебиторлық берешектің толық жазылуы (тізімдемесі), сондай-ақ құқық белгілейтін құжаттардың, кадастрлық паспорттың, жер пайдалану құқығына актінің электрондық (сканерленген) көшірмелері, беру мерзімі күнтізбелік 10 (он) күннен аспайтын жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама (жылжымайтын мүлік туралы мәліметтерді электрондық себетке орналастырған кезде) электрондық себетке орналастырады.

      Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган құжаттарды электрондық себетке орналастырған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде республикалық заңды тұлғаны мүліктік кешен ретінде, республикалық меншіктегі акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестерін астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) не жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіне беру туралы шешім қабылдайды.

      8. Республикалық заңды тұлғалардың мүлкі:

      берілетін мүлік балансында тұрған республикалық заңды тұлғаны басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органымен келісілген мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның шешімі бойынша әкімнің өтінішхаты негізінде астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) не жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіне беріледі.

      Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның шешімі, тиісті саланың уәкілетті органының келісімі және әкімнің өтінішхаты Сервисте қалыптастырылады және оларға ЭЦҚ пайдалана отырып қол қойылады.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бекітілген мүлік Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шешімі бойынша өтінішхат негізінде коммуналдық меншікке беріледі.

      Баланс ұстаушы түгендеу бойынша есептің деректері негізінде электрондық себетке мыналарды қамтитын мемлекеттік мүлік туралы мәліметтерді орналастырады:

      1) мүліктің атауы, қысқаша сипаттамасы, орналасқан жері, бастапқы және баланстық құны, түгендеу нөмірі;

      2) Сервисте қалыптастырылған және оған ЭЦҚ пайдалана отырып қол қойылған мүлікті коммуналдық меншікке беруге тиісті саланың уәкілетті органының келісімі;

      3) құқық белгілейтін құжаттардың, кадастрлық паспорттың, жер пайдалану құқығына актінің электрондық (сканерленген) көшірмелері, беру мерзімі күнтізбелік 10 (он) күннен аспайтын жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама (жылжымайтын мүлік туралы мәліметтерді электрондық себетке орналастырған кезде);

      4) көлік құралын тіркеу туралы куәліктің, техникалық паспорттың электрондық (сканерленген) көшірмелері (көлік құралдары, арнайы техника туралы мәліметтерді электрондық себетке орналастырған кезде);

      5) сервисте оның бизнес-сәйкестендіру нөмірін таңдау жолымен мүлікті бекіту көзделетін коммуналдық заңды тұлғаның атауы. Осы мүлікті беру үшін нақты коммуналдық заңды тұлғаны айқындау мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органдардың орындауы үшін міндетті болып табылмайды.

      6) коммуналдық меншікке (жылжымайтын мүлік үшін) берілетін мүліктің техникалық жай-күйін көрсететін фотосуреттер, саны кемінде 5 (бес) дана (бар болса).

      Облыстық немесе аудандық уәкілетті органдар не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты баланс ұстаушы мемлекеттік мүлік туралы мәліметтерді электрондық себетке орналастырған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде ЭЦҚ пайдалана отырып қол қойылған мүлікті қабылдауға сервисте өтінім береді.

      Облыстық немесе аудандық уәкілетті органдар не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты мүлікті қабылдауға бір өтінімнен артық бермейді.

      Облыстық немесе аудандық уәкілетті органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының мүлкін қабылдауға арналған өтінімде осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген өлшемшарттар ескеріле отырып, мүлікті бекіту көзделетін коммуналдық заңды тұлға көрсетіледі және Сервисте қалыптастырылған және оған ЭЦҚ пайдалана отырып қол қойылған өтінішхат қоса беріледі.

      Облыстық немесе аудандық уәкілетті органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының өтінімі келіп түскені туралы электрондық хабарлама Сервис арқылы мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның электрондық поштасына жіберіледі.

      Баланс ұстаушы мемлекеттік мүлік туралы мәліметтерді электрондық себетке орналастырған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн өткен соң мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 10 (он) жұмыс күні ішінде мүлікті қабылдауға арналған өтінімдерді және оларға қоса берілген құжаттарды қарайды және республикалық заңды тұлғалардың мүлкін коммуналдық меншікке беру туралы шешім қабылдайды.

      Мүлікті қабылдауға бірнеше өтінім болған кезде осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келген жағдайда бірінші болып өтінім берген облыстық немесе аудандық уәкілетті орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараты басымдықты пайдаланады.

      9. Астана, облыс, республикалық маңызы бар қала немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншіктегі мүліктік кешендер, акционерлік қоғамдардың акциялары және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдарына қатысу үлестері ретінде коммуналдық заңды тұлғалар астана, облыс, республикалық маңызы бар қала немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігінің қаулысы және мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның республикалық меншікке қабылдау туралы шешімі негізінде республикалық меншікке беріледі.

      Коммуналдық заңды тұлғаны басқаруды жүзеге асыратын жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның келісімі және мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның коммуналдық заңды тұлғаны республикалық меншікке қабылдау туралы шешімі Сервисте қалыптастырылады және оларға ЭЦҚ пайдалана отырып қол қойылады.

      Облыстық немесе аудандық уәкілетті орган коммуналдық заңды тұлғаны мүліктік кешен ретінде, акционерлік қоғамдардың акцияларын және коммуналдық меншіктегі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін республикалық меншікке беру үшін мыналарды:

      1) коммуналдық меншіктегі акционерлік қоғамдардың акцияларының және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестерінің коммуналдық заңды тұрғаның меншік иесі туралы мәліметтерді (атауы, пошталық мекенжайы, телефоны, факсы, е-mail);

      2) Сервисте қалыптастырылған және оларға ЭЦҚ пайдалана отырып қол қойылған коммуналдық заңды тұлғаны мүліктік кешен ретінде, коммуналдық меншіктегі акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестерін республикалық меншікке беруді коммуналдық заңды тұлғаны басқаруды жүзеге асыратын жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның келісімін;

      3) акциялары (қатысу үлестері) не мүліктік кешені мынадай құжаттардың көшірмелерін беру объектісі болып табылатын заңды тұлға бойынша:

      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті не анықтаманы;

      жарғыны;

      жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті (акционерлік қоғамдар үшін);

      бухгалтерлік баланс, активтер тізбесі, кредиторлық және дебиторлық берешектің толық жазылуы (тізімдемесі), сондай-ақ құқық белгілейтін құжаттардың, кадастрлық паспорттың, жер пайдалану құқығына актінің электрондық (сканерленген) көшірмелері, беру мерзімі күнтізбелік 10 (он) күннен аспайтын жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама (жылжымайтын мүлік туралы мәліметтерді электрондық себетке орналастырған кезде);

      4) коммуналдық мемлекеттік заңды тұлғаны мүліктік кешен ретінде коммуналдық меншіктегі акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестерін республикалық меншікке беру туралы астана, облыс, республикалық маңызы бар қала немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігі қаулысының электрондық (сканерленген) көшірмелерін электрондық себетке орналастырады.

      Электрондық себетке орналастырылған құжаттарды қарау қорытындылары бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган электрондық себетке құжаттар орналастырылған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде коммуналдық мемлекеттік заңды тұлғаны мүліктік кешен ретінде, акционерлік қоғамдардың акцияларын және коммуналдық меншіктегі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестерін республикалық меншікке қабылдау туралы шешім қабылданады.

      10. Астана, облыс, республикалық маңызы бар қала немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық заңды тұлғалардың мүлкі мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша астана, облыс, республикалық маңызы бар қала немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігінің қаулысы негізінде республикалық меншікке беріледі.

      Коммуналдық заңды тұлғаның мүлкін республикалық меншікке беруге астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының келісімі, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның коммуналдық заңды тұлғаның мүлкін республикалық меншікке қабылдау туралы келісімі Сервисте қалыптастырылады және оларға ЭЦҚ пайдалана отырып қол қойылады.

      Коммуналдық заңды тұлғалардың мүлкі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің немесе оған ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың балансына Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісуі бойынша астана, облыс, республикалық маңызы бар қала немесе аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің қаулысы негізінде республикалық меншікке беріледі.

      Баланс ұстаушы түгендеу бойынша есептің деректері негізінде электрондық себетке мыналарды қамтитын мемлекеттік мүлік туралы мәліметтерді орналастырады:

      1) мүліктің атауы, қысқаша сипаттамасы, орналасқан жері, бастапқы және баланстық құны, түгендеу нөмірі;

      2) Сервисте қалыптастырылған және ЭЦҚ пайдалана отырып қол қойылған астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының мүлікті республикалық меншікке беруге келісімі;

      3) құқық белгілейтін құжаттардың, кадастрлық паспорттың, жер пайдалану құқығына актінің электрондық (сканерленген) көшірмелері, беру мерзімі күнтізбелік 10 (он) күннен аспайтын жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар)және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама (жылжымайтын мүлік туралы мәліметтерді электрондық себетке орналастырған кезде);

      4) көлік құралын тіркеу туралы куәліктің, техникалық паспорттың электрондық (сканерленген) көшірмелері (көлік құралдары, арнайы техника туралы мәліметтерді электрондық себетке орналастырған кезде);

      5) сервисте оның бизнес-сәйкестендіру нөмірін таңдау жолымен мүлікті бекіту көзделетін республикалық заңды тұлғаның атауы. Осы мүлікті беру үшін нақты республикалық заңды тұлғаны айқындау мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органдардың орындауы үшін міндетті болып табылмайды.

      6) республикалық меншікке берілетін мүліктің (жылжымайтын мүлік үшін) техникалық жай-күйін көрсететін фотосуреттер, саны кемінде 5 (бес) дана (бар болса).

      Тиісті саланың уәкілетті органдары баланс ұстаушы мемлекеттік мүлік туралы мәліметтерді электрондық себетке орналастырған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде сервисте ЭЦҚ пайдалана отырып қол қойылған мүлікті қабылдауға өтінім береді.

      Тиісті саланың уәкілетті органдары мүлікті қабылдауға бір өтінімнен артық бермейді.

      Тиісті саланың уәкілетті органының мүлкін қабылдауға арналған өтінімде осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген өлшемшарттар ескеріле отырып, мүлікті бекіту көзделетін республикалық заңды тұлға көрсетіледі және Сервисте қалыптастырылған және оған ЭЦҚ пайдалана отырып қол қойылған мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның келісімі немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі келісімінің электрондық (сканерленген) көшірмесі қоса беріледі.

      Тиісті саланың уәкілетті органының өтінімі келіп түскені туралы электрондық хабарлама Сервис арқылы облыстық немесе аудандық уәкілетті органның электрондық поштасына жіберіледі.

      Баланс ұстаушы мемлекеттік мүлік туралы мәліметтерді электрондық себетке орналастырған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн өткен соң астана, облыс, республикалық маңызы бар қала немесе аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі 10 (он) жұмыс күні ішінде мүлікті қабылдауға арналған өтінімдерді және оларға қоса берілген құжаттарды қарайды және коммуналдық заңды тұлғалардың мүлкін республикалық меншікке беру туралы шешім қабылдайды.

      Мүлікті қабылдауға бірнеше өтінім болған кезде, осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келген жағдайда, бірінші болып өтінім берген салаға сәйкес келетін уәкілетті орган басымдықты пайдаланады.

      11. Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғалары коммуналдық меншіктегі мүліктік кешендер ретінде жергілікті қоғамдастық жиналысымен және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімімен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының шешімі және мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның республикалық меншікке қабылдау туралы шешімі негізінде республикалық меншікке беріледі.

      Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаны республикалық меншікке қабылдау туралы тиісті саланың уәкілетті органының келісімі және мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның шешімі Сервисте қалыптастырылады және оларға ЭЦҚ пайдалана отырып қол қойылады.

      Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғасын мүліктік кешен ретінде, акционерлік қоғамдардың акцияларын және коммуналдық меншіктегі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестерін республикалық меншікке беру үшін мыналарды:

      1) жегілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі акционерлік қоғамдардың акцияларының және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестерінің жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғасының меншік иесі туралы мәліметтерді (атауы, пошталық мекенжайы, телефоны, факсы, е-mail);

      2) Сервисте қалыптастырылған және оған ЭЦҚ пайдалана отырып қол қойылған жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мемлекеттік заңды тұлғаның мүліктік кешенін, коммуналдық меншіктегі акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестерін республикалық меншікке берудің тиісті саланың уәкілетті органының келісімін;

      3) акциялары (қатысу үлестері) не мүліктік кешені мынадай құжаттардың көшірмелерін беру объектісі болып табылатын заңды тұлға бойынша:

      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті не анықтаманы;

      жарғыны;

      жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті (акционерлік қоғамдар үшін);

      бухгалтерлік баланс, активтер тізбесі, кредиторлық және дебиторлық берешектің толық жазылуы (тізімдемесі), сондай-ақ құқық белгілейтін құжаттардың, кадастрлық паспорттың, жер пайдалану құқығына актінің электрондық (сканерленген) көшірмелері, беру мерзімі күнтізбелік 10 (он) күннен аспайтын жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама (жылжымайтын мүлік туралы мәліметтерді электрондық себетке орналастырған кезде);

      4) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының жергілікті қоғамдастық жиналысымен және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімімен келісу бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғасын мүліктік кешен ретінде, акционерлік қоғамдардың акцияларын және коммуналдық меншіктегі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін республикалық меншікке беру туралы шешімінің электрондық (сканерленген) көшірмелерін электрондық себетке орналастырылады.

      Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган құжаттарды электрондық себетке орналастырған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғасын мүліктік кешен ретінде, акционерлік қоғамдардың акцияларын және коммуналдық меншіктегі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін республикалық меншікке қабылдау туралы шешім қабылдайды.

      12. Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының мүлкі мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен келісілген аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының шешімі негізінде республикалық меншікке беріледі.

      Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаның мүлікті республикалық меншікке қабылдау туралы мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның, мүлікті республикалық меншікке беруге аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының келісімі Сервисте қалыптастырылады және оған ЭЦҚ пайдалана отырып қол қойылады.

      Баланс ұстаушы түгендеу бойынша есептің деректері негізінде электрондық себетке мыналарды қамтитын мемлекеттік мүлік туралы мәліметтерді орналастырады:

      1) мүліктің атауы, қысқаша сипаттамасы, орналасқан жері, бастапқы және баланстық құны, түгендеу нөмірі;

      2) Сервисте қалыптастырылған және ЭЦҚ пайдалана отырып қол қойылған аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының мүлікті республикалық меншікке беруге келісімі;

      3) құқық белгілейтін құжаттардың, кадастрлық паспорттың, жер пайдалану құқығына актінің электрондық (сканерленген) көшірмелері, беру мерзімі күнтізбелік 10 (он) күннен аспайтын жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар)және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама (жылжымайтын мүлік туралы мәліметтерді электрондық себетке орналастырған кезде);

      4) көлік құралын тіркеу туралы куәліктің, техникалық паспорттың электрондық (сканерленген) көшірмелері (көлік құралдары, арнайы техника туралы мәліметтерді электрондық себетке орналастырған кезде);

      5) сервисте оның бизнес-сәйкестендіру нөмірін таңдау жолымен мүлікті бекіту көзделетін республикалық заңды тұлғаның атауы. Осы мүлікті беру үшін нақты республикалық заңды тұлғаны айқындау мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органдардың орындауы үшін міндетті болып табылмайды.

      6) коммуналдық меншікке (жылжымайтын мүлік үшін) берілетін мүліктің техникалық жай-күйін көрсететін фотосуреттер, саны кемінде 5 (бес) дана (бар болса).

      Тиісті саланың уәкілетті органдары баланс ұстаушы мемлекеттік мүлік туралы мәліметтерді электрондық себетке орналастырған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде сервисте ЭЦҚ пайдалана отырып қол қойылған мүлікті қабылдауға өтінім береді.

      Тиісті саланың уәкілетті органдары мүлікті қабылдауға бір өтінімнен артық бермейді.

      Тиісті саланың уәкілетті органының мүлкін қабылдауға арналған өтінімде осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген өлшемшарттар ескеріле отырып, мүлікті бекіту көзделетін республикалық заңды тұлға көрсетіледі және Сервисте қалыптастырылған және оған ЭЦҚ пайдалана отырып қол қойылған мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның келісімі немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі келісімінің электрондық (сканерленген) көшірмесі қоса беріледі.

      Тиісті саланың уәкілетті органының өтінімі келіп түскені туралы электрондық хабарлама Сервис арқылы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының электрондық поштасына жіберіледі.

      Баланс ұстаушы мемлекеттік мүлік туралы мәліметтерді электрондық себетке орналастырған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн өткен соң аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты 10 (он) жұмыс күні ішінде мүлікті қабылдауға арналған өтінімдерді және оларға қоса берілген құжаттарды қарайды және жергілікті өзін-өзі басқару маңызы бар коммуналдық заңды тұлғалардың мүлкін республикалық меншікке беру туралы шешім қабылдайды.

      Мүлікті қабылдауға бірнеше өтінім болған кезде, осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келген жағдайда, бірінші болып өтінім берген салаға сәйкес келетін уәкілетті орган басымдықты пайдаланады.

      13. ЭЦҚ пайдалана отырып, мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру туралы шешім қабылданғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде беруші және қабылдаушы тараптардың уәкілетті лауазымды адамдары мүлікті қабылдау-беру актісіне (беру актісіне) қол қояды және оны мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және облыстық уәкілетті орган немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының уәкілетті лауазымды адамдары бекітеді.

      Мүлікке мүліктік құқықтарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) Сервистің цифрлық жүйелерімен және жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу, көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу, ауыл шаруашылығы техникасын мемлекеттік тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың мемлекеттік дерекқорларымен интеграциялық өзара іс-қимыл арқылы жүзеге асырылады, атап айтқанда:

      1) "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" цифрлық жүйесімен – берілетін жылжымайтын мүлік объектілері мен жер учаскелеріне қатысты;

      2) "Автомобиль" мемлекеттік деректер базасымен – берілетін көлік құралдарына қатысты;

      3) ауыл шаруашылығы техникасының мемлекеттік тізілімімен – берілетін ауыл шаруашылығы техникасына қатысты.

      14. Қабылдау-тапсыру актісінде:

      1) актінің жасалған орны мен күні;

      2) тараптардың мүдделерін білдіруге уәкілеттік берілген өкілдеріне құжаттардың атауы мен деректемелері;

      3) олардың негізінде мүлікті беру және қабылдау жүргізілетін құжаттардың нөмірі мен күні;

      4) мүліктің атауы, оның сипаттамасы, саны, орналасқан жері, бастапқы және баланстық құны;

      5) беруші және қабылдаушы тараптар комиссиясының құрамы (лауазымы, қолы, қолтанбаның толық жазылуы).

      15. Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінің 62-бабы 2-тармағына сәйкес тізілімде қалыптастырылатын электрондық құжаттар қағаз жеткізгіштегі құжаттарға тең.

      Тізілімде қалыптастырылатын электрондық құжаттардың анықтығын тексеру тізілімнің веб-порталы арқылы жүргізіледі.

      16. Мемлекеттік құпиялар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәліметтері мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру жөніндегі рәсімдер құжаттар қағаз түрінде ресімделе отырып жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады