БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қарамағындағы аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 шілдедегі № 347 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының батыс өңіраралық басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын;
"13. Міндеті: мемлекеттік бақылау функциясын іске асыру, сондай-ақ көмірсутектерге, мұнай-газға, мұнай-химия өнеркәсібіне, көмірсутек тасымалдауға, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруге, газ және газбен жабдықтауға, магистральдық құбырларға қатысты бөліктегі мемлекеттік саясаттың орындалуын қамтамасыз ету.";
2) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
"2) жер қойнауын пайдалану, көмірсутектер, газ және газбен жабдықтау салаларындағы есептік деректерді, қызмет туралы ақпаратты белгіленген тәртіппен жасайды және Министрліктің Мұнай және газ салаларындағы мемлекеттік бақылау департаментіне ұсынады;";
4) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
"4) мынадай салаларда:
көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасы талаптарының сақталуына;
көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібінің сақталуына;
мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiруге;
өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының магистральдық құбыры туралы заңнамасының сақталуына;
газ және газбен жабдықтау саласында;
жер қойнауын пайдалану саласында көмірсутектерді өндіру бойынша жобалау құжаттары ережелерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;";
7) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
"7) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жасайды;";
9) тармақша жаңа редакцияда жазылсын, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
14) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
"14) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай және газ салаларындағы мемлекеттік бақылау департаментіне келісу үшін өз құзыреті шегінде қызметті жүзеге асыру және ұстауға қажетті тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге деген қажеттілікті жолдайды;";
мынадай мазмұндағы 26-1), 26-2), 26-3), 26-4), 26-5), 26-6), 26-7) және 26-8) тармақшаларымен толықтырылсын:
"26-1) жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс іс-шараларына Басқарма құзыреті шегінде қатысу;
26-2) профилактикалық бақылау мен тексерулер жүргізу кезінде тәуекел дәрежесін бағалаудың бекітілген өлшемшарттары мен тексеру парақтарын қолданады;
26-3) Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған профилактикалық бақылауды жүзеге асырады;
26-4) жіберілген бұзушылықтардың себептері мен шарттарын талдау және олардың алдын алу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
26-5) Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын бақылаудағы салалардағы жай-күйіне талдауды жүзеге асырады және профилактикалық бақылау мен тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтардың себептері мен шарттарына талдау жүргізеді;
26-6) бақылаудағы салалардағы тәуекелдерді талдамалық бағалауды, оның ішінде тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесінің нәтижелері негізінде жүзеге асырады;
26-7) тәуекелдерді азайту, бұзушылықтардың алдын алу және мемлекеттік бақылауды жетілдіру бойынша талдамалық материалдар, шолулар мен ұсыныстар дайындайды;
26-8) жетекшілік ететін салалардағы нормативтік құқықтық актілерді және құқық қолдану практикасын жетілдіру жөнінде белгіленген тәртіппен Энергетика министрлігіне ұсыныстар енгізеді.";
8) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
"8) белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы Министрлік басшылығына немесе құқық органдарына дереу хабарлайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар қабылдайды;";
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшасымен толықтырылсын:
8-1) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі шаралар қабылдайды;";
18-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
18. Басқарманы жетекшілік ететін вице-министрдің ұсынымын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің келісуі бойынша Министрліктің аппарат басшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын басшы басқарады.";
мынадай мазмұндағы 5-1, 5-2) және 5-3) тармақшаларымен толықтырылсын:
"5-1) Басқарма жұмысын ұйымдастырады және басқарады, басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуы және оның функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауапкершілікте болады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Энергетика министріне және жетекшілік ететін вице-министрге есеп береді;
5-2) Басқарманың қызметіне Қазақстан Республикасының Энергетика министрі бекітетін міндеттерді бөлуге сәйкес Қазақстан Республикасы энергетика вице-министрі жетекшілік етеді;
5-3) Басқарма басшысы Қазақстан Республикасының Энергетика министріне және жетекшілік ететін вице-министрге есеп береді және олардың бақылауында болады;";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының оңтүстік өңіраралық басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын;
"13. Міндеті: мемлекеттік бақылау функциясын іске асыру, сондай-ақ көмірсутектерге, мұнай-газға, мұнай-химия өнеркәсібіне, көмірсутек тасымалдауға, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруге, газ және газбен жабдықтауға, магистральдық құбырларға қатысты бөліктегі мемлекеттік саясаттың орындалуын қамтамасыз ету.";
2) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
"2) жер қойнауын пайдалану, көмірсутектер, газ және газбен жабдықтау салаларындағы есептік деректерді, қызмет туралы ақпаратты белгіленген тәртіппен жасайды және Министрліктің Мұнай және газ салаларындағы мемлекеттік бақылау департаментіне ұсынады;";
4) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
"4) мынадай салаларда:
көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу кезінде жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуына;
көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібінің сақталуына;
мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiруге;
өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының магистральдық құбыры туралы заңнамасының сақталуына;
газ және газбен жабдықтау саласында;
жер қойнауын пайдалану саласында көмірсутектерге қатысты бөліктегі жобалау құжаттары ережелерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;";
7) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
"7) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жасайды;";
9) тармақша жаңа редакцияда жазылсын, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
14) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
"14) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай және газ салаларындағы мемлекеттік бақылау департаментіне келісу үшін өз құзыреті шегінде қызметті жүзеге асыру және ұстауға қажетті тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге деген қажеттілікті жолдайды;";
мынадай мазмұндағы 26-1), 26-2), 26-3), 26-4), 26-5), 26-6), 26-7) және 26-8) тармақшаларымен толықтырылсын:
"26-1) жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс іс-шараларына Басқарма құзыреті шегінде қатысу;
26-2) профилактикалық бақылау мен тексерулер жүргізу кезінде тәуекел дәрежесін бағалаудың бекітілген өлшемшарттары мен тексеру парақтарын қолданады;
26-3) Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған профилактикалық бақылауды жүзеге асырады;
26-4) жіберілген бұзушылықтардың себептері мен шарттарын талдау және олардың алдын алу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
26-5) Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын бақылаудағы салалардағы жай-күйіне талдауды жүзеге асырады және профилактикалық бақылау мен тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтардың себептері мен шарттарына талдау жүргізеді;
26-6) бақылаудағы салалардағы тәуекелдерді талдамалық бағалауды, оның ішінде тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесінің нәтижелері негізінде жүзеге асырады;
26-7) тәуекелдерді азайту, бұзушылықтардың алдын алу және мемлекеттік бақылауды жетілдіру бойынша талдамалық материалдар, шолулар мен ұсыныстар дайындайды;
26-8) жетекшілік ететін салалардағы нормативтік құқықтық актілерді және құқық қолдану практикасын жетілдіру жөнінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне ұсыныстар енгізеді;";
8) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
"8) белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы Министрлік басшылығына немесе құқық органдарына дереу хабарлайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар қабылдайды;";
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшасымен толықтырылсын:
8-1) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі шаралар қабылдайды;";
18-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
18. Басқарманы жетекшілік ететін вице-министрдің ұсынымын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің келісуі бойынша Министрліктің аппарат басшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын басшы басқарады.";
мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2) және 5-3) тармақшаларымен толықтырылсын:
"5-1) Басқарма жұмысын ұйымдастырады және басқарады, басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуы және оның функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауапкершілікте болады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Энергетика министріне және жетекшілік ететін вице-министрге есеп береді;
5-2) Басқарманың қызметіне Қазақстан Республикасының Энергетика министрі бекітетін міндеттерді бөлуге сәйкес Қазақстан Республикасы энергетика вице-министрі жетекшік етеді;
5-3) Басқарма басшысы Қазақстан Республикасының Энергетика министріне және жетекшілік ететін вице-министрге есеп береді және олардың бақылауында болады;".
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай және газ салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасының және оның аумақтық органдарының интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
Е. Ақкенженов |
