Бұқар жырау ауданының Самарқанд су қоймасында рекреациялық балық аулау аймағын белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының әкімдігінің 2026 жылғы 26 мамырдағы № 39/07 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, рекреациялық балық аулауды дамыту және су биологиялық ресурстарын ұтымды пайдалану мақсатында, Бұхар жырау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бұқар жырау ауданының Самарқанд су қоймасында аумағы 2816 га рекреациялық балық аулау аймағы ортақ су пайдалану талаптарын ескере отырып, осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Бұқар жырау ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      Бұқар жырау ауданының әкімі Е.Құсайын

  Бұқар жырау ауданының
әкімдігінің 2026 жылғы
"26" мамырдағы № 39/07
қаулысына қосымша

Самарқанд су қоймасының рекреациялық балық аулау аймағы

Қызмет түрі

Аумағы

Учаскелердің шекаралары мен координаттары

1

Әуесқой (спорттық) балық аулау

2816 га

50° 6'58.02"С 72°59'26.65"В нүктеден әрі қарай акватория бойынша 50°6'27.88"С 73° 1'24.40"В нүктеге дейін және оңтүстік жағалауға 50° 5'17.49"С 73° 2'28.70"В, нүктесіне дейін, бұдан әрі технологиялық су пайдалану аймағының шекарасымен 50° 4'24.65"С 72°59'14.19"В нүктеге дейін, бұдан әрі 50° 4'29.34"С 72°58'21.11"В – 50°4'38.09"С 72°58'2.65"В – 50° 4'21.04"С 72°57'8.07"В – 50° 3'59.04"С 72°57'1.58"В маршруты бойынша, осы нүктеден жағалау сызығымен 50° 5'58.88"С 72°55'10.04"В нүктесіне дейін және қарама-қарсы жағалаудағы 50° 6'9.12"С 72°55'42.22"В нүктесіне дейін, әрі қарай жағалау сызығы бойынша 50° 7'15.73"С 72°58'33.66"В нүктесіне дейін және 50° 7'8.58"С 72°58'52.81"В нүктесінен және одан жағалау сызығы бойымен бастапқы 50° 6'58.02"С 72°59'26.65"В нүктеге дейін.

2

Балық аулауды қоспағанда, халықтың демалуы мен көңіл көтеруіне арналған акватория

109 га

1) 50° 4'29.34"С 72°58'21.11" В нүктеден әрі қарай: 50° 4'38.09"С 72°58'2.65"В – 50° 4'21.04"С 72°57'8.07"В – 50° 3'59.04"С 72°57'1.58"В,
2) "Самал" шипажайының алдындағы шығанақты 50° 7'15.73"С 72°58'33.66"В нүктеден 50° 7'8.58"С 72°58'52.81"В нүктеге дейінгі координаттармен кесіп өтеді


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады