"Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған уақыт және баға нормаларын, сондай-ақ оларды есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 6 сәуірдегі № 146 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2026 жылғы 30 қыркүйектегі № 495 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған уақыт және баға нормаларын, сондай-ақ оларды есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 6 сәуірдегі № 146 бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған уақыт және баға нормаларын, сондай-ақ оларды есептеу әдістемесінде:

      2‑тарау мынадай мазмұндағы 6‑тармақпен толықтырылсын:

      "6. Геологиялық барлау жұмыстарының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 132-бабының 2-тармағына сәйкес далалық жағдайларда жұмыстар орындаған кезде далалық жабдықталым ақшасы төленеді. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жобасында далалық жабдықталым айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі – АЕҚ) екі еселенген мөлшерін бір бригададағы адамның санына және жұмысты жоспарлау мен орындаудың тиісті жылына жұмыс уақытының орташа айлық балансынан айқындалатын айдағы жұмыс күндерінің санын көбейту арқылы есептеледі. Далалық адам‑сағат саны еңбек шығындарын есептеуде сметалық нормалар мен нормативтерде айқындалады.".

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін жіберуді және Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрінің
міндетін атқарушы
И. Шархан

О внесении дополнения в приказ Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 6 апреля 2026 года №146 "Об утверждении норм времени и расценок на проведение работ по государственному геологическому изучению недр, а также методики их расчета"

Приказ и.о. Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 30 сентября 2026 года № 495

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 6 апреля 2026 года №146 "Об утверждении норм времени и расценок на проведение работ по государственному геологическому изучению недр, а также методики их расчета" следующее дополнение:

      В нормах времени и расценок на проведение работ по государственному геологическому изучению недр, а также методики их расчета, утвержденные вышеуказанным приказом:

      Главу 2 дополнить пунктом 6 следующего содержания:

      "6. Полевое довольствие выплачивается работникам геологоразведочных работ при выполнении работ в полевых условиях в соответствии с пунктом 2 статьи 132 Трудового кодекса Республики Казахстан. В проекте государственного геологического изучения недр полевое довольствие подсчитывается путем перемножения двухкратного размера месячного расчетного показателя (далее – МРП) на количество человек в одной бригаде и на количество рабочих дней в месяце, определяемый из среднемесячного баланса рабочего времени на соответствующий год планирования и выполнения работ. Количество полевых человеко-часов определяется в расчетах затрат труда в сметных нормах и нормативах.".

      2. Комитету геологии Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить в течение пяти рабочих дней со дня подписания настоящего приказа его направление для размещения в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и на интернет-ресурсе Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра промышленности и строительства Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности министра
промышленности и строительства
Республики Казахстан
И. Шархан