Амангелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Амангелді ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 21 қазандағы № 167 "Амангелді ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлiмi" мемлекеттік мекемесін бөлу жолымен "Амангелді ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы" қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Амангелді ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
15-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"15. Функциялары:
ауданда мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
ауданда мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органдардың қызметін құру және қамтамасыз ету;
аудан аумағында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің пайдаланылуын (тігілуін, орналастырылуын) бақылауды жүзеге асыру;
ауданның ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асыру;
жергілікті маңызы бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
мемлекеттік және басқа тілдерді дамытуға бағытталған аудандық деңгейдегі іс-шараларды өткізу;
облыстардың атқарушы органдарына ауылдарға, ауылдық округтерге атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар енгізу;
"Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 75-бабы және 729-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жаза қолдануды жүзеге асырады;
маңдайшаларды ауылдарда орналастыру туралы хабарламаларды қабылдауды және қарауды жүзеге асырады;
медиация саласында жүйелі жұмыс жүргізу;
азаматтарды тілдік қағидат бойынша кемсітуге жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
бюджет қаражатының көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерін қаржыландыруға арналған мемлекеттік шығармашылық тапсырысты бекіту;
мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерінде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз ету;
мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және нысаналы игерілуінің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда орындалуын қамтамасыз ету;
тиісті аумақта орналасқан мәдениет ұйымдарының қызметіне мониторингті жүзеге асырады және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына ақпаратты, сондай-ақ белгіленген нысандағы статистикалық есептерді ұсыну;
тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды дамытуға жәрдемдесу.".
2. "Амангелді ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлiмi" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгерістер туралы Әділет органдарын хабардар етуді;
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Амангелді ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Амангелді ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Амангелді ауданының әкімі | Қ. Кеделбаев |
