Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарын құру туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 53 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2658 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының1 тармағының екінші абзацы алып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Маңғыстау облысы әкімінің міндетін атқарушы | Т. Жеткізгенұлы |