"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағы 5-8) тармақшасына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысының су объектілерінде рекреациялық балық аулау аймақтары белгіленсін.
2. "Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесінің электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Маңғыстау облысының әкімі | Н. Қилыбай |
| Маңғыстау облысы әкімдігінің 2026 жылғы "____" __________ № _____ қаулысына қосымша |
Маңғыстау облысының су объектілеріндегі рекреациялық балық аулау аймақтары
№ | Учаскенің атауы | Орналасқан жері | Сипаттама | Учаскенің координаттары |
Каспий теңізі | ||||
1. | Төртінші балық шаруашылығы ауданы, № 2 учаскесі | Аралды жерінен Сағақұдық жеріне дейін |
Ұзындығы, шақырым: 14,5 |
N 44°17'47.54", E 50°25'20.48" |
2. | Төртінші балық шаруашылығы ауданы, № 5 учаскесі | Сағындық мүйісінен Ақтау қаласы шекарасына дейін |
Ұзындығы, шақырым: 42 |
N 44°01'22.50", E 50°52'25.48" |
3. | Төртінші балық шаруашылығы ауданы, № 5-1 учаскесі | Ақтау қаласы аумағында |
Ұзындығы, шақырым: 50,5 |
N 43°43'29.54", E 51°05'02.90" |
4. | Төртінші балық шаруашылығы ауданы, № 5-2 учаскесі | Ақтау қаласы шекарасынан Песчаный мүйісіне дейін |
Ұзындығы, шақырым: 21 |
N 43°21'21.95", E 51°18'46.80" |
5. | Бесінші балық шаруашылығы ауданы, № 1-2 учаскесі | Ерсай портынан Құрық ауылы |
Ұзындығы, шақырым: 10,5 |
N 43°11'02.23", E 51°35'19.19" |
