Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Мұнайлы ауданы бойынша 2024-2026 жылдарда субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы" Маңғыстау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 7/75 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4658-12 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыстық мәслихат төрағасы | Ж. Матаев |
| Маңғыстау облысы мәслихатының 2026 жылғы 29 маусымдағы № 28/331 шешіміне қосымша |
Мұнайлы ауданы бойынша субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастарының тізбесі
№ | Маршрут атауы және (немесе) нөмірі | Маршрут түрі |
1 | № 13А "Маңғыстау – Дәулет – Қызылтөбе" | Ауданішілік |
2 | "Маңғыстау – Атамекен" | Ауданішілік |
3 | "Маңғыстау – Батыр" | Ауданішілік |
4 | "Маңғыстау – Баянды" | Ауданішілік |
5 | №14 "Батыр" | Ауылішілік |
