Қарақия ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 262 "Қарақия ауданында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 5 мамырдағы № 124 қаулысы

      Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қарақия ауданында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" Қарақия ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 262 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3495 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы С. Төкенов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қарақия аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

  Қарақия ауданы әкімдігінің "____"________ 2026 жылғы №____ қаулысына қосымша
  Қарақия ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 262 қаулысына 2 қосымша

Қарақия ауданының аумағында барлық үміткерлердің үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1

Құрық ауылы

Құрық ауылындағы қоғамдық базар жанындағы ақпараттық стенд

Қарақия теміржол станциясы елдімекеніндегі орталық алаң жанындағы ақпараттық стенд

2

Мұнайшы ауылы

Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Қарақия аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйінің ғимаратының жанындағы ақпараттық стенд

"Теміржолшы" шағын ауданындағы "Жастар" саябағы жанындағы ақпараттық стенд

3

Жетібай ауылы

"Жаңақұрылыс" шағын ауданындағы "Ынтымақ" алаңы жанындағы ақпараттық стенд

4

Сенек ауылы

Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің "Қашаған Күржіманұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы ақпараттық стенд

5

Бостан ауылдық округі

Бостан ауылдық округінің саябақ алаңының жанындағы ақпараттық стенд

6

Құланды ауылдық округі

Құланды ауылдық округінің саябақ алаңының жанындағы ақпараттық стенд

7

Болашақ ауылдық округі

Болашақ ауылдық округінің саябақ алаңының жанындағы ақпараттық стенд


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады