ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.07.2026 бастап күшіне енеді.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік қаржының жай-күйі туралы болжамды мәліметтерді есептеу әдістемесін және Үкіметтік борыштың, жергілікті атқарушы органдар борышының, мемлекеттік кепілдіктер беру, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру, жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, мемлекет кепілгерлігін беру, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы борышының лимиттерін айқындау, сыртқы қарыздарды тарту құқығы берілген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өлшемшарттарын айқындау және тізбесін қалыптастыру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 27 мамырдағы № 37 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік қаржының жай-күйі туралы болжамды мәліметтерді есептеу әдістемесінде:
6-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"BW – астана бюджетінен, облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қалалар бюджеттерінен республикалық бюджетке трансферттер;";
8-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Бюджеттік алып қоюларды болжау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген индекстеуді және өңірдегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың болжамды санын қолдана отырып жүзеге асырылады.";
үшінші және алтыншы абзацтардың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
37-тармақтың сегізінші абзацының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
38-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Үкіметтік борыштың, жергілікті атқарушы органдар борышының, мемлекеттік кепілдіктер беру, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру, жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, мемлекет кепілгерліктерін беру, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы борышының лимиттерін айқындау, сыртқы қарыздарды тарту құқығы берілген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өлшемшарттарын айқындау және тізбесін қалыптастыру әдістемесінде:
3-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
23 және 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Тиісті үш жылдық жоспарлы кезеңге арналған жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимиті астана бюджетінің, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала бюджетінің кірісін ескере отырып, бюджеттік саясат жөніндегі уәкілетті орган тиісті үш жылдық жоспарлы кезеңге қалыптастырады және шекті шектеу болып табылады.
24. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимиті салықтық және салықтық емес түсімдердің және жалпы сипаттағы трансферттерді есепке ала отырып, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің көлеміне сәйкес келетін астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы бюджетінің кірістерін негізге ала отырып қалыптастырылады.";
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"k – астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары үшін түзету коэффициенті, оның ішінде:"
жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"астананың, облыстың жергілікті атқарушы органдары үшін, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары үшін олар өткізу қабілеті сағатына 400 жолаушыдан кем емес аэровокзалы бар әуежай салу, инновациялық орталығы бар академиялық қалашық, оның ішінде ғылыми-зерттеу институтын құру бойынша жобаны іске асырған жағдайда k = 0,5.";
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Қажет болған жағдайда жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимитін нақтылау тиісті қаржы жылы ішінде астананың бюджетін, облыстың бюджетін, республикалық маңызы бар қаланың бюджетін нақтылау кезінде жүргізіледі.".
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бюджет саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы |
А. Амрин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
