Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 14 наурыздағы "Бөгендер мен бөгеттерді салу" кәсіптік стандартын бекіту туралы" № 45-НҚ және 2025 жылғы 14 наурыздағы "Гидротехникалық мелиорация" кәсіптік стандартын бекіту туралы" № 46-НҚ бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2026 жылғы 8 шілдедегі № 209-НҚ бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бөгендер мен бөгеттерді салу" кәсіптік стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 14 наурыздағы № 45-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Бөгендер мен бөгеттерді салу" кәсіптік стандартында:

      2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) гидротехникалық құрылысжайлар – су ресурстарын пайдалануды реттеуге (оның ішінде, жерүсті су объектілерінің суларын алуға, сақтауға, тасуға, бөлуге және дренаждық суларды бұруға) арналған құрылысжайлар, сондай-ақ судың зиянды әсерінен қорғауға арналған өзге де құрылысжайлар (су тежейтін, су ағызатын және су жіберетін құрылысжайлар, су басудан және жағалаудың бұзылуынан қорғауға арналған құрылысжайлар);";

      2-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) нормативтік құқықтық акт – белгіленген нысандағы, жалпыхалықтық референдумда қабылданған не уәкілетті органмен қабылданған, құқық нормаларын белгілейтін, өзгертетін, толықтыратын, олардың қолданылуын тоқтататын немесе тоқтата тұратын жазбаша ресми құжат.".

      2. "Гидротехникалық мелиорация" Кәсіптік стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 14 наурыздағы № 46-НҚ бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Гидротехникалық мелиорация" кәсіптік стандартында:

      кәсіпорын "Директоры (бастық, басқарушы)" кәсібінің карточкасында еңбек функцияларының сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Еңбек функцияларының сипаттамасы

1-еңбек функциясы: Кәсіпорынның даму стратегиясын әзірлеу және жүзеге асыруды ұйымдастыру.

1-дағды: Ұйымдық құрылымды анықтау және ресурстарды бөлу.

Машық:

1. Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетігін айқындау.
2. Барлық құрылымдық бөлімшелердің тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастыру, олардың қызметін нарықтық жағдайдағы өзгерістерге жылдам ден қоятын, тауарлар мен қызметтерді икемді және ұтқыр өндіруді дамыту мен жетілдіруге бағыттау.
3. Ұйым жұмысының тиімділігі мен пайдасын арттыруды қамтамасыз ету.
4. Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіптік білімдері мен тәжірибесін тиімді пайдалану мен дамыту, адам өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасау, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманың талаптарын сақтау, ұжымда қолайлы психологиялық орта қалыптастыру бойынша шаралар қабылдау.
5. Басқарудың экономикалық және әкімшілік әдістерінің үйлесуін, өндірістік және өзге мәселелерді талқылау мен шешуді, өндірістің тиімділігін арттыруды материалдық және моральдық көтермелеуді қамтамасыз ету.

Білімі:

1. Су шаруашылығы саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары.
2. Ұйымның өндірістік қызметінің және саланың ерекшеліктері.
3. Елдегі және шетелдегі саяси, құқықтық, әлеуметтік-мәдени, экономикалық, технологиялық жағдайдың даму заңдылығы.
4. Сыртқы орта тарапынан ұйым үшін мүмкіндіктер мен қауіптерді айқындаудың және бағалаудың қағидаттары, әдістері, технологиялары мен құралдары.
5. Ұйымның күшті және әлсіз жақтарын талдау қағидаттары, әдістері, технологиялары, құралдары.
6. Бәсекелестердің бәсекелестік артықшылықтарын және стратегияларын бағалау әдістері, технологиялары, құралдары.
7. Ұйымның өндірістік, қаржылық, маркетингтік, инновациялық қызметін талдау әдістерін, технологиялары мен құралдары.

2-еңбек функциясы: Ресурстарды тиімді пайдалануды бақылау мен үйлестіруді ұйымдастыру.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

2-дағды Кәсіпорын қызметінің мүмкіндіктері мен тәуекелдерін бағалауды, артықшылықтарын талдауды жүргізу.

Машық:

1. Қабылданатын шешімдердің орындалуын, ұйым теңгеріміндегі мүліктің сақталуын және тиімді пайдаланылуын, сондай-ақ оның қызметінің қаржылық-шаруашылық нәтижелерін қамтамасыз ету.
2. Барлық құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастыру, сондай-ақ олардың қызметін бағалауды жүргізу.
3. Ұйым жұмысының тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету және жұмыс нәтижелерін талдау.
4. Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың біліктілік деңгейін арттыру, олардың қызмет нәтижелерін бағалау жөніндегі шараларды қабылдау.
5. Басқарудың экономикалық және әкімшілік әдістерінің үйлесуін, өндірістік және өзге мәселелерді талқылау мен шешуді, өндірістің тиімділігін арттыруды материалдық және моральдық көтермелеуді қамтамасыз ету.
6. Кәсіпорынның жұмысын жетілдіру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу, енгізілген өзгерістерді мониторингтеуді жүзеге асыру.

Білімі:

1. Ұйымның өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін, мемлекеттік органдардың заңдары және өзге де нормативтік құқықтық актілері.
2. Ұйымның қызметіне қатысы бар өзге де органдардың әдістемелік және басқа да материалдары.
3. Ұйымның бейіні, мамандануы және құрылымының ерекшелігі.
4. Ұйымның өндірістік қуаты мен кадр ресурстары.
5. Салық заңнамасы.
6. Ұйымның өндірістік-шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметінің бизнес-жоспарларын жасау және келісу тәртібі.
7. Ұйым шаруашылығын жүргізу және басқарудың заманауи әдістері.
8. Стратегиялық жоспарлау, нарықтың сыртқы және ішкі (өзінің секторы және онымен өзара байланыс) конъюнктурасын, бәсекелестер, өнім берушілер мен тұтынушыларды білу.
9. Озық шетелдік және отандық тәжірибе саласындағы ғылыми-техникалық жетістіктері.
10. Шаруашылық және қаржылық шарттар жасау және оларды орындау тәртібі.
11. Салалық келісімдерді, ұжымдық шарттарды әзірлеу және жасасу және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу тәртібі.
12. Ұйымның экономикасы мен қаржысын басқару, өндіріс пен еңбектің ұйымдастырылуы.
13. Еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібін, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

3-еңбек функциясы: Кәсіпорынның бизнес-процестерін басшылыққа алу.

1-дағды: Кәсіпорынның жұмысын тиімді басқаруды жүзеге асыру.

Машық:

1. Ұйымның өндірістік, шаруашылық және қаржылық-шаруашылық қызметіне заңнамаға сәйкес басшылық жасау.
2. Қабылданатын шешімдердің орындалу, ұйым теңгеріміндегі мүлікті сақтау және толық пайдаланылу, сондай-ақ оның қызметінің қаржылық-шаруашылық нәтижелерін қамтамасыз ету.
3. Өзге ұйымдармен немесе заңды тұлғалармен шарттар, келісімшарттар, операциялар жасау, өкімдер мен бұйрықтар шығару және іскерлік кездесулерде ұйымның атынан өкілдік ету.
4. Ұйымның мемлекеттік бюджет, жинақтаушы зейнетақы қорлары және сақтандыру қорлары, өнім берушілер, тапсырыс берушілер және банк мекемелерін қоса алғанда, кредиторлар алдындағы міндеттемелерінің, сондай-ақ шаруашылық және еңбек шарттарының (келісімшарттарының) және индикативті жоспар мен бизнес-жоспарлардағы көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету.
5. Әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шарттарды әзірлеу, жасау және орындау, еңбек және өндіріс тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету, жұмыскерлердің еңбекке ынталылығын, бастамасын және белсенділігін дамытуға ықпал ету.
6. Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық және өндірістік-шаруашылық қызметіне қатысты мәселелерді оған заңнама бойынша берілген құқықтар шегінде шешу, өзге лауазымды адамдарға – директорлардың орынбасарларына, кәсіпорынның өндірістік бірліктері мен филиалдарының, сондай-ақ функционалдық және өндірістік бөлімшелерінің басшыларына қызметтің жекелеген бағыттарын жүргізуді тапсыру.

Білімі:

1. Заңды, өзге де нормативтік құқықтық актілерді және ұйымның өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін, мемлекеттік органдардың актілерін.
2. Ұйымның қызметіне қатысы бар өзге де органдардың әдістемелік және нормативтік материалдары.
3. Ұйымның бейіні, ерекшелігі және құрылымының ерекшелігі.
4. Ұйымның өндірістік қуаты мен кадр резервтері.
5. Ұйым өнімін өндіру технологиясы.
6. Салық заңнамасы.
7. Ұйымның өндірістік-шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметінің бизнес-жоспарларының жасалуын және келісу тәртібі. 8. Ұйым шаруашылығын жүргізу және басқарудың заманауи әдістері.
9. Стратегиялық жоспарлау, нарық - сыртқы және ішкі (өзінің секторы және онымен өзара байланыс) конъюнктурасын, бәсекелестерін, өнім берушілері мен тұтынушылары.
10. Озық шетелдік және отандық тәжірибе саласындағы ғылыми-техникалық жетістіктері.
11. Тиісті қызмет түрінің тәжірибесі және үздік ұқсас ұйымдардың қызмет тәжірибесі.
12. Шаруашылық және қаржылық шарттар жасау және оларды орындау тәртібі.
13. Салалық келісімдерді, ұжымдық шарттарды әзірлеу мен жасасу және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу тәртібі.
14. Ұйымның экономикасы мен қаржысын басқару, өндіріс пен еңбекті ұйымдастырылуы.
15. Еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

2-дағды: Басқарудың жоғарғы звеносы менеджерлері командасының қызметін үйлестіру.

Машық:

1. Басқарушылық қызметке талдау жүргізу.
2. Басқарушы деңгейдегі команданың пікірін ескере отырып, ымыраға келу және өз ұстанымын қорғау.
3. Жоспарларды, жобаларды, қызмет нәтижелерін, жағдайды, жекелеген рәсімдердің тиімділігін бағалау.
4. Кәсіпорынды және оның командасын дамыту бөлігінде директорлар кеңесімен келіссөздер жүргізу.
5. Кәсіпорынның пайда, инвестиция тарту және рентабельділік, айналым сияқты тиімділік көрсеткіштері бойынша басқарудың жоғарғы деңгейдегі менеджерлері командасының қызметін бағалау.

Білімі:

1. Әртүрлі топтарды басқаруға қатысу әдістері мен технологиялары.
2. Ұйымды қолдаудың ықтимал әдістері бойынша сыртқы мүдделі тараптар топтарын әзірлеу және келісу тәртібі.
3. Ұйымға сыртқы топтардан келетін жағымсыз әсерлерді азайту әдістері мен технологиялары.

Дағдыны тану мүмкіндігі:

Ұсынылмайды

Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттар тізбесі:

-

CБШ ішіндегі басқа кәсіптермен байланыс

СБШ деңгейі

Кәсіптің атауы

8

Бас директор

      "

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация министрі
Н. Нұржігітов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министірлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады