Есет ауылының атауы жоқ көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Есет ауылы әкімінің 2026 жылғы 12 қаңтардағы № 1 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, "Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 211бұйрығына сәйкес, Есет ауылы халқының пікірін ескере отырып, Маңғыстау облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы қорытындысына негізінде, Есет ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Есет ауылының атаусыз көшелеріне (бұған дейін нөмірленіп келген) келесі атаулар берілсін:

      1) №1 аймақ №17 үйден №12А үйге дейін- "Отарбай Смайлов" көшесі;

      2) Есет ауылының кіре берісінен Есет ауылы әкімдігіне дейін - "Ауданбай Раушанов" көшесі;

      3) №1 аймақ №23 үйден №32 үйге дейін - "Қайрат Бекенов" көшесі.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Есет ауылының әкімі М.Қаниев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады