БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған уақыт және баға нормаларын, сондай-ақ оларды есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 6 сәуірдегі № 146 бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған уақыт және баға нормаларын, сондай-ақ оларды есептеу әдістемесінде:
2‑тарау мынадай мазмұндағы 6‑тармақпен толықтырылсын:
"6. Геологиялық барлау жұмыстарының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 132-бабының 2-тармағына сәйкес далалық жағдайларда жұмыстар орындаған кезде далалық жабдықталым ақшасы төленеді. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жобасында далалық жабдықталым айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі – АЕҚ) екі еселенген мөлшерін бір бригададағы адамның санына және жұмысты жоспарлау мен орындаудың тиісті жылына жұмыс уақытының орташа айлық балансынан айқындалатын айдағы жұмыс күндерінің санын көбейту арқылы есептеледі. Далалық адам‑сағат саны еңбек шығындарын есептеуде сметалық нормалар мен нормативтерде айқындалады.".
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін жіберуді және Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы |
И. Шархан |