"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, "Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 211бұйрығына сәйкес, Есет ауылы халқының пікірін ескере отырып, Маңғыстау облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы қорытындысына негізінде, Есет ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Есет ауылының атаусыз көшелеріне (бұған дейін нөмірленіп келген) келесі атаулар берілсін:
1) №1 аймақ №17 үйден №12А үйге дейін- "Отарбай Смайлов" көшесі;
2) Есет ауылының кіре берісінен Есет ауылы әкімдігіне дейін - "Ауданбай Раушанов" көшесі;
3) №1 аймақ №23 үйден №32 үйге дейін - "Қайрат Бекенов" көшесі.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
| Есет ауылының әкімі | М.Қаниев |