Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 56-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын Саран қаласының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза табысының бір бөлігін аудару нормативі таза табыс сомасының 50 пайызы мөлшерінде белгіленсін.
2. "Саран қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаулының қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және жариялау үшін электронды түрде жолдасын;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Саран қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырсын.
3. "Саран қаласының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісін аудару нормативін бекіту туралы" Саран қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 23 қарашадағы № 45/06 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Саран қаласының әкімі | Д. Бұлқайыр |
