"Қостанай облысының ауыз сумен жабдықтау көздерінің санитариялық қорғау аймақтарын белгілеу туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 6 қарашадағы № 322 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2026 жылғы 22 мамырдағы № 137 қаулысы

      Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қостанай облысының ауыз сумен жабдықтау көздерінің санитариялық қорғау аймақтарын белгілеу туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 6 қарашадағы № 322 қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы келесі мазмұндағы реттік нөмірлері 74-1, 74-2, 74-3, 74-4, 74-5 жолдарымен толықтырылсын:

      "

74-1

Садовый ауылының шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға арналған № 10-10 негізгі, № 10-11 (резервтік) ұңғымалары

Радиусы – 50 м
ұзындығы – 100 м
ені – 100 м

0,78 га

Радиусы – 75,10 м
ұзындығы –150,2 м
ені – 150,2 м

1,7 га

Радиусы – 531 м
ұзындығы –1062 м
ені – 1062 м

88,5 га

74-2

Талапкер, Рыспай ауылдарының шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға арналған № 10-20 негізгі, № 10-21 (резервтік) ұңғымалары

Радиусы – 30 м
ұзындығы – 60 м
ені – 60 м

0,28 га

Радиусы – 45 м
ұзындығы – 90 м
ені – 90 м

0,6 га

Радиусы – 318 м
ұзындығы 636 м
ені – 636 м

31,7 га

74-3

Половников және Глазунов ауылдарындағы шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз етуге арналған су тарту ұңғымасы және су құбырлары

Ұзындығы – 60 м
ені – 80 м

0,48 га

Ұзындығы – 158 м
ені – 87 м

1,37 га

Ұзындығы – 2433 м
ені – 87 м

1,7 га

74-4

Константинов ауылындағы шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз етуге арналған су тарту ұңғымасы және су құбырлары

Ұзындығы – 75 м
ені – 110 м

0,825 га

Ұзындығы – 148 м
ені – 72 м

0,83 га

Ұзындығы – 2418 м
ені – 72 м

1,7 га

74-5

Октябрьское ауылын шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз етуге арналған екінші көтерілімдегі сорғы станциясы

Солтүстік – 33 м
шығыс – 15 м
оңтүстік – 39 м

0,6190 га





№ 1 және № 2 таза су резервуарлары

Солтүстік – 30 м
батыс – 30 м
оңтүстік – 30 м

      ".

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі Қ. Ақсақалов

      Келісілді

      "Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      Санитариялық-эпидемиологиялық

      бақылау комитетінің Қостанай

      облысының Санитариялық-

      эпидемиологиялық бақылау

      департаменті" республикалық

      мемлекеттік мекемесі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады