"Мемлекеттік мекемелер туралы ережелерді бекіту жөніндегі кейбір мәселелер туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 19 ақпандағы № 57 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2026 жылғы 14 сәуірдегі № 69 қаулысы

      Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік мекемелер туралы ережелерді бекіту жөніндегі кейбір мәселелер туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 19 ақпандағы № 57 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 207401 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 8-қосымшасында:

      15-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "15. Функциялары:

      1) стратегиялық: жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; өз құзыреті шегінде аквакультура саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; облыс аумағында балық ресурстарын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында ғылыми зерттеулер мен жобалау-іздестіру жұмыстарын ұйымдастыру және (немесе) қамтамасыз ету; облыс әкімінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыстық консультативтік-кеңесші, үйлестіруші және алқалы органдардың жұмысына қатысу; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру;

      2) реттеу: жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін бекітуді ұйымдастыру; рекреациялық балық аулау аймақтарын белгілеу жөніндегі шараларды жүзеге асыру; балық шаруашылығы учаскелерінің шекараларын белгілеу, тонилерді (тонелік учаскелерді) ашу және жабу жөніндегі шараларды жүзеге асыру; балық ресурстарын пайдалануға рұқсаттар беру (екі және одан да көп облыс аумағында орналасқан су айдындарындағы ғылыми-зерттеу аулауына, сондай-ақ сирек және жойылып кету қаупі төнген түрлерге қатысты жағдайларды қоспағанда);

      3) іске асыру: бекітілмеген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жануарлардың ауруы немесе қырылу қаупі туындаған жағдайда оларға көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен интродукция, реинтродукция, гибридизация, сондай-ақ сирек және жойылып кету қаупі төнген балық түрлерін жасанды өсіру жөніндегі қызметті ұйымдастыру; ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына кірмейтін резервтік қордағы балық шаруашылығы су айдындары мен (немесе) учаскелерінде қорғауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету; ғылыми ұсынымдар негізінде балық шаруашылығы су айдындары мен (немесе) учаскелерін паспорттауды жүргізу; уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің шешімі негізінде, қырылу қаупі туындаған жағдайда мелиорациялық балық аулауды ұйымдастыру; қырылу қаупі бар су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық аулауды жүзеге асыру және (немесе) ұйымдастыру; балық өнімдерін қайта өңдеуді субсидиялау; аквакультура субъектілерін және аквакультураны дамытуды қамтамасыз ететін субъектілерді субсидиялау;

      4) бақылау: балық шаруашылығы су айдындары мен (немесе) учаскелері туралы ақпараттық деректердің толықтығын, өзектілігін және жаңартылуын қамтамасыз ету, оларды өз интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында орналастыру; өз интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында орналастырылған ақпараттық деректерді толықтыруды және тұрақты түрде жаңартуды қамтамасыз ету.".

      2. "Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Маңғыстау облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі Н. Қилыбай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады