"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14 бабының 4 тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабына, Мұнайлы аудандық маслихаты мен Мұнайлы ауданының әкімінің 18.12.2025 жылғы № 38/214 бірлескен шешіміне, Маңғыстау облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы қорытындысына сәйкес, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылы, Шерқала тұрғын массивінің № 266 үй мен № 863/2 үй аралығындағы көшеге Құтыш Манатов есімі берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. "Маңғыстау ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемелекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Әкім | А. Абдикадыров |
