""Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қостанай облыстық мәслихатының 2016 жылғы 25 шілдедегі № 60 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облыстық мәслихатының 2026 жылғы 13 тамыздағы № 309 шешімі

      Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. ""Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қостанай облыстық мәслихатының 2016 жылғы 25 шілдедегі № 60 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      "12-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      12. Тексеру комиссиясына Тексеру комиссиясының өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау үшін кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында Тексеру комиссиясына кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке бағытталады.";

      14-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "14. Өкілеттіктер:

      1) құқықтар:

      облыстың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органынан, мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан ведомстволық ақпараттық жүйелер деректерінің құрамы мен форматтары туралы мәліметтерді, сондай-ақ құпиялылық режимін, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауды ескере отырып, тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру және мемлекеттік аудитті жүзеге асыру, бюджеттің атқарылуы туралы есептерді дайындау үшін қажетті құжаттаманы (ақпаратты) сұрайды және алады;

      анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар және лауазымды адамдар орындауға міндетті нұсқамаларды шығарады;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік аудит жүргізу үшін қажетті мемлекеттік және өзге де ақпараттық жүйелерге қол жеткізеді;

      қаулыда немесе нұсқамада белгіленген мерзімдерде растайтын құжаттарды қоса бере отырып, ұсынымдар мен нұсқамалардың орындалуы туралы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпаратын алады;

      сыртқы мемлекеттік аудит жүргізуге байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік аудит объектілері лауазымды адамдарының тиісті ақпаратын тыңдайды;

      мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша лауазымды тұлғаларды оларды тағайындаған тұлғаларға тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізеді;

      тиісті облыстың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатына (бұдан әрі – мәслихат) лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін сақтамауының анықталған фактілері, сондай-ақ тиімділік аудиті нәтижелері бойынша ұсыныстар енгізеді;

      облыстық бюджетке, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте құрылған аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне қатысты сараптамалық-талдау қызметін жүзеге асырады;

      Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғайды;

      әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды, олар бойынша хаттамалар жасайды және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік жазалар қолданады;

      Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасымен (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) және басқа да мемлекеттік органдармен келісу бойынша бірлескен немесе қатар жүргізілетін тексерулерге қатысады;

      мемлекеттік аудит жүргізу үшін мемлекеттік органдардың тиісті мамандарын (олармен келісу бойынша), сондай-ақ қажет болған жағдайда аудиторлық ұйымдарды, сарапшыларды олардың қызметтеріне бюджеттен бөлінген қаражат шегінде ақы төлей отырып тартады;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;";

      19-тармақтың 17) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "17) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің облыс және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің отырыстарына қатысуға құқылы;";

      20-тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "8) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің облыс және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің отырыстарына қатысуға құқылы;";

      мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын:

      "23-1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабы 3-тармағының төртінші бөлігіне сәйкес мемлекеттік қызметте болу мерзімі ұзартылған жағдайда Тексеру комиссиясының төрағасы және (немесе) мүшесі мәслихатқа соңғы екі жылдағы тексеру комиссиясының қызметін бағалау нәтижелерімен бірге Жоғары аудиторлық палатаның ұсыным хатын ұсынады.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы С. Ещанов

      Келісілді

      "Қостанай облысы бойынша Тексеру

      комиссиясы" мемлекеттік

      мекемесінің төрағасы

      ____________________ Д. Костюков

      2026 жылғы "___" _______________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады