Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56-бабы 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 140-бабы 2-тармағына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі таза табыс кірісі сомасының 50 пайызы мөлшерінде белгіленсін.
2. Қызылорда қаласы әкімдігінің "Қызылорда қаласының экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне енгізу және жариялау үшін жолдауды;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қызылорда қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қызылорда қаласының әкімі | Н. Ахатов |
