"Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 17 маусымдағы № 279-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 25 маусымдағы № 304-НҚ бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 17 маусымдағы № 279-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесінде:

      реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1

Нормативтік құқықтық актілер (Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заңдар, конституциялық заңдар, кодекстер, шоғырландырылған заңдар, заңдар, Қазақстан Республикасы Құрылтайының қаулылары)

Тұрақты

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар.

      ";

      реттік нөмірі 15-жолдың бірінші абзацы мен 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

15

Мыналардың хаттамалары, шешімдері, ұсыныстары, қорытындылары, стенограммалары (аудиовизуалды жазбалар) және оларға қатысты құжаттар (анықтамалар, қорытындылар, баяндамалар және басқа құжаттар):
1) Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасы Вице-Президенті, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшылығы шақыратын отырыстардың, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың, Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің, Қазақстан Республикасының Жоғары сот кеңесінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесінің, Қазақстан Халық Кеңесі отырыстарының;

Тұрақты

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар.

      ";

      реттік нөмірі 15-жолдың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

15

7) Республикалық бюджет комиссияның, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссиялары отырыстарының;

Тұрақты

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар.

      ";

      реттік нөмірі 15-жолдың 8) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "

15

8) акционерлердің, акционерлік қоғам директорлар кеңесінің, шаруашылық серіктестіктер құрылтайшыларының (қатысушыларының) жалпы жиналыстарының;

Тұрақты

Электрондық құжаттар*.

9) ұйымның комиссиялары, кеңестері, алқалық, атқарушы және консультативтік-кеңесші органдарының;

Тұрақты

Электрондық құжаттар*.

      ";

      реттік нөмірі 15-жолдың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

15

13) Қазақстан Республикасы азаматтары жиналыстарының (жиындарының);

5 жыл СТК

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар.

      ";

      реттік нөмірі 29-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

29

Қазақстан Республикасы Құрылтайының, жергілікті өкілді органдар депутаттарының сұрау салулары және оларды қарау жөніндегі құжаттар

Тұрақты

Электрондық құжаттар*.

      ";

      реттік нөмірі 32-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

32

Жеке тұлғалардың, заңды тұлғалар өкілдерінің қабылдауды есепке алу, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу және орындалуын бақылау кітаптары, журналдары, карточкалары (деректер қоры)

5 жыл

Электрондық құжаттар*.

      ";

      реттік нөмірі 38-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

38

Ұйым қызметінің негізгі бағыттары бойынша тізбелер

Тұрақты

Электрондық құжаттар*. Тізбені жүргізу функциясын атқаратын ұйымда сақталады.

      ";

      реттік нөмірі 122-жолдың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "

122

3) ұйым басшысының жеке құрам бойынша (жұмысқа қабылдау (тағайындау, оқуға қабылдау), жұмыстан босату (шығару), ауысу, туралы) нормативтік емес құқықтық актілерін (бұйрықтар мен өкімдерді);

75 жыл СТК

Электрондық құжаттар*. Ұйымда сақталады. Егер ғылыми-анықтамалық аппарат ретінде пайдаланылса, тұрақты мемлекеттік сақтауға қабылдануға жатады.

4) ұйым басшысының жеке құрам бойынша (іссапарлар, демалыстар, көтермелеу, біліктілікті арттыру, тәртіптік жазалар қолдану және алып тастау, аттестаттау, білім алу, атақтар (шендер) беру, тегін (әкесінің атын) өзгерту жөнінде, марапаттау, еңбекақы төлеу, сыйақы беру, төлемдер, жәрдемақылар туралы) нормативтік емес құқықтық актілерін (бұйрықтар мен өкімдерді);

5 жыл СТК

Электрондық құжаттар*.

      ";

      реттік нөмірі 133-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

133

Цифрлық жүйелердің деректер базасын сүйемелдеу, дамыту бойынша құжаттар

5 жыл СТК

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар.

      ";

      реттік нөмірі 146-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

146

Архивтік анықтамаларды, архивтік құжаттардың көшірмелерін, архивтік құжаттардан үзінді көшірмелер беруді тіркеу кітаптары, журналдары, карточкалары, деректер базасы

5 жыл СТК

Электрондық құжаттар*.

      ";

      реттік нөмірі 157-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

157

Қазақстан Республикасының, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әлеуметтік-экономикалық даму жоспарлары, ұлттық компаниялар мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекеттің қатысуымен акционерлік қоғамдардың даму жоспарлары

Тұрақты

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар.

      ";

      реттік нөмірі 158-жолдың бірінші абзацы мен 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

158

Қазақстан Республикасының, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларының жобалары, ұлттық компаниялардың, республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекеттің қатысуымен акционерлік қоғамдардың даму жоспарларының жобалары:
1) әзірленген орны бойынша;

Тұрақты

Электрондық құжаттар*.

      ";

      реттік нөмірі 159-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

159

Қазақстан Республикасының, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық, операциялық жоспарларын, ұлттық компаниялардың, республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекеттің қатысуымен акционерлік қоғамдардың даму жоспарларын түзету және орындау бойынша құжаттар

Тұрақты

Электрондық құжаттар*.

      ";

      реттік нөмірі 181-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

181

Шетелдік заңды тұлғалармен тарифтер туралы хат алмасу

15 жыл СТК

Электрондық құжаттар*.

      ";

      реттік нөмірі 187-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

187

Бюджеттік сұраным

5 жыл СТК

Электрондық құжаттар*.

      ";

      реттік нөмірі 391-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

391

Ғимараттарды, үй-жайларды, жер учаскелерін жалға алу шарттарын тіркеу кітаптары, журналдары, карточкалары, деректерқоры

Тұрақты

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар. Тиісті цифрлық жүйе бар болған жағдайда.

      ";

      реттік нөмірі 439-жолдың бірінші абзацы мен 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

439

Есепке алу журналдары, кітаптары (цифрлық деректер базасы):
1) қауіпсіздік техникасы бойынша алдын алу жұмыстарын;

5 жыл

Электрондық құжаттар* Тиісті деректер базасы бар болған жағдайда.

      ";

      реттік нөмірі 452-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

452

Қазақстан Республикасы азаматтарының аз қорғалған санаттары үшін бос жұмыс орындарының квотасын беру туралы құжаттар

5 жыл СТК

Электрондық құжаттар*.

      ";

      реттік нөмірі 461-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

461

Еңбек шарттары, келісімшарттар

75 жыл

Электрондық құжаттар*.

      ";

      реттік нөмірі 462-жолдың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

462

2) астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың ұйым басшыларының;

Тұрақты

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар.

      ";

      реттік нөмірі 478-жолдың бірінші абзацы мен 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

478

Тізімдер (цифрлық деректер базасы):
1) жоғарғы және орта арнаулы білімі бар инженерлік-техникалық қызметкерлердің;

75 жыл

Электрондық құжаттар*.

      ";

      реттік нөмірлері 479 және 480-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

479

Шетел визаларын ресімдеу және алу бойынша өтінімдер

5 жыл

Электрондық құжаттар*.

480

Әскери міндеттілерді әскерге шақыруды және кейінге шегеруді есепке алу туралы, әскери басқару органдарымен әскери есептілік мәселелері бойынша хат алмасу

3 жыл

Электрондық құжаттар*.

      ";

      реттік нөмірі 482-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

482

Әскери есептілік және запастағы Қазақстан Республикасының азаматтарын брондаудың жай-күйін тексеру журналдары

5 жыл

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар.

      ";

      реттік нөмірі 485-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

485

Есепке алу кітаптары, журналдары, карточкалары (цифрлық деректер базасы):
1) жұмыскерлерді қабылдауды, ауыстыруды, босатуды;

75 жыл

Электрондық құжаттар*.

2) жеке істерді, жеке карточкаларды, еңбек шарттарын (келісімшарттарын) еңбек келісімдерін;

75 жыл

Электрондық құжаттар*.

3) еңбек кітапшалары мен олардың қосымша беттерін беруді (қозғалысын есепке алуды);

75 жыл

Электрондық құжаттар*.

4) жалақы, еңбек өтілі, жұмыс орны туралы анықтамалар беруді;

5 жыл

Электрондық құжаттар*.

5) әскери есепке жататын адамдарды;

3 жыл

Электрондық құжаттар*.

6) Қазақстан Республикасының шетелдік өкілдіктер мен мекемелерге, халықаралық ұйымдарға жіберілген жұмыскерлер мен олардың отбасы мүшелерінің келуі мен кетуін тіркеуді;

5 жыл

Электрондық құжаттар*.

      ";

      реттік нөмірі 498-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

498

Жұмыскерлердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын оқу орындары (ұйымдары) тыңдаушыларының курстық және бақылау жұмыстары

1 жыл

Электрондық құжаттар*.

      ";

      реттік нөмірі 503-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

503

Жұмыскерлердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын, оқу орындары (ұйымдары) тыңдаушыларының сабақтарына қатысуды есепке алу кітаптары, журналдары (цифрлық деректер базасы)

1 жыл

Электрондық құжаттар*.

      ";

      реттік нөмірі 514-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

514

Мемлекеттік және ведомстволық наградаларды беруді есепке алу журналдары (цифрлық деректер базасы)

Тұрақты

Электрондық құжаттар*.

      ";

      реттік нөмірі 517-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

517

Жоғалған мемлекеттік және ведомстволық наградалар құжаттарының теңнұсқаларын беруді есепке алу журналдары (цифрлық деректер базасы)

Тұрақты

Электрондық құжаттар*.

      ";

      реттік нөмірі 532-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

532

Дипломатиялық және қызметтік паспорттарды ресімдеу, қайта тіркеу және жою бойынша құжаттар, сонымен қатар, журналдар (цифрлық деректер базасы)

5 жыл

Электрондық құжаттар*.

      реттік нөмірі 534-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

534

Визаларды беруді тіркеу журналдары (цифрлық деректер базасы)

3 жыл

Электрондық құжаттар*.

      ";

      реттік нөмірі 539-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

539

Ұйымға халықаралық ұйым өкілдерінің келуін есепке алу журналдары (цифрлық деректер базасы), карточкалары

5 жыл

Электрондық құжаттар*.

      ";

      реттік нөмірі 568-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

568

Көрмелер бойынша экскурсиялар өткізуді есепке алу журналы (цифрлық деректер базасы)

3 жыл

Электрондық құжаттар*.

      ";

      реттік нөмірі 572-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

572

Цифрлық жүйелерді дамыту мәселелері бойынша хат алмасу

5 жыл СТК

Электрондық құжаттар*.

      ";

      реттік нөмірі 585-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

585

Цифрлық жүйелердің киберқуіпсіздік талаптарына сәйкестігі мәселелері бойынша құжаттар

Тұрақты

Электрондық құжаттар*.

      ";

      реттік нөмірі 600-жолдың бірінші абзацы мен 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

600

Тіркеу журналдары (цифрлық деректер базасы):
1) конкурстық құжаттаманы алған адамдарды;

5 жыл

Электрондық құжаттар*.

      ";

      реттік нөмірі 618-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

618

Әлеуетті өнім берушілерді электрондық сатып алудың цифрлық жүйесінде тіркеу туралы шарттар

5 жыл

Электрондық құжаттар*. Шарттың қолдану мерзімі өткеннен кейін.

      ";

      реттік нөмірі 625-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

625

Тұтынушыларға жөнелтілетін материалдарды (шикізаттарды), өнімдер мен жабдықтарды есепке алу журналдары (цифрлық деректер базасы)

5 жыл

Электрондық құжаттар*.

      ";

      реттік нөмірлері 634 және 635-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

634

Тауарлар мен өнімдерді қоймадан босатуға өкімдерді есепке алу кітаптары (цифрлық деректер базасы)

5 жыл

Электрондық құжаттар*.

635

Ыдыстарды есепке алу және есептен шығару кітаптары (цифрлық деректер базасы)

1 жыл

Электрондық құжаттар*.

      ";

      реттік нөмірі 641-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

641

Куәліктерді, рұқсаттамаларды және сәйкестендіру карталарын тіркеу (берілуін есепке алу) кітаптары (цифрлық деректер базасы)

3 жыл

Электрондық құжаттар*.

      ";

      реттік нөмірі 657-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

657

Үй-жайлардың, ғимараттардың, құрылыстардың техникалық жабдықтарын пайдалану кезіндегі ақауларды есепке алу журналдары (цифрлық деректер базасы)

3 жыл

Электрондық құжаттар*.

      ";

      реттік нөмірі 668-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

668

Жол-көлік оқиғаларын есепке алу журналдары (цифрлық деректер базасы)

5 жыл

Электрондық құжаттар*.

      ";

      реттік нөмірі 673-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

673

Көлік құралдарын жөндеуге және профилактикалық қарауға өтінімдерді есеп алу журналдары (цифрлық деректер базасы)

1 жыл

Электрондық құжаттар*.

      ";

      реттік нөмірлері 677 және 678-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

677

Диспетчерлік журналдар (цифрлық деректер базасы)

3 жыл

Электрондық құжаттар*.

678

Жол-сапар парақтарын есепке алу кітаптары, журналдары (цифрлық деректер базасы)

5 жыл

Электрондық құжаттар*.

      ";

      реттік нөмірлері 689 және 690-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

689

Байланыс құралдарының бұзылуы туралы өтініштерді есепке алу журналдары (цифрлық деректер базасы)

3 жыл

Электрондық құжаттар*.

690

Байланыс құралдарын есепке алу кітаптары, картотекалары (цифрлық деректер базасы)

5 жыл

Электрондық құжаттар*.

      ";

      реттік нөмірі 694-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

694

Жұмылдыру жарияланған кезде запастағы Қазақстан Республикасының азаматтарын хабардар ету жоспарлары

Жаңаларымен ауыстырылғанға дейін

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар.

      ";

      реттік нөмірлері 703 және 704-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

703

Азаматтық қорғанысты есепке алу журналдары (цифрлық деректер базасы), құрылымдардың тізімдері

1 жыл

Электрондық құжаттар*.

704

Азаматтық қорғаныс бөлімшелерінің мүлкін есепке алу кітаптары (цифрлық деректер базасы)

5 жыл

Электрондық құжаттар*.

      ";

      реттік нөмірі 708-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

708

Режимдік үй-жайларды, арнайы қоймаларды, сейфтерді (металл шкафтарды) және олардың кілттерін күзетке қабылдауды (тапсыруды), үй-жайларға мөр басуды, кезекшілікті қабылдау-тапсыруды есепке алу кітаптары, журналдары, (цифрлық деректер базасы)

1 жыл

Электрондық құжаттар*.

      ";

      реттік нөмірлері 720 және 721-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

720

Жинақтаушы зейнетақы қорына, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын аударуды есепке алу жөніндегі есепке алу карточкалары, ведомостері (деректер базасы)

75 жыл СТК

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар.
Тиісті цифрлық жүйе бар болған жағдайда.

721

Міндетті әлеуметтік аударымдарды есепке алу жөніндегі есепке алу карточкалары, ведомостері (деректер базасы)

75 жыл СТК

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар.
Тиісті цифрлық жүйе бар болған жағдайда.

      ";

      реттік нөмірі 722-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

722

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын есепке алу жөніндегі есепке алу карточкалары, ведомостері (деректер базасы)

5 жыл

Электрондық құжаттар*.

      ";

      реттік нөмірі 726-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

726

Еңбекке жарамсыздық парақтарын тіркеу кітаптары, журналдары (цифрлық деректер базасы)

5 жыл

Электрондық құжаттар*.

      ";

      реттік нөмірі 728-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

728

Жеңілдік жағдайларында зейнеткерлікке шығатын жұмыскерлердің тізімдері (цифрлық деректер базасы)

5 жыл

Электрондық құжаттар*.

      ";

      реттік нөмірі 736-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

736

Тұрғын үй қорын тіркеу журналдары (цифрлық деректер базасы)

Тұрақты

Электрондық құжаттар*.

      ";

      реттік нөмірлері 738 және 739-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

738

Ұйымдардың тұрғын үй алаңына мұқтаж жұмыскерлерді есепке алу кітаптары (цифрлық деректер базасы)

10 жыл

Электрондық құжаттар*.

739

Атқаратын қызметі және еңбекақы көлемі туралы жұмыс орнынан берілген анықтамаларды есепке алу кітаптары, журналдары (цифрлық деректер базасы)

5 жыл

Электрондық құжаттар*.

      ";

      реттік нөмірі 743-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

743

Тіркеу кітаптары, журналдары (цифрлық деректер базасы):
1) тұрғын үйді жекешелендіру өтініштерін;

Тұрақты

Электрондық құжаттар*.

2) тұрғын үйді жекешелендіру шарттарын;

Тұрақты

Электрондық құжаттар*.

3) тұрғын үйді жекешелендіру шарттарын беруді

Тұрақты

Электрондық құжаттар*.

      ";

      реттік нөмірі 754-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

754

Қазақстан Республикасының азаматтарын қызметтік, өз бетінше қоныстанған үй-жайлардан және апаттық болып танылған үй-жайлардан шығару туралы хат алмасу

5 жыл

Электрондық құжаттар*. Үй-жайларды босатқаннан кейін.

      ";

      реттік нөмірі 775-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

775

Мүшелік билеттер мен есептік карточкаларды беруді есепке алу кітаптары, журналдары (цифрлық деректер базасы)

3 жыл

Электрондық құжаттар*.

      ";

      реттік нөмірі 783-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

783

Бастауыш кәсіподақ ұйымының (қоғамдық бірлестіктің) республикалық және жергілікті сайлаулар, бүкілхалықтық референдумдар, жауап алулар өткізуге қатысуы туралы құжаттар

Тұрақты

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар.

      ";

      ескертпеде:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "*Тиісті цифрлық жүйелер мен электрондық құжат айналымы жүйесі болмаған жағдайда қағаз жеткізгіштегі құжат ресімделеді.";

      алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттiк құпияларды құрайтын және құпия мәліметтерді қамтитын құжаттар "Киберқауіпсіздік туралы" және "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сақталады".".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрілігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесінде мыналар белгіленсін:

      реттік нөмірі 122-жолдың бірінші абзацы мен1) тармақшасы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап мынадай редакцияда қолданысқа енгізіледі:

      "

122

Мыналарды тіркеу кітаптары, карточкалары, журналдары (автоматтандырылған ақпарат жүйесіндегі электрондық тіркеу-бақылау нысандары):
1)заңнамалық актілерді және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді;

Тұрақты

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар. Ұйымда сақталады. Егер ғылыми-анықтамалық аппарат ретінде пайдалану мүмкіндігі болса, тұрақты мемлекеттік сақтауға қабылдануға жатады.

      ";

      2026 жылғы 12 шілдеден бастап мынадай редакцияда қолданысқа енгізіледі:

      "

122

Мыналарды тіркеу кітаптары, карточкалары, журналдары (автоматтандырылған цифрлық жүйедегі электрондық тіркеу-бақылау нысандары):
1)заңнамалық актілерді және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді;

Тұрақты

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар. Ұйымда сақталады. Егер ғылыми-анықтамалық аппарат ретінде пайдалану мүмкіндігі болса, тұрақты мемлекеттік сақтауға қабылдануға жатады.

      ";

      реттік нөмірі 481-жол 2026 жылғы 1 шілдеге дейін мынадай редакцияда қолданылады:

      "

481

Запастағы азаматтарды брондау бойынша құжаттар

5 жыл

Электрондық құжаттар*.

      ";

      2026 жылғы 1 шілдеден бастап мынадай редакцияда қолданылады:

      "

481

Запастағы Қазақстан Республикасының азаматтарын брондау бойынша құжаттар

5 жыл

Электрондық құжаттар*.

      ";

      реттік нөмірі 730-жол 2026 жылғы 1 шілдеден бастап мынадай редакцияда қолданысқа енгізіледі:

      "

730

Берілген медициналық сақтандыру полистерін, ақталған Қазақстан Республикасының азаматтардың куәліктерін есепке алу журналдары, кітаптары (электрондық деректер базасы)

3 жыл

Электрондық құжаттар*. Тиісті ақпараттық жүйе бар болған жағдайда.

      2026 жылғы 12 шілдеден бастап мынадай редакцияда қолданысқа енгізіледі:

      "

730

Берілген медициналық сақтандыру полистерін, ақталған Қазақстан Республикасының азаматтарының куәліктерін есепке алу журналдары, кітаптары (цифрлық деректер базасы)

3 жыл

Электрондық құжаттар*.

      ";

      реттік нөмірі 742-жол 2026 жылғы 1 шілдеге дейін мынадай редакцияда қолданысқа енгізіледі:

      "

742

Тұрғын үй-жайларды Қазақстан Республикасы азаматтарының меншігіне беру және жекешелендірілген тұрғын үй алаңын есепке алу бойынша құжаттарды тіркеу кітабы (электрондық деректер базасы)

Тұрақты

Электрондық құжаттар*. Тиісті ақпараттық жүйе бар болған жағдайда.

      ";

      2026 жылғы 1 шілдеден бастап мынадай редакцияда қолданысқа енгізіледі:

      "

742

Тұрғын үй-жайларды Қазақстан Республикасы азаматтарының меншігіне беру және жекешелендірілген тұрғын үй алаңын есепке алу бойынша құжаттарды тіркеу кітабы (цифрлық деректер базасы)

Тұрақты

Электрондық құжаттар*.

      ";

      реттік нөмірі 755-жол 2026 жылғы 1 шілдеге дейін мынадай редакцияда қолданылады:

      "

755

Азаматтарды тіркеу деректер базасы

Тұрақты

Электрондық құжаттар*.

      ";

      2026 жылғы 1 шілдеден бастап мынадай редакцияда қолданылады:

      "

755

Қазақстан Республикасының
азаматтарын тіркеу деректер базасы

Тұрақты

Электрондық құжаттар*.

      ".

      5. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың үшіншіден бастап сегізіншіге дейінгі, он біріншіден бастап он төртіншіге дейінгі, жиырма бесіншіден бастап отыз екіншіге дейінгі, отыз жетіншіден бастап отыз сегізіншіге дейінгі, қырық біріншіден бастап қырық екіншіге дейінгі, қырық жетіншіден бастап қырық сегізіншіге дейінгі, тоқсан біріншіден бастап тоқсан екіншіге дейінгі, бір жүз он біріншіден бастап бір жүз он екіншіге дейінгі, бір жүз он бесіншіден бастап бір жүз он алтыншыға дейінгі абзацтарды;

      2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың жиырма біріншіден бастап жиырма екіншіге дейінгі, отыз үшіншіден бастап отыз алтыншыға дейінгі, қырық үшіншіден бастап қырық төртіншіге дейінгі, қырық тоғызыншыдан бастап елуіншіге дейінгі, елу үшіншіден бастап тоқсаныншыға дейінгі, тоқсан үшіншіден бастап тоқсан сегізіншіге дейінгі, бір жүз біріншіден бастап бір жүз оныншыға дейінгі, бір жүз он үшіншіден бастап бір жүз он төртіншіге дейінгі, бір жүз он сегізіншіден бастап бір жүз жиырма біріншіге дейінгі абзацтарды қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Мәдениет және ақпарат министрі
А. Балаева

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Атом энергиясы жөніндегі агенттігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Әділет министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуратурасы

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Бәсекелестікті қорғау

      және дамыту агенттігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Ғылым және жоғары білім министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты

      әлеуметтік қорғау министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Жасанды интеллект және

      цифрлық даму министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Жоғарғы Соты

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Жоғары аудиторлық палатасы

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Жоғары Сот Кеңесінің аппараты

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Көлік министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы нарығын реттеу және

      дамыту агенттігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Қаржылық мониторинг агенттігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік күзет қызметі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Оқу-ағарту министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасы

      Президентінің Іс басқармасы

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Су ресурстары және ирригация министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Туризм және спорт министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық банкі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Экология және табиғи ресурстар министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады