Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 31-бабына сәйкес Қостанай ауданының Ульянов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Ломоносовское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне аумақта орналасқан ауданы 8,60159 гектар бөлінбейтін жер учаскесіне шектеулі нысаналы жер пайдалану құқығы (жария сервитут) белгіленсін Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Ульянов ауылы, көлік инфрақұрылымы объектісін төсеу және пайдалану үшін.
2. "Қостанай ауданының Ульянов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберілуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қостанай ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастыруы қамтамасыз етілсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Н. Байжакупов |
