Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 4 желтоқсандағы № 92 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10123-10 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"3. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, жартыжылдықта 1 рет, жылына 1 рет) көрсетіледі.";
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың келесі санаттарына көрсетіледі:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тұрмыстық қажеттіліктеріне, табыстарын есепке алмай, ай сайын, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) ардагерлерге және Заңның 8-бабының бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда, Заңның 5, 6, 7, 8-баптарында көрсетілген басқа да адамдарға, ақшалай көмек түрінде, табыстарын есепке алмай, ай сайын, 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) диспансерлік есепте тұрған адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне, табыстарын есепке алмай, ай сайын, екі еселік ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде;
4) туберкулезбен ауратын және амбулаториялық емдеудегі адамдарға, табыстарын есепке алмай, ай сайын, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
5) мүгедектігі бар адамдарға, ақшалай көмек түрінде, жедел емделуге, табыстарын есепке алмай, бір рет, 50 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерінде;
6) мүгедектігі бар адамдарға, ақшалай көмек түрінде, дәрілік заттарды сатып алуға және медициналық тексеруге байланысты шығыстарды өтеу үшін, табыстарын есепке алмай, жарты жылда бір рет, бірақ жылына 30 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын нақты шығындар мөлшерінде;
7) бұрын техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім алу үшін әлеуметтік көмек алған адамдарға, ақшалай көмек түрінде, оқуын аяқтау үшін, табыстарын есепке алмай, жарты жылда бір рет, оқудың нақты құны мөлшерінде, оқу жылы ішінде екі бөлікпен аударылатын, бірақ 400 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерінде;
8) дүлей апат немесе өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіруіне байланысты, табыстарын есепке алмай, бір рет, 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
9) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылып, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға, табыстарын есепке алмай, бір рет, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
10) өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда ең төмен күнкөріс деңгейі шамасынан төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасылардың адамдарына, тұрмыстық қажеттіліктеріне, бір рет, 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
11) мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес әлеуметтік қызметтер порталы арқылы санаторийлік-курорттық емделуді ұсынатын ұйымдарға бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға оларды санаторийлік-курорттық емделуге алып жүретін адамдардың шығындарын өтеуге, бірақ бір алып жүретін адамнан артық емес, табысы есепке алмай, жылына бір рет, емдеу рәсімдерін қоспағанда, тұру және тамақтану үшін нақты шығындар мөлшерінде, бірақ уәкілетті мемлекеттік орган тиісті қаржы жылына айқындайтын, мүгедектігі бар адамдардың оларды әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жүзеге асыру барысында санаторийлік-курорттық емделу құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманың жетпіс пайызынан артық емес;
12) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, Заңның 5, 6-баптарында, 7-бабының 1) - 4) тармақшаларында көрсетілген ардагерлерге санаторийлік-курорттық емделуге жолдаманың нақты құнын өтеуге, Қазақстан Республикасының шегінде, табысы есепке алмай, жылына бір рет, бірақ уәкілетті мемлекеттік орган тиісті қаржы жылына айқындайтын, мүгедектігі бар адамдардың оларды әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жүзеге асыру барысында санаторийлік-курорттық емделу құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген сомадан артық емес.
Санаторийлік-курорттық емделуге жолдама құнын өтеу Қостанай облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 маусымдағы № 510 "Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау бойынша қосымша шара туралы" шешімімен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9264 болып тіркелген) белгіленген заттай нысаннан жазбаша бас тартылған жағдайда ұсынылады.";
13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"13. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек алу үшiн өтiнiш берушi өзiнiң немесе отбасының атынан (немесе Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес берілген сенімхат бойынша өкілі) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне немесе Мемлекеттік корпорацияға Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен немесе порталға Үлгілік қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен электрондық түрде жүгінеді.
Жазбаша өтініш берген кезде құжаттарды қабылдайтын маман Үлгілік қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі - АЖ) сұрау салуларды қалыптастырады.
АЖ-да мәліметтер сәйкес келмеген (болмаған) кезде өтініш беруші өтінішке мынадай құжаттарды қоса береді:
1) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
2) адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер (адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамай тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер ұсынылмайды).
Осы Қағидалардың 6-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген адамдар өтініш берушінің әлеуметтік мәртебесін растайтын құжатты ұсынады.
Осы Қағидалардың 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген адамдардың ата-аналары не заңды өкілі адамның иммун тапшылығы вирусымен ауыру фактісін растайтын құжатты ұсынады.
Осы Қағидалардың 6-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген адамдар туберкулезбен ауыру фактісін және амбулаторлық емделуде екенін растайтын құжатты ұсынады.
Осы Қағидалардың 6-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген адамдар медициналық ұйым берген қызмет көрсетуді (жедел емдеуді) растайтын құжаттарды ұсынады.
Осы Қағидалардың 6-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген адамдар медициналық тексерудің тағайындалғанын және өткенін растайтын құжаттарды, рецепт бланкісінің көшірмесін немесе ағымдағы жылға дәрігер тағайындаған кассалық немесе тауарлық чекті ұсынады.
Осы Қағидалардың 6-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген адамдар оқу фактісін, оның құнын растайтын құжаттарды ұсынады.
Осы Қағидалардың 6-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген адамдар дүлей апат немесе өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келген фактісін растайтын құжатты ұсынады.
Осы Қағидалардың 6-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген адамдар бас бостандығынан айыру орындарынан босату, пробация қызметінің есебінде тұрған фактісін растайтын құжаттарды ұсынады.
Осы Қағидалардың 6-тармағының 11) тармақшасында көрсетілген адамдар санаторийлік-курорттық емделуге ақы төленгенін растайтын құжаттарды, санаторийлік-курорттық ұйым бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға және оны алып жүретін адамға берген орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісін ұсынады.
Осы Қағидалардың 6-тармағының 12) тармақшасында көрсетілген адамдар әлеуметтік мәртебесін, санаторийлік-курорттық емделуге ақы төленгенін, санаторийлік-курорттық ұйым берген орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісін растайтын құжаттарды ұсынады.
Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары және көшірмелері ұсынылады. Салыстырып тексерілгеннен кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Өтініш беруші толық емес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде Үлгілік қағидаларға 1-3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.
Өтініш беруші әлеуметтік көмекке портал арқылы электронды түрде жүгінген кезде мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың АЖ-на қажетті мәліметтерді алу үшін өтініш берушінің өзі сұрау салады.
Бұл ретте мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың АЖ-нан келіп түскен электрондық өтініш пен мәліметтерді өтініш беруші өзінің ЭЦҚ-мен куәландырады.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қостанай аудандық мәслихатының төрағасы | М. Сартов |