Әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар үшін таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының әкімдігінің 2026 жылғы 16 шілдедегі № 107 қаулысы

      "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі" Қазақстан Республикасы Кодексінің 56-бабының 2-тармағына және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар үшін таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі мемлекеттік кәсіпорынның таза табысының сомасынан 50 (елу) пайыз мөлшерінде белгіленсін.

      2. "Жаңақорған ауданының экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау жетекшілік ететін сала орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жаңақорған ауданының әкімі Ғ. Жарқынбек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады