Боранқұл ауылының атауы жоқ көшесіне атау беру туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Боранқұл ауылы әкімінің 2026 жылғы 12 қаңтардағы № 1 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 "Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта алу, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Боранқұл ауылы халқының пікірін ескере отырып, Маңғыстау облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Боранқұл ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Боранқұл ауылы, атаусыз көшеге келесі атау берілсін

      1) "Набихан Бекбауов" көшесі;

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауда өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Боранқұл ауылының әкімі А.Сиық

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады