Аудандық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның иелігінде қалған таза табыстың бір бөлігін бөлу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 19 қаңтардағы № 8 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 56-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 140-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес, Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аудандық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынды басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға уәкілетті аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органға "Денисов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жыл сайын "Денисов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміның "Дидар" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының даму жоспарының орындалуы жөніндегі есепті бекіту кезінде аудандық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның қарамағында қалған таза табыстың бір бөлігі бөлінсін.

      2. "Денисов ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялауға және Эталондық бақылау банкіне енгізуге мемлекеттік және орыс тілдерінде электрондық түрде көшірмесін жолдануын;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Денисов ауданының әкімі Қатпаев Р.Ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады