БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 18 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 21) тармақшамен толықтырылсын:
"21) электрондық еңбек биржасы (бұдан әрі – ЭЕБ) – жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер үшін жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасы болып табылатын, жұмыс іздеуді және персоналды іріктеуге жәрдемдесуді, Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексіне сәйкес электрондық және проактивті форматта жұмыспен қамту саласында қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі.";
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
"9-1. Ұйымның атқарушы органы алты айдан астам уақыт бойы бос тұрған штат бірлігі анықталған күннен бастап (бұдан әрі - бос штат бірлігі) немесе ЭЕБ платформасында көрсетілген күннен бастап бір ай мерзім ішінде оларды қысқарту туралы шешім қабылдайды және штат кестесіне өзгерістер енгізеді, сондай-ақ осы Қағидаларда көзделген тәртіппен даму жоспарын жартыжылдық нақтылау кезінде еңбекақы төлеу қорын азайту мақсатында түзетеді.
Қағидалардың осы тармағының талаптары атқарушы орган басшысының лауазымдары, штат кестесінде бір бірлік санында көзделген лауазымдар немесе маусымдық жұмыстарда жұмыспен қамтылған қызметкерлер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкерлердің жұмыс орны сақталатын жағдайларда бос штат бірліктерін қысқарту туралы шешім қабылдау кезінде қолданылмайды.";
34-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) бос штат бірліктерінің болуына;";
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"37. Ұйымның атқарушы органы осы Қағидалардың 34-тармағында көрсетілген жағдайларда даму жоспарының әрбір қосымшасына енгізілген нақтылаулардың негіздемелері мен түсіндірмелерін, сондай-ақ осы Қағидалардың 15-16-тармақтарында көзделген құжаттарды қамтитын түсіндірме жазбасы бар нақтыланған даму жоспарының жобасын бекіту органының қарауына енгізеді.
Осы Қағидалардың 34-тармағының 4-1) тармақшасында көзделген жағдайда, ұйымның атқарушы органы бекіту органына бос штат бірліктерін және еңбекақы төлеу қорын қысқарту жөніндегі ақпаратты қосымша енгізеді.
Бекіту органы нақтыланған даму жоспарының жобасын осы Қағидалардың 18-тармағында айқындалған мерзімдер мен тәртіппен қарайды.
Нақтыланған даму жоспарын бекіту органы оны атқарушы органның қарауына енгізген күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде, бірақ осы Қағидалардың 15-тармағының ережелерін ескере отырып, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 25 (жиырма бесінші) маусымнан және ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында 25 (жиырма бесінші) желтоқсаннан кешіктірмей бекітеді.";
54-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) персоналдың жағдайы мен еңбекақы төлеу қоры туралы, оның ішінде бос штат бірліктерін қысқарту туралы;".
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі |
С. Жумангарин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі