Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Абай ауданының әкімінің 2026 жылғы 6 мамырдағы № 02 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50 бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың жіктемесін белгілеу туралы" бұйрығымен, 2026 жылғы 27 сәурдеғы № 2 төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссия отырысының хаттамасына сәйкес, Абай ауданының әкімі ШЕШТІМ:

      1. Қарағанды облысы Абай ауданының Абай қаласында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Абай ауданы әкімінің орынбасары Айдос Елеубекович Аскаров тағайындалсын.

      3. Осы шешімнің орындауын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 26 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Абай ауданының әкімі С. Оспанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады