"Бюджеттік инвестициялар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессиялар, мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобалар және техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджеттік кредиттеу, қаржы агенттерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруы мәселелері бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен сараптама жүргізу және құжаттаманы бағалау құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 46 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 15 маусымдағы № 75 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бюджеттік инвестициялар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессиялар, мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобалар және техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджеттік кредиттеу, қаржы агенттерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруы мәселелері бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен сараптама жүргізу және құжаттаманы бағалау құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 46 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік инвестициялар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессиялар, мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобалар және техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджеттік кредиттеу, қаржы агенттерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруы мәселелері бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен сараптама жүргізу және құжаттаманы бағалау құнын айқындау әдістемесінде (бұдан әрі – Әдістеме):

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Бюджеттік инвестициялар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобалар және техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджеттік кредиттеу, қаржы агенттерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруы мәселелері бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен сараптама жүргізу және құжаттаманы бағалау құнын айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) бюджеттік инвестициялар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессиялар, мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобалар және техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджеттік кредиттеу, қаржы агенттерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруы, халықаралық қаржы институттарының қатысуымен ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын әзірлеуді үйлестіру және қорытынды беру мәселелері бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен сараптама жүргізу және құжаттаманы бағалау құнын айқындау тәсілдерін белгілеу мақсатында әзірленген.

      2. Бюджеттік инвестициялар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобалар және техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджеттік кредиттеу, қаржы агенттерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруы, халықаралық қаржы институттарының қатысуымен ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын әзірлеуді үйлестіру және қорытынды беру мәселелері бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен сараптама жүргізу және құжаттаманы бағалау (бұдан әрі – Көрсетілетін қызмет) құны заңнамаға сәйкес айқындалған мамандандырылған ұйымның қызметтің бір бірлігіне арналған нормативтік еңбек шығындарына байланысты осы Әдістемеге сәйкес айқындалады.";

      Әдістемеге қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Инвестициялық саясат және қаржы секторын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде алғашқы ресми жарияланғанынан кейін оны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
С. Жумангарин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазастан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Ұлттық
экономика министрі
2026 жылғы 15 маусымдағы
№ 75 Бұйрыққа қосымша
Бюджеттік инвестициялар,
мемлекеттік-жекешелік
әріптестік, мемлекеттік
кепілдіктер беру үшін
инвестициялық жобалар және
техникалық -экономикалық
негіздеме әзірлеуді талап ететін
бюджеттік инвестициялық
жобаларды бюджеттік
кредиттеу, қаржы агенттерінің
мемлекеттік инвестициялық
саясатты іске асыруы мәселелері
бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен
сараптама жүргізу және
құжаттаманы бағалау құнын
айқындау әдістемесіне қосымша

Көрсетілетін қызметтің бірлігіне арналған нормативтік еңбек шығындары

№ р/с

Қызмет түрі

Қызмет көрсетуге арналған еңбек шығындары (адам-сағат)

1.

мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаларды; республикалық бюджеттік инвестициялық жобаларды, оның ішінде түзетілген жобаларды; республикалық бюджет қаражаты есебінен заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыруға жоспарланатын бюджеттік инвестицияларды, оның ішінде түзетілген қаржы-экономикалық негіздемелерді сараптау; республикалық бюджет қаражаты есебінен заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыруға жоспарланатын бюджеттік инвестицияларды (жаңадан құрылған); қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға бюджеттік кредиттеудің қаржылық-экономикалық негіздемесін сараптау

27 680

2.

"Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Заңның 20-бабының 9) тармақшасына сәйкес бюджеттік саясат жөніндегі орталық уәкілетті орган бекіткен Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс (аукцион) және тікелей келіссөздер жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының мониторингін жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу мониторингін жүргізу және бағалау мәселелерін қамтитын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру кағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің республикалық жобаларының іске асырылуын бағалау

6 391,5541

3.

Қағидаларға сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобаларын іске асыруды бағалау

9 681,4251

4.

заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын бағалау

4 916,58

5.

бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалау

7 447,25

6.

халықаралық қаржы институттарының қатысуымен ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын әзірлеуді үйлестіру және қорытынды беру

23 562


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады