Бюджеттік инвестициялар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессиялар, мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобалар және техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджеттік кредиттеу, қаржы агенттерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруы мәселелері бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен сараптама жүргізу және құжаттаманы бағалау құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 46 бұйрығы

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереже 15-тармағының 65) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік инвестициялар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессиялар, мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобалар және техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджеттік кредиттеу, қаржы агенттерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруы мәселелері бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен сараптама жүргізу және құжаттаманы бағалау құнын айқындау әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Инвестициялық саясат және қаржы секторын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
С. Жумангарин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Ұлттық
экономика министрі
2025 жылғы 30 мамырдағы
№ 46 Бұйрыққа қосымша

Бюджеттік инвестициялар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессиялар, мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобалар және техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджеттік кредиттеу, қаржы агенттерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруы мәселелері бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен сараптама жүргізу және құжаттаманы бағалау құнын айқындау әдістемесі

      1. Осы Бюджеттік инвестициялар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобалар және техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджеттік кредиттеу, қаржы агенттерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруы мәселелері бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен сараптама жүргізу және құжаттаманы бағалау құнын айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) бюджеттік инвестициялар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобалар және техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджеттік кредиттеу, қаржы агенттерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруы мәселелері бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен сараптама жүргізу және құжаттаманы бағалау құнын айқындау тәсілдерін белгілеу мақсатында әзірленген.

      2. Бюджеттік инвестициялар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобалар және техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджеттік кредиттеу, қаржы агенттерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруы мәселелері бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен сараптама жүргізу және құжаттаманы бағалау (бұдан әрі – Көрсетілетін қызмет) құны заңнамаға сәйкес айқындалған мамандандырылған ұйымның қызметтің бірлігіне арналған нормативтік еңбек шығындарына байланысты осы Әдістемеге сәйкес айқындалады.

      3. Көрсетілетін қызмет бағасы мынадай формула бойынша айқындалады:

      Pn = Сn * (1 + R)

      мұндағы:

      Pn (price) – қосылған құн салығын есепке алмағандағы құжаттар (сараптама) топтамасын қарау құны;

      R – пайызбен алынған рентабельділік нормасы.

      4. Көрсетілетін қызметтің өзіндік құны мынадай формула бойынша айқындалады:

      Сn = cl * ln

      мұндағы:

      Сn (cost) – тиісті Көрсетілетін қызметтің өзіндік құны;

      cl – 1 адам-сағат құны;

      ln – Көрсетілетін қызметтің бірлігіне арналған еңбек шығындарының нормативі. Көрсетілетін қызметтің бірлігіне арналған еңбек шығындарының нормативі осы Әдістемеге қосымшада келтірілген.

      5. Көрсетілетін қызметтің бағасын есептеу үшін айқындалған рентабельділік нормасы 1,27 пайызды құрайды.

      6. Көрсетілетін қызметтің бағасын есептеуге арналған бір адам-сағаттың құны қосылған құн салығын есепке алмағанда, 9 927,91 (тоғыз мың тоғыз жүз жиырма жеті теңге тоқсан бір тиын) теңге мөлшерінде айқындалған.

  Бюджеттік инвестициялар,
мемлекеттік-жекешелік
әріптестікмемлекеттік
кепілдіктер беру үшін
инвестициялық жобалар және
техникалық-экономикалық
негіздеме әзірлеуді талап ететін
бюджеттік инвестициялық
жобаларды бюджеттік
кредиттеу, қаржы агенттерінің
мемлекеттік инвестициялық
саясатты іске асыруы мәселелері
бойынша республикалық
бюджет қаражаты есебінен
сараптама жүргізу және
құжаттаманы бағалау құнын
айқындау әдістемесіне қосымша

Көрсетілетін қызметтің бірлігіне арналған нормативтік еңбек шығындары


р/с

Қызмет түрі

Қызмет көрсетуге арналған еңбек шығындары (адам-сағат)

1.

мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаларды; республикалық бюджеттік инвестициялық жобаларды, оның ішінде түзетілген жобаларды; республикалық бюджет қаражаты есебінен заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыруға жоспарланатын бюджеттік инвестицияларды, оның ішінде түзетілген қаржы-экономикалық негіздемелерді сараптау; республикалық бюджет қаражаты есебінен заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыруға жоспарланатын бюджеттік инвестицияларды (жаңадан құрылған); қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға бюджеттік кредиттеудің қаржылық-экономикалық негіздемесін сараптау

27 680

2.

"Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Заңның 20-бабының 9) тармақшасына сәйкес бюджеттік саясат жөніндегі орталық уәкілетті орган бекіткен Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс (аукцион) және тікелей келіссөздер жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының мониторингін жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу мониторингін жүргізу және бағалау мәселелерін қамтитын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру кағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің республикалық жобаларының іске асырылуын бағалау

6 391,5541

3.

Қағидаларға сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобаларын іске асыруды бағалау

9 681,4251

4.

заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын бағалау

4 916,58

5.

бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалау

7 447,25


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады