Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 47-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар бекітілсін:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қаржының жай-күйі туралы болжамды мәліметтерді есептеу әдістемесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Үкіметтік борыштың, жергілікті атқарушы органдар борышының, мемлекеттік кепілдіктер беру, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, мемлекет кепілгерліктерін беру, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы борышының лимиттерін айқындау, сыртқы қарыздарды тарту құқығы берілген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өлшемшарттарын айқындау және тізбесін қалыптастыру әдістемесі.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бюджет саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі |
С. Жұманғарин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
Бұйрыққа 1-қосымша |
Мемлекеттік қаржының жай-күйі туралы болжамды мәліметтерді есептеу әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік қаржының жай-күйі туралы болжамды мәліметтерді есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 47-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және республикалық, мемлекеттік және шоғырландырылған бюджеттерді, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі – Ұлттық қор) параметрлерін, мемлекеттік сектордың борыштық міндеттемелерін, сондай-ақ бюджеттік қағидалар бойынша шектер мен нысаналы бағдарларды қоса алғанда, мемлекеттік қаржының параметрлерін болжау үшін бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) қолданады.
2. Мемлекеттік қаржы параметрлерінің болжамын қалыптастыру мерзімдері мен кезеңдері Бюджет кодексінің 50 және 51-баптарының 6-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді даму болжамын және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеуге тәуелді болады.
3. Мемлекеттік қаржының болжамды параметрлерін қалыптастыруды уәкілетті орган мемлекеттік органдар ұсынған болжамды деректер негізінде жүзеге асырады.
2-тарау. Бюджет параметрлерінің болжамы
1-параграф. Республикалық бюджет параметрлерінің болжамы
4. Жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджеттің түсімдері (қарыздар түсімін есепке алмағанда) кірістер (трансферттерді есепке алмағанда), трансферттердің түсімдері мен бюджеттік кредиттерді өтеу сомалары бойынша болжамды деректер негізінде мынадай формула бойынша есептеледі:
R = I + RT + RBL, мұндағы
R – республикалық бюджеттің түсімдері (қарыздардың түсуін есепке алмағанда);
I – республикалық бюджеттің кірістері (трансферттерді есепке алмағанда);
RT – трансферттердің түсімдері;
RBL – бюджеттік кредиттерді өтеу.
5. Республикалық бюджеттің кірістері (трансферттерді есепке алмағанда) Бюджет кодексінің 52-бабының 2-тармағына сәйкес есептеледі.
6. Трансферттер түсімдері мынадай формула бойынша есептеледі:
RT = GT+ TT + BW + SF, мұндағы
RT – трансферттердің түсімдері;
GT – Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт;
ТТ – Ұлттық қордан республикалық бюджетке нысаналы трансферт;
BW – облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінен республикалық бюджетке трансферттер;
SF – Арнаулы мемлекеттік қордан республикалық бюджетке трансферт.
7. Ұлттық қордан берілетін нысаналы трансферт Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша баламалы қаржыландыру көздері болмаған кезде Бюджет кодексінің 61-бабының 1-тармағына сәйкес жалпыелдік маңызы бар аса маңызды объектілер мен жобаларды қаржыландыруға бөлінеді.
8. Жергілікті бюджеттен республикалық бюджетке бюджеттік алып қоюлар Бюджет кодексінің 80-бабының 2-тармағына сәйкес есептеледі.
Бюджеттік алып қоюларды болжау Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген индекстеуді және өңірдегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың болжамды санын қолдана отырып жүзеге асырылады.
9. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын, бюджеттен алынған кредиттер бойынша негізгі борышты қайтаруға, сондай-ақ заңды тұлғалардың төленген мемлекеттік кепілдіктер, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер жөніндегі талаптарды қайтаруына байланысты бюджетке түсетін түсімдер бюджеттік кредиттерді өтеу сомалары болып табылады.
10. Республикалық бюджет тапшылығының (профицитінің) жалпы ішкі өнімге (бұдан әрі – ЖІӨ) қатынасы мынадай формула бойынша есептеледі:
%Def = Def / GDP * 100, мұндағы
%Def – ЖІӨ-ге қатысты республикалық бюджеттің тапшылығы (профициті);
Def – республикалық бюджеттің тапшылығы (профициті);
GDP – ЖІӨ-нің номиналды көлемі.
11. Республикалық бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) Ұлттық қордан трансферттер түсімдерін, шикі мұнайды шығару кедендік бажын және республикалық бюджет шығыстарын (қарыздарды өтеуді есепке алмағанда) қоспағанда, республикалық бюджетке түсетін түсімдер (қарыздар түсімін есепке алмағанда) арасындағы айырмаға тең және мынадай формула бойынша есептеледі:
NDef = R - GT- TT - ECDCO - E, мұндағы
NDef – республикалық бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті);
R – республикалық бюджеттің түсімдері (қарыздардың түсуін есепке алмағанда);
GT – Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт;
ТТ – Ұлттық қордан республикалық бюджетке нысаналы трансферт;
ECDCO – шикі мұнайды шығаруға кедендік баж;
E – республикалық бюджеттің шығыстары (қарыздарды өтеуді есепке алмағанда).
12. Республикалық бюджеттің аналитикалық кеңейтілген мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) (Ұлттық қордың қазақстандық эмитенттердің облигацияларын сатып алуын ескере отырып) Ұлттық қордан трансферттер түсімдерін, шикі мұнайды шығару кедендік бажын, Ұлттық қор сатып алған қазақстандық эмитенттердің үлестік құралдарынан республикалық бюджеттің түсімдерін, Ұлттық қорға салықтарды аударатын мұнай секторы ұйымдарының тізбесін өзгертуге байланысты республикалық бюджет түсімдерін және республикалық бюджет шығыстарын (қарыздарды өтеуді есепке алмағанда) қоспағанда, республикалық бюджетке түсетін түсімдер (қарыздар түсімін есепке алмағанда) арасындағы айырмаға тең және мынадай формула бойынша есептеледі:
ENDef = R - GT - TT - ECDCO - RBIEI - ROS-E - RBNF, мұндағы
ENDef – республикалық бюджеттің кеңейтілген мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті);
R – республикалық бюджеттің түсімдері (қарыздардың түсуін есепке алмағанда);
GT – Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт;
ТТ – Ұлттық қордан республикалық бюджетке нысаналы трансферт;
ECDCO – шикі мұнайды шығаруға кедендік баж;
RBIEI – Ұлттық қор сатып алған қазақстандық эмитенттердің үлестік құралдарынан республикалық бюджеттің түсімдері;
ROS – Ұлттық қорға салықтарды аударатын мұнай секторы ұйымдарының тізбесін өзгертуге байланысты республикалық бюджет түсімдері;
E – республикалық бюджеттің шығыстары (қарыздарды өтеуді есепке алмағанда);
RBNF – Ұлттық қордың Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің деректеріне сәйкес мәміле құны бойынша қазақстандық эмитенттердің облигацияларын сатып алуы.
13. Жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджеттің шығыстары (қарыздарды өтеуді есепке алмағанда) мынадай формула бойынша есептеледі:
E = R-Def, мұндағы
Е – республикалық бюджеттің шығыстары (қарыздарды өтеуді есепке алмағанда);
R – республикалық бюджеттің түсімдері (қарыздардың түсуін есепке алмағанда);
Def – республикалық бюджеттің тапшылығы (профициті).
2-параграф. Мемлекеттік бюджет параметрлерінің болжамы
14. Мемлекеттік бюджет олардың арасындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіреді.
15. Жоспарлы кезеңге арналған мемлекеттік бюджеттің түсімдері (қарыздар түсімін есепке алмағанда) мемлекеттік бюджеттің кірістері (трансферттерді есепке алмағанда), трансферттердің түсімдері, бюджеттік кредиттерді өтеу сомалары және мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсімдер бойынша болжамды деректер негізінде мынадай формула бойынша есептеледі:
RS = IS + RTS + RBLS, мұндағы
RS – мемлекеттік бюджет түсімдері (қарыздар түсімін есепке алмағанда);
IS – мемлекеттік бюджеттің кірістері (трансферттерді есепке алмағанда);
RTS – трансферттер түсімдері;
RBLS – мемлекеттік бюджетке бюджеттік кредиттерді өтеу.
16. Мемлекеттік бюджеттің кірістері (трансферттерді есепке алмағанда) Бюджет кодексінің 52-бабының 2-тармағына сәйкес есептеледі.
17. Трансферттер түсімдері мынадай формула бойынша есептеледі:
RTS = GT + TT + SF, мұндағы
RTS – трансферттер түсімдері;
GT – Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт;
ТТ – Ұлттық қордан республикалық бюджетке нысаналы трансферт.
SF – Арнаулы мемлекеттік қордан республикалық бюджетке трансферт.
18. Мемлекеттік бюджет тапшылығының (профицитінің) ЖІӨ-ге қатынасы мынадай формула бойынша есептеледі:
%Defs = Defs / GDP * 100, мұндағы
%Defs – ЖІӨ-ге қатысты мемлекеттік бюджеттің тапшылығы (профициті);
Defs – мемлекеттік бюджеттің тапшылығы (профициті);
GDP – ЖІӨ-нің номиналды көлемі.
19. Мемлекеттік бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) Ұлттық қордан трансферттер түсімдерін, шикі мұнайды шығаруға кедендік бажды және мемлекеттік бюджет шығыстарын (қарыздарды өтеуді есепке алмағанда) қоспағанда, мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер (қарыздар түсімін есепке алмағанда) арасындағы айырмаға тең және мынадай формула бойынша есептеледі:
Ndefs = RS - GT- TT - ECDCO - ES, мұндағы
Ndefs – мемлекеттік бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті);
RS – мемлекеттік бюджет түсімдері (қарыздар түсімін есепке алмағанда);
GT – Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт;
ТТ – Ұлттық қордан республикалық бюджетке нысаналы трансферт;
ECDCO – шикі мұнайды шығаруға кедендік баж;
ES – мемлекеттік бюджеттің шығыстары (қарыздарды өтеуді есепке алмағанда).
20. Мемлекеттік бюджеттің аналитикалық кеңейтілген мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) (Ұлттық қордың қазақстандық эмитенттердің облигацияларын сатып алуын ескере отырып) Ұлттық қордан трансферттер түсімдерін, шикі мұнайды шығару кедендік бажын, Ұлттық қор сатып алған қазақстандық эмитенттердің үлестік құралдарынан республикалық бюджеттің түсімдерін, Ұлттық қорға салықтарды аударатын мұнай секторы ұйымдарының тізбесін өзгертуге байланысты республикалық бюджет түсімдерін және мемлекеттік бюджет шығыстарын (қарыздарды өтеуді есепке алмағанда) қоспағанда, мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер (қарыздар түсімін есепке алмағанда) арасындағы айырмаға тең және мынадай формула бойынша есептеледі:
ENDefS = RS - GT - TT - ECDCO - RBIEI - ROS- ES - RBNF, мұндағы
ENDefS – мемлекеттік бюджеттің кеңейтілген мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті);
RS – мемлекеттік бюджеттің түсімдері (қарыздардың түсуін есепке алмағанда);
GT – Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт;
ТТ – Ұлттық қордан республикалық бюджетке нысаналы трансферт;
ECDCO – шикі мұнайды шығаруға кедендік баж;
RBIEI – Ұлттық қор сатып алған қазақстандық эмитенттердің үлестік құралдарынан республикалық бюджеттің түсімдері;
ROS – Ұлттық қорға салықтарды аударатын мұнай секторы ұйымдарының тізбесін өзгертуге байланысты республикалық бюджет түсімдері;
ES – мемлекеттік бюджеттің шығыстары (қарыздарды өтеуді есепке алмағанда);
RBNF – Ұлттық қордың Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің деректеріне сәйкес мәміле құны бойынша қазақстандық эмитенттердің облигацияларын сатып алуы.
21. Жоспарлы кезеңге арналған мемлекеттік бюджеттің шығыстары (қарыздарды өтеуді есепке алмағанда) мынадай формула бойынша есептеледі:
ES = RS - Def, мұндағы
ES – мемлекеттік бюджет шығыстары (қарыздарды өтеуді есепке алмағанда);
RS – мемлекеттік бюджет түсімдері (қарыздар түсімін есепке алмағанда);
Def – республикалық бюджеттің тапшылығы (профициті).
3-параграф. Шоғырландырылған бюджет параметрлерінің болжамы
22. Шоғырландырылған бюджеттің болжамы мемлекеттік бюджетті, Ұлттық қордың түсімдері мен шығыстарын, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының және және Арнаулы мемлекеттік қордың түсімдері мен шығыстарын, олардың арасындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмай, біріктіреді.
23. Жоспарлы кезеңге шоғырландырылған бюджет түсімдері (қарыздар түсімін есепке алмағанда) мынадай формула бойынша есептеледі:
RCB = (RS + RNFRT + RSIF + RSHIF + RSSF) - GT- TT - TSSF, мұндағы
RCB – шоғырландырылған бюджет түсімдері (қарыздар түсімін есепке алмағанда);
RS – мемлекеттік бюджет түсімдері (қарыздар түсімін есепке алмағанда);
RNFRT – Ұлттық қордың түсімдері (республикалық бюджеттен трансферттерді қайтарудан түсетін түсімдерді есепке алмағанда);
RSIF – Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының түсімдері;
RSHIF – Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының түсімдері (мемлекеттік жарналардан түсетін түсімдерді және республикалық бюджеттен әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне медициналық көмек көрсеткені үшін денсаулық сақтау субъектілеріне көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге арналған қордың шығындарын өтеуге арналған трансферттерді есепке алмағанда);
RSSF - Арнаулы мемлекеттік қордың түсімдері;
GT – Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт;
ТТ – Ұлттық қордан республикалық бюджетке нысаналы трансферт;
TSSF – Арнаулы мемлекеттік қордан республикалық бюджетке трансферт.
24. Жоспарлы кезеңге шоғырландырылған бюджеттің шығыстары (қарыздарды өтеуді есепке алмағанда) мынадай формула бойынша есептеледі:
ECB = ESS + TSt + ERMFAEA + ESIF + ESHIF, мұндағы
ECB – шоғырландырылған бюджет шығыстары (қарыздарды өтеуді есепке алмағанда);
ESS – мемлекеттік бюджеттің шығыстары (қарыздарды өтеуді, республикалық бюджеттен Ұлттық қорға трансферттерді, мемлекет жарналарын және Қордың әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне республикалық бюджеттен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына медициналық көмек көрсеткені үшін денсаулық сақтау субъектілеріне көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге жұмсаған шығындарын өтеуге арналған трансферттерді есептемегенде);
TSt – нысаналы талаптар сомасын қамтитын міндеттемелер;
ERMFAEA – Ұлттық қорды басқаруға және жыл сайынғы аудитті жүргізуге байланысты шығыстар;
Esif – Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының шығыстары;
ESHIF – Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының шығыстары.
25. Шоғырландырылған бюджет балансы мынадай формула бойынша есептеледі:
BCB = RCB-ECB, мұндағы
BCB – шоғырландырылған бюджет балансы;
RCB – шоғырландырылған бюджет түсімдері (қарыздар түсімін есепке алмағанда);
ECB – шоғырландырылған бюджет шығыстары (қарыздарды өтеуді есепке алмағанда).
26. Шоғырландырылған бюджеттің мұнайға қатысты емес балансы (Ұлттық қордың қазақстандық эмитенттердің облигацияларын сатып алуын ескере отырып) мынадай формула бойынша есептеледі:
NBCB = RCB - ECB - ORCB - RBNF, мұндағы
NBCB – шоғырландырылған бюджеттің мұнайға қатысты емес балансы;
RCB – шоғырландырылған бюджет түсімдері (қарыздар түсімін есепке алмағанда);
ECB – шоғырландырылған бюджет шығыстары (қарыздарды өтеуді есепке алмағанда);
ORCB – шоғырландырылған бюджеттің мұнай түсімдері;
RBNF – Ұлттық қордың Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің деректеріне сәйкес мәміле құны бойынша қазақстандық эмитенттердің облигацияларын сатып алуы.
27. Шоғырландырылған бюджеттің мұнай түсімдері мынадай формула бойынша есептеледі:
ORCB = OS + ECDCO + RBIEI + ROS, мұндағы
ORCB – шоғырландырылған бюджеттің мұнай түсімдері;
OS – мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдер;
ECDCO – шикі мұнайды шығаруға кедендік баж.
RBIEI – Ұлттық қор сатып алған қазақстандық эмитенттердің үлестік құралдарынан республикалық бюджеттің түсімдері;
ROS – Ұлттық қорға салықтарды аударатын мұнай секторы ұйымдарының тізбесін өзгертуге байланысты республикалық бюджет түсімдері.
28. Шоғырландырылған бюджеттің мұнайға қатысты емес түсімдері мынадай формула бойынша есептеледі:
NORCB = RCB-ORCB, мұндағы
NORCB – шоғырландырылған бюджеттің мұнайға қатысты емес түсімдері;
RCB – шоғырландырылған бюджет түсімдері (қарыздар түсімін есепке алмағанда);
ORCB – шоғырландырылған бюджеттің мұнай түсімдері.
3-тарау. Ұлттық қор параметрлерінің болжамы
29. Ұлттық қордың жоспарлы кезеңге түсетін түсімдері мынадай формула бойынша есептеледі:
RNF = OS + RP + II + OIINPL, мұндағы
RNF – Ұлттық қордың түсімдері;
OS – мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдер;
RP – республикалық меншікті жекешелендіруден түсетін түсімдер;
II – Ұлттық қорды басқарудан түскен инвестициялық кірістер;
OIINPL – заңмен тыйым салынбаған басқа да түсімдер мен кірістер.
30. Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдер Бюджет кодексінің 52-бабының 2-тармағына сәйкес есептеледі.
31. Жоспарлы кезеңге Ұлттық қорды басқарудан түсетін инвестициялық кірістер мынадай формула бойынша есептеледі:
II = K * (CAt * SR) / 100, мұндағы
II – Ұлттық қорды басқарудан түскен инвестициялық кірістер миллиард теңгеде;
K – Ұлттық қордың жоспарлы кезеңге арналған инвестициялық табысының орташа жылдық деңгейі;
CAt – Ұлттық қордың жоспарлы кезеңнің алдындағы жылдың соңындағы таза валюталық активтері, миллиард АҚШ долларында;
SR – теңгенің АҚШ долларына шаққандағы есептік бағамы.
32. Ұлттық қорды жоспарлы кезеңге пайдалану мынадай формула бойынша есептеледі:
U = GT + TT + TRt + ERMFAEA, мұндағы
U – Ұлттық қорды пайдалану;
GT – Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт;
ТТ – Ұлттық қордан республикалық бюджетке нысаналы трансферт;
TRt – нысаналы талаптарды төлеуге арналған шығыстар;
ERMFAEA – Ұлттық қорды басқаруға және жыл сайынғы аудит жүргізуге байланысты шығыстар.
33. Ұлттық қорды басқаруға және жыл сайынғы аудитті жүргізуге байланысты шығыстар жоспарлы кезеңге мынадай формула бойынша есептеледі:
ERMFAEA = ERMFAEAt / FRt-1 * FRt, мұндағы
ERMFAEA – Ұлттық қорды басқаруға және жыл сайынғы аудитті жүргізуге байланысты шығыстар;
ERMFAEAt – Ұлттық қорды басқаруға және жоспарлы кезеңге дейінгі қаржы жылының жыл сайынғы аудитін жүргізуге байланысты шығыстар;
FRt-1 – жоспарлы кезеңнің алдындағы екінші қаржы жылының соңындағы Ұлттық қордың таза қаражаты;
FRt – жоспарлы кезеңнің алдындағы жылдың соңындағы Ұлттық қордың таза қаражаты.
34. Ұлттық қорға таза түсімдер Ұлттық қорға түсімдер мен Ұлттық қорды пайдалану арасындағы айырма ретінде мынадай формула бойынша есептеледі:
NIF = RNF - U, мұндағы
NIF – Ұлттық қорға таза түсімдер;
RNF – Ұлттық қордың түсімдері;
U – Ұлттық қорды пайдалану.
35. Ұлттық қордың активтерін пайдалану, талдау және болжау мақсатында Ұлттық қордың таза активтерінің, яғни нысаналы талаптар сомасын қамтитын міндеттемелерді шегергендегі активтердің мөлшері пайдаланылады.
36. Нысаналы талаптар сомасын қамтитын міндеттемелер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қаңтардағы № 16 қаулысымен бекітілген, Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтарды және нысаналы жинақ төлемдерін қалыптастыру мен есепке алу, сондай-ақ нысаналы талаптарды есепке жазу қағидалары және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұсыныстарын есептеу ескеріле отырып есептеледі.
37. Ұлттық қордың жоспарлы кезең соңындағы таза валюталық активтері мынадай формула бойынша есептеледі:
CA = CAt - TR + (NIF– RF) / SR, мұндағы
CA – жоспарлы кезеңнің соңында Ұлттық қордың таза валюталық активтері миллиард АҚШ долларында;
CAt – Ұлттық қордың жоспарлы кезеңнің алдындағы жылдың соңындағы таза валюталық активтері, миллиард АҚШ долларында;
TR – жоспарлы кезеңде есептелетін нысаналы талаптар сомасы, миллиард АҚШ долларында;
NIF – Ұлттық қорға таза түсімдер;
RF – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің деректеріне сәйкес мәміле құны бойынша қазақстандық эмитенттердің акциялары мен облигацияларын сатып алу;
SR – теңгенің АҚШ долларына шаққандағы есептік бағамы.
38. Ұлттық қордың жоспарлы кезең соңындағы таза қаражаты мынадай формула бойынша есептеледі:
FR = (CAn * SR) + RТt + RFmt + RFm, мұндағы,
FR – жоспарлы кезеңнің соңында Ұлттық қордың таза қаражаты миллиард теңгеде;
CAn – жоспарлы кезеңнің соңында Ұлттық қордың таза валюталық активтері миллиард АҚШ долларында;
SR – теңгенің АҚШ долларына шаққандағы есеп айырысу бағамы;
RТt – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректеріне және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілетін есепті жылдағы Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану туралы есепке сәйкес есепті жыл үшін Ұлттық Қордың ағымдағы шотындағы теңгедегі ақша қалдығы;
RFmt – Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілетін есепті жылдағы Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану туралы есепке және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректеріне сәйкес есепті жылдағы қазақстандық эмитенттердің акциялары мен облигацияларының теңгелік портфелі (әділ (нарықтық) құнында ескеріледі);
RFm – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің деректеріне сәйкес қазақстандық эмитенттердің акциялары мен облигацияларын сатып алу (әділ (нарықтық) құнында ескеріледі).
4-тарау. Мемлекеттік сектордың борыштық міндеттемелерінің болжамы
39. Тиісті жоспарлы кезеңге арналған мемлекеттік борыштың болжамы мынадай формулаға сәйкес есептеледі:
Sdt – тиісті жоспарлы кезеңге арналған мемлекеттік қарыздың болжамы;
GRt – Қазақстан Республикасының Үкіметі тиісті жоспарлы кезеңге алған мемлекеттік қарыздардың сомасы;
GOt – Қазақстан Республикасының Үкіметі тиісті жоспарлы кезеңге өтемеген мемлекеттік қарыздардың сомасы;
LREGt – тиісті жоспарлы кезеңге Қазақстан Республикасы Үкіметінен алынған қарыздарды есепке алмағанда жергілікті атқарушы органның алынған қарыздарының сомасы;
LOEGt – тиісті жоспарлы кезеңге Қазақстан Республикасының Үкіметі алдындағы өтелмеген қарыздарды есепке алмағанда жергілікті атқарушы органның өтелмеген қарыздарының сомасы;
Sdt – ≤ % Тұжырымдамада көзделген жалпы ішкі өнімге белгіленген шектен аспауы тиіс;
t – кезең.
40. Тиісті жоспарлы кезеңге арналған үкіметтік борыштың болжамды мәні мынадай формулаға сәйкес есептеледі:
Gdt – тиісті жоспарлы кезеңге арналған үкіметтік борыш;
GRt – тиісті жоспарлы кезеңге арналған Қазақстан Республикасының Үкіметі алған мемлекеттік қарыздардың сомасы;
GOt – тиісті жоспарлы кезеңге арналған Қазақстан Республикасының Үкіметі өтемеген мемлекеттік қарыздардың сомасы;
Gdt – ≤ % Тұжырымдамада көзделген жалпы ішкі өнімге белгіленген шектен аспауы тиіс;
t – кезең.
41. Тиісті жоспарлы кезеңге арналған жергілікті атқарушы органдар борышының болжамды мәні мынадай формулаға сәйкес есептеледі:
Ldt – тиісті жоспарлы кезеңге арналған жергілікті атқарушы органдардың борышы;
LRt – тиісті жоспарлы кезеңге арналған жергілікті атқарушы органның алған қарыздарының сомасы;
LOt – тиісті жоспарлы кезеңге арналған жергілікті атқарушы органның өтелмеген қарыздарының сомасы;
t – кезең.
Жергілікті атқарушы органның борышын өтеуге және оған қызмет көрсетуге арналған шығыстар көлемінің болжамы жергілікті бюджет кірістері (жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттерді есепке алмағанда) сомасының он пайызына тең мөлшерден аспауға тиіс:
AERSt ≤ 0,10×It, мұндағы
AERSt – тиісті жоспарлы кезеңге жергілікті атқарушы органның борышын өтеуге және оған қызмет көрсетуге арналған шығыстар көлемі;
It – жергілікті бюджет кірістерінің жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттерді есепке алмағанда сомасы;
t – кезең.
42. Тиісті жоспарлы кезеңге мемлекет кепілдік берген борыш бойынша болжамды мән мынадай формулаға сәйкес есептеледі:
GGdt – тиісті жоспарлы кезеңге арналған мемлекет кепілдік берген борыш;
GGRt – тиісті жоспарлы кезеңге арналған мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз етілген, алынған мемлекеттік емес қарыздардың сомасы;
GGOt – тиісті жоспарлы кезеңге арналған мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз етілген, өтелмеген мемлекеттік емес қарыздардың сомасы;
t – кезең.
43. Тиісті жоспарлы кезеңге экспортты қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген борыш бойынша болжамды мән мынадай формулаға сәйкес есептеледі:
GGEt – тиісті жоспарлы кезеңге арналған экспортты қолдау жөніндегі мемлекет кепілдік берген міндеттемелер;
GGEIt – Қазақстан Республикасының Экспорттық-кредиттік агенттігі тиісті жоспарлы кезеңге арналған сақтандыру төлемдерін жүзеге асырмаған экспортты қолдау жөніндегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен қамтамасыз етілген сақтандыру шарттары бойынша өтелмеген міндеттемелердің сомасы;
GGEGt – Қазақстан Республикасының Экспорттық-кредиттік агенттігі тиісті жоспарлы кезеңге арналған кепілдік төлемдерін жүзеге асырмаған экспортты қолдау жөніндегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен қамтамасыз етілген кепілдік шарттары бойынша өтелмеген міндеттемелердің сомасы;
t – кезең.
44. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тиісті жоспарлы кезеңге арналған борыштық міндеттемелері бойынша болжамды мәні мынадай формулаға сәйкес есептеледі:
Dqt – тиісті жоспарлы кезеңге арналған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борышы;
QRt – мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген қарыздарды қоспағанда, тиісті жоспарлы кезеңге арналған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің алынған (игерілген) қарыздарының сомасы;
QOt – мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген қарыздарды қоспағанда, тиісті жоспарлы кезеңге арналған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өтелмеген қарыздарының сомасы;
Dqt – ≤ % Тұжырымдамада көзделген жалпы ішкі борышқа белгіленген шектен аспауға тиіс;
t – кезең.
45. Үкіметтік борыштың, мемлекет кепілдік берген борыштың, квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының болжамын есептеу кезінде Тұжырымдамада көзделген Ұлттық қордың валюталық активтеріне шектеуді сақтау қажет.
46. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша тиісті жоспарлы кезеңге арналған мемлекеттік міндеттемелердің болжамды мәні мынадай формулаға сәйкес есептеледі:
DPPPt – Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша міндеттемелері;
GRPPPt – Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша тиісті қаржы жылына қабылданған және өтелмеген міндеттемелердің сомасы;
GOPPP – "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 31-бабына сәйкес жекеше әріптесті айқындау рәсімдері жарияланған Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша тиісті қаржы жылына өтеуге арналған міндеттемелерінің сомасы;
t – кезең.
47. Тиісті жоспарлы кезеңге жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің болжамды мәні мынадай формулаға сәйкес есептеледі:
LPPPt – жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша міндеттемелері;
LRPPPt – жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша тиісті қаржы жылына қабылданған және өтелмеген міндеттемелерінің сомасы;
LOPPP – Заңның 31-бабына сәйкес жекеше әріптесті айқындау рәсімдері жарияланған жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша тиісті қаржы жылына өтеуге арналған міндеттемелерінің сомасы;
t – кезең.
5-тарау. Бюджеттік қағидалар бойынша шектер және нысаналы бағдарлар
48. Мемлекеттік қаржы параметрлерінің болжамын қалыптастыру Бюджет кодексінің 48-бабына сәйкес бюджеттік қағидалар бойынша шектер мен нысаналы бағдарлар ескеріле отырып жүзеге асырылады.
49. Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің көлемі Бюджет кодексінің 48-бабының 2-тармағына сәйкес кесімді баға кезінде мұнай секторы ұйымдарынан Ұлттық қорға болжанатын түсімдердің көлемінен аспайтын мөлшерде жоспарланады.
50. Жоспарлы кезеңге арналған қарыздарды өтеуді есепке алмағанда республикалық бюджет шығыстарының өсу қарқыны инфляция бойынша нысаналы бағдарға ұлғайтылған ұзақ мерзімді экономикалық өсу деңгейімен шектеледі және мынадай формула бойынша есептеледі:
LR = IGDP * (Iai+100) / 100, мұндағы
LR – қарыздарды өтеуді есепке алмағанда республикалық бюджет шығыстарының өсу қарқыны бойынша шек;
IGDP – ұзақ мерзімді экономикалық өсу деңгейі;
Iai – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген инфляция бойынша нысаналы бағдар.
Ұзақ мерзімді экономикалық өсу деңгейі жоспарлы кезеңге дейінгі он жылдағы нақты ЖІӨ өсуінің орташа мәні ретінде анықталады және келесі формула бойынша есептеледі:
IGDP = (IGDP+IGDP2+…….+IGDP10)/10, мұндағы
IGDP – ұзақ мерзімді экономикалық өсу деңгейі;
IGDP1 – бірінші жылдағы ЖІӨ-нің нақты көлемінің индексі;
IGDP2 – екінші жылдағы ЖІӨ-нің нақты көлемінің индексі;
IGDP10 – оныншы жылдағы ЖІӨ-нің нақты көлемінің индексі.
Республикалық бюджет шығыстарының шекті көлемі мынадай формула бойынша есептеледі:
Еr = Еt * (LR / 100), мұндағы
Еr – қарыздарды өтеуді есепке алмағанда республикалық бюджет шығыстарының шекті көлемі;
Еt – жоспарлы кезеңнің алдындағы қаржы жылының қарыздарын өтеуді есепке алмағанда республикалық бюджеттің шығыстары;
LR – қарыздарды өтеуді есепке алмағанда республикалық бюджет шығыстарының өсу қарқыны бойынша шек.
51. Ұлттық қорды жұмсау Бюджет кодексінің 59-бабының 2-тармағына сәйкес нысаналы бағдарлармен және нысаналы талаптардың көлемімен шектеледі.
52. Нысаналы бағдарлар Бюджет кодексінің 47-бабының 1-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес уәкілетті орган әзірлейтін құжатпен айқындалады.
53. Бюджеттік қағидалар мен нысаналы бағдарлар бойынша шектердің сақталуы туралы ақпарат Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының құрамында көрсетіледі.
54. Қазақстан Республикасындағы дағдарыс жағдайларында және төтенше немесе соғыс жағдайларында бюджеттік қағидалар мен нысаналы бағдарлардан ауытқу болған жағдайда бюджет қағидаларының бастапқы шектеріне және нысаналы бағдарларға оралу Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының құрамында түзетілетін көрсеткіштер көрсетіле отырып, Бюджет кодексінің 48-бабының 5-тармағына сәйкес іс-қимылдар жоспарын әзірлеу арқылы кейінгі үш жыл ішінде жүзеге асырылады.
55. Іс-қимыл жоспарын уәкілетті орган келесі үш жылдық кезеңге бір рет әзірлейді және бюджеттік қағидалар мен нысаналы бағдарлар шегін уақытша түзетудің болжамды бағытын қамтиды.
Бұйрыққа 2-қосымша |
Үкіметтік борыштың, жергілікті атқарушы органдар борышының, мемлекеттік кепілдіктер беру, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, мемлекет кепілгерліктерін беру, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы борышының лимиттерін айқындау, сыртқы қарыздарды тарту құқығы берілген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өлшемшарттарын айқындау және тізбесін қалыптастыру әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Үкіметтік борыштың, жергілікті атқарушы органдар борышының, мемлекеттік кепілдіктер беру, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, мемлекет кепілгерліктерін беру, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы борышының лимиттерін айқындау, сыртқы қарыздарды тарту құқығы берілген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өлшемшарттарын айқындау және тізбесін қалыптастыру әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) топішілік қаржыландыру жөніндегі мәмілелерді және мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 10 қыркүйектегі № 1005 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында (бұдан әрі – Тұжырымдама) белгіленген шектеулер шеңберінде Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 137-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына және 146-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Үкіметтік борыштың, жергілікті атқарушы органдар борышының, мемлекеттік кепілдіктер беру, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, мемлекет кепілгерліктерін беру, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы борышының лимиттерін айқындау мерзімдері мен кезеңдері Бюджет кодексінің 50 және 51-баптарының 6-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді даму болжамын және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеуге тәуелді болады.
3. Үкіметтік борыштың, жергілікті атқарушы органдар борышының, мемлекеттік кепілдіктер беру, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, мемлекет кепілгерліктерін беру, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы борышының айқындалған лимиттерінің мөлшері мың теңгеге дейінгі дәлдікпен дөңгелектенеді.
2-тарау. Мемлекеттік сектордың борыштық міндеттемелерінің лимиттерін айқындау
1-параграф. Үкіметтік борыш лимитін айқындау
4. Тиісті қаржы жылына алынған және өтелмеген үкіметтік қарыздың белгіленген сомасы үкіметтік борыштың лимиті болып табылады, ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің белгіленген күнге (тиісті қаржы жылының соңына) нақты борышынан аспауға тиіс және мынадай формулаға сәйкес есептеледі:
LGdt – тиісті қаржы жылына Үкіметтік борыш лимиті;
GRt – тиісті қаржы жылына Қазақстан Республикасының Үкіметі алған мемлекеттік қарыздардың сомасы;
GOt – тиісті қаржы жылына Қазақстан Республикасының Үкіметі өтемеген мемлекеттік қарыздардың сомасы;
LGdt – ≤ % Тұжырымдамада көзделген жалпы ішкі өнімге белгіленген шектен аспауға тиіс;
t – кезең.
5. Үкіметтік борышқа қызмет көрсетуге арналған шығыстардың көлемі республикалық бюджет шығыстарының он пайызына тең мөлшерден аспауға тиіс:
ASCGGt ≤ 0,10×ExGBt, мұндағы
ASCGGt – тиісті қаржы жылына Үкіметтік борыш қарызына қызмет көрсету шығыстарының көлемі;
ExGBt – тиісті қаржы жылына республикалық бюджет шығыстарының сомасы;
t – кезең.
6. Үкіметтік борыш лимитін нақтылау тиісті қаржы жылы ішінде ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде бюджеттік параметрлер өзгерген жағдайда жүргізіледі.
2-параграф. Жергілікті атқарушы органдар борышының лимитін айқындау
7. Жергілікті атқарушы орган борышының лимиті тиісті қаржы жылына жергілікті атқарушы органның алынған және өтелмеген қарыздарының тіркелген сомасы болып табылады, ол белгіленген күнге (тиісті қаржы жылының соңына) жергілікті атқарушы органның нақты борышынан аспауға тиіс және мынадай формулаға сәйкес есептеледі:
Ldlbt – тиісті қаржы жылына жергілікті атқарушы органдардың борышы;
LRt – тиісті қаржы жылына жергілікті атқарушы органның алған қарыздарының сомасы;
LOt – тиісті қаржы жылына жергілікті атқарушы органның өтелмеген қарыздарының сомасы;
t – кезең.
8. Жергілікті атқарушы органның борышын өтеуге және оған қызмет көрсетуге арналған шығыстардың көлемі жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттерді есепке алмағанда, жергілікті бюджет кірістері сомасының он пайызына тең мөлшерден аспауға тиіс:
AERSt ≤ 0,10×It, мұндағы
AERSt – тиісті қаржы жылына жергілікті атқарушы органның борышын өтеуге және оған қызмет көрсетуге арналған шығыстар көлемі;
It –жергілікті бюджет кірістерінің жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттерді есепке алмағанда сомасы;
t – кезең.
9. Жергілікті атқарушы органдар борышының лимитін нақтылау тиісті қаржы жылы ішінде ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде бюджеттік параметрлер өзгерген жағдайда жүргізіледі.
3-параграф. Мемлекеттік кепілдіктер беру лимитін айқындау
10. Тиісті қаржы жылына мемлекеттік кепілдіктерді беру лимиті тиісті қаржы жылына арналған мемлекет кепілдік берген борышқа қызмет көрсетуге және оны өтеуге жұмсалатын шығындар көлемін шегергендегі Ұлттық қордан нысаналы трансферттерді есепке алмағанда республикалық бюджет түсімдері көлеміне ұлғайтылған он жыл ішінде мемлекет кепілдік берген борыш бойынша шартты міндеттемелердің орташа өсу қарқыны негізге алына отырып есептеледі және мынадай формулаға сәйкес есептеледі:
LGGt = (IGBt*K) – SCt, мұндағы
LGGt – тиісті қаржы жылына мемлекеттік кепілдіктер беру лимиті;
IGBt – тиісті қаржы жылына Ұлттық қордан нысаналы трансферттерді және қарыздар түсімдерін есепке алмағанда республикалық бюджет түсімдерінің көлемі;
K – жоспарлы кезеңнің алдындағы он жыл ішінде мемлекет кепілдік берген қарыз бойынша шартты міндеттемелердің орташа өсу қарқыны;
SCt – тиісті қаржы жылына мемлекет кепілдік берген борышқа қызмет көрсетуге және оны өтеуге арналған шығындар көлемі;
t – кезең.
11. Мемлекеттік кепілдік беру лимитінің сомасын нақтылау тиісті қаржы жылы ішінде ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде бюджеттік параметрлер өзгерген жағдайда жүргізіледі.
4-параграф. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру лимитін айқындау
12. Тиісті жылға экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру лимиті нақты жүзеге асырылған сақтандыру және кепілдік төлемдерінің көлемі негізге алына отырып есептеледі, ол экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктердің қолданылу кезеңінде меншікті капитал көлемінің қырық пайызынан аспауы тиіс, мұнда сақтандыру және кепілдік төлемдерінің көлемі суброгация, қайта сақтандыру және кепілдік беру шеңберінде өтелген сақтандыру және кепілдік төлемдерінің сомасын шегергенде көрсетіледі:
LGGEt = (IPt+GPt) OC*40%, мұндағы
LGGEt – тиісті қаржы жылына экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру лимиті;
IPt – іс жүзінде жүзеге асырылған сақтандыру төлемдері;
GPt – іс жүзінде жүзеге асырылған кепілдік төлемдері;
OC – меншікті капитал;
t – кезең.
13. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру лимитінің сомасын нақтылау тиісті қаржы жылы ішінде ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде бюджеттік параметрлер өзгерген жағдайда жүргізіледі.
5-параграф. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы борышының лимитін айқындау
14. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы борышының лимиті квазимемлекеттік сектор субъектілерінің алынған және өтелмеген сыртқы қарыздарының белгіленген сомасы болып табылады, ол квазимемлекеттік сектор субъектілерінің берілген күнге (тиісті қаржы жылының соңына) нақты сыртқы борышынан аспау тиіс.
LDqt – квазимемлекеттік сектор субъектісінің номиналды құны бойынша теңгемен көрсетілген тиісті қаржы жылына сыртқы борышының лимиті;
QRt – мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген қарыздарды қоспағанда, тиісті қаржы жылына квазимемлекеттік сектор субъектілерінің алынған (игерілген) қарыздарының сомасы;
QOt – мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген қарыздарды қоспағанда, тиісті қаржы жылына квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өтелмеген қарыздарының сомасы;
LDqt – ≤ % Тұжырымдамада көзделген жалпы ішкі борышқа белгіленген шектен аспауға тиіс;
t – кезең.
15. Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борыш лимитін нақтылау тиісті қаржы жылы ішінде ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде бюджеттік параметрлер өзгерген жағдайда жүргізіледі.
16. Үкіметтік борыш, мемлекеттік кепілдіктер, квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышы бойынша лимиттерді есептеу кезінде Тұжырымдамада көзделген Ұлттық қордың валюталық активтеріне белгіленген шектен аспауға тиіс шектеулерді сақтау қажет.
6-параграф. Сыртқы қарыздарды тарту құқығы берілген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тізбесін қалыптастыру өлшемшарттарын айқындау
17. Тиісті қаржы жылға сыртқы қарыздарды тарту құқығы берілген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тізбесі жоспарланған қаржы жылына арналған қарыздарды тарту жоспарын көрсете отырып, мемлекеттік мүлік жөніндегі орталық уәкілетті орган сыртқы қарыздар туралы ұсынған деректер негізінде қалыптастырылады.
Сыртқы қарыздарды тарту құқығы берілген тізбеге квазимемлекеттік сектор субъектілерін қосу өлшемшарты мемлекеттің 50%-дан асатын қатысу үлесі болып табылады.
7-параграф. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимитiн айқындау
18. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдауы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген лимитпен шектеледi.
19 Тиісті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимиті республикалық бюджеттің кірісін ескере отырып, бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган қалыптастырады және жыл сайын тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның шеңберінде бекітуге енгізілетін шекті шектеу болып табылады.
20. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимиті мынадай формулаға сәйкес белгіленеді:
Scolgov <InRB * 0,20, мұндағы
Scolgov – Қазақстан Республикасы Үкiметiнің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің қабылдау және қабылданған және өтелмеген лимиті сомасынан тұратын Қазақстан Республикасы Үкiметiнің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің тиісті қаржы жылына арналған лимиті;
InRB – республикалық бюджеттің кірістері.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді тиісті қаржы жылына қабылдау лимиті мынадай формулаға сәйкес есептеледі:
Lmocolgov <Scolgov – CLLG, мұндағы
Lmocolgov – Қазақстан Республикасы Үкiметiнің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін тиісті қаржы жылына қабылдау лимиті;
Scolgov – Қазақстан Республикасы Үкiметiнің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің қабылдау және қабылданған және өтелмеген лимиті сомасынан тұратын Қазақстан Республикасы Үкiметiнің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің тиісті қаржы жылына арналған лимиті;
CLLG – тиісті қаржылының басына қабылданған және өтелмеген Қазақстан Республикасы Үкiметiнің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелері.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелеріне "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – МЖӘ туралы Заң) 9-бабының 2-тармағының 2), 3), 4), 5) 6) тармақшаларында және 27-бабының 2-тармағының 6) тармақшасында көзделген мемлекеттік қолдау түрлері жатады.
21. Қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимитін нақтылау тиісті қаржы жылының ішінде республикалық бюджетті нақтылау кезінде жүргізіледі.
8-параграф. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимитін айқындау
22. Жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін қабылдауы тиісті жергiлiктi атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің белгіленген лимитімен шектеледі.
23. Тиісті үш жылдық жоспарлы кезеңге арналған жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимиті облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің кірісін ескере отырып, бюджеттік саясат жөніндегі уәкілетті орган тиісті үш жылдық жоспарлы кезеңге қалыптастырады және шекті шектеу болып табылады.
24. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимиті салықтық және салықтық емес түсімдердің және жалпы сипаттағы трансферттерді есепке ала отырып, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің көлеміне сәйкес келетін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы бюджетінің кірістерін негізге ала отырып қалыптастырылады.
25. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің тиісті қаржы жылына арналған лимиті мынадай есептеуге сәйкес 3 (үш) жылдық кезеңге белгіленеді:
ScolLG < InLB * k, мұндағы
ScolLG – жергілікті атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің қабылдау лимиті мен қабылданған және өтелмеген лимитінің сомасынан тұратын жергілікті атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің тиісті қаржы жылына арналған лимиті;
InLB – жалпы сипаттағы трансферттер ескерілген жергілікті атқарушы органның меншікті кірістерінің көлемі;
k – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары үшін түзету коэффициенті, оның ішінде:
облыстардың жергілікті атқарушы органдары үшін k = 0,2;
республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары үшін, сондай-ақ облыстың жергілікті атқарушы органдары үшін олар өткізу қабілеті сағатына 400 жолаушыдан кем емес аэровокзалы бар әуежай салу, инновациялық орталығы бар академиялық қалашық, оның ішінде ғылыми-зерттеу институтын құру бойынша жобаны іске асырған жағдайда k = 0,5.
Қонаев қаласында және Алматы облысының индустриялық аймақтарында жеңіл рельсті көлік желілерін салу бойынша жобаларды, сондай-ақ инженерлік-коммуникациялық желілерді жүргізу бойынша жобаларды дайындау және іске асыру кезінде жергілікті атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау лимиті асып кеткен жағдайда асып кету сомасына ұлғайтылған лимит қолданылады.
Тиісті қаржы жылына арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау лимиті мынадай есептеуге сәйкес жүргізіледі:
LmocolLG < ScolLG – CLLG, мұндағы
LmocolLG – тиісті қаржы жылына жергілікті атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау лимиті;
ScolLG – жергілікті атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің қабылдау лимиті мен қабылданған және өтелмеген лимитінің сомасынан тұратын жергілікті атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің тиісті қаржы жылына арналған лимиті;
CLLG – жергілікті атқарушы органның тиісті қаржы жылының басындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша қабылданған және өтелмеген мемлекеттік міндеттемелері.
Жергілікті атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелеріне МЖӘ туралы заңның 9-бабының 2-тармағының 2), 3), 4), 5), 6) тармақшаларында және 27-бабының 2-тармағының 6) тармақшасында көзделген мемлекеттік қолдау түрлері жатады.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган тиісті қаржы жылының басына жергілікті атқарушы органның қабылданған және өтелмеген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелері туралы ақпарат береді.
Жергілікті атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін қабылдау лимитінің төмендеуіне әкеп соғатын болжамды кірістері төмендеген жағдайда, егер осы лимит шеңберінде барлық сомаға міндеттемелер қабылданған жағдайда өткен жылдың бекітілген қабылдау лимиті қолданылады.
26. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін өтеуге және қызмет көрсетуге арналған шығыстарының көлемі тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет кірістерінің он пайызына тең мөлшерінен аспауы тиіс.
27. Қажет болған жағдайда жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимитін нақтылау тиісті қаржы жылы ішінде облыстың бюджетін, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін нақтылау кезінде жүргізіледі.
9-тарау. Мемлекет кепілгерлігін беру лимитін айқындау
28. Мемлекет кепілгерлігін беру лимиті тиісті қаржы жылына арналған тіркелген сома болып табылады, оның шегінде мемлекет кепілгерлігі берілуі мүмкін.
29. Тиісті қаржы жылына мемлекет кепілгерлігін беру лимиті мынадай формула бойынша айқындалады:
LРgov = (IGB *0,15) - SCt, мұндағы
LРgov – жоспарланатын қаржы жылына арналған мемлекет кепiлгерлiгiн беру лимиті;
IGB – жоспарланатын қаржы жылына арналған нысаналы трансферттерді есепке алмағанда республикалық бюджет кірістерінің көлемі;
SCt – жоспарланатын қаржы жылына қызмет көрсетуге және мемлекет кепілдік берген борышты өтеуге арналған шығындар көлемі.
30. Мемлекет кепілгерлігін беру лимитінің сомасын нақтылау бюджеттік параметрлер өзгерген жағдайда, тиісті қаржы жылы ішінде ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде жүргізіледі.