"Сайлау учаскелерін құру туралы" Бейнеу ауданы әкімінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімінің 2026 жылғы 6 сәуірдегі № 3 шешімі.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі N 2464 Конституциялық заңына сәйкес Бейнеу ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Сайлау учаскелерін құру туралы" Бейнеу ауданы әкімінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3772 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімге қосымшада:

      №122, №131, №133, №134, №136 және №138 сайлау учаскелері жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 122 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Сам жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Бейнеу ауылының Балуанияз атындағы көшесінің №1-165 үйлері, Қ.Тоқсанбайұлы атындағы көшесінің №1-163 үйлері, Амантұрлы Батыр атындағы көшесінің №1-143 үйлері, Бозжыра көшесінің және Есекмерген батыр көшесінің қиылысынан Бозжыра көшесінің Сүгір Бегендікұлы көшесімен қиылысына дейінгі үйлер, Асау Батыр атындағы көшесінің №1-145 үйлері, Қалнияз ақын атындағы көшесінің №1-75 үйлері.";

      "№ 131 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Ә.Жанкелдин атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Сарға ауылының үйлері.";

      "№ 133 сайлау учаскесі

      Орталығы: Бейнеу аудандық әкімдігінің "Бейнеумәдениет" мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорнының Сыңғырлау ауылдық клубы.

      Шекарасы: Сыңғырлау ауылының үйлері.";

      "№ 134 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Сам №1 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Сам ауылының үйлері.";

      "№ 136 сайлау учаскесі

      Орталығы: Бейнеу аудандық әкімдігінің "Бейнеумәдениет" мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорнының Ноғайты ауылдық клубы.

      Шекарасы: Ноғайты ауылының үйлері.";

      "№ 138 сайлау учаскесі

      Орталығы: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Үстірт" бөбекжайы" жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      Шекарасы: Бейнеу ауылының С.Қилыбайұлы атындағы көшесінің №1-18 үйлері, Ж.Аймауытов атындағы, Т.Тоқтаров атындағы, Д.Нұрпейісова атындағы, Сәттіғұл атындағы,Жамбыл атындағы, Абай атындағы, Құрманғазы атындағы көшелерінің үйлері.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бейнеу ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.


      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Бейнеу ауданының әкімі Р. Шалбаев

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Бейнеу аудандық аумақтық

      сайлау комиссиясы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады