Әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар үшін таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы әкімдігінің 2026 жылғы 9 маусымдағы № 112 қаулысы

      "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі" Қазақстан Республикасы Кодексінің 56-бабының 2-тармағына және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар үшін таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі мемлекеттік кәсіпорынның таза табысының сомасынан 50 (елу) пайыз мөлшерінде белгіленсін.

      2. "Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі М. Ергешбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады