"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 64-бабының 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған уақыт және баға нормалары, сондай-ақ оларды есептеу әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министр | Е. Нағаспаев |
| Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 6 сәуірдегі № 146 бұйрығымен бекітілген |
Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған уақыт пен баға нормаларын есептеу әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған уақыт пен баға нормаларын есептеу әдістемесі "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 64-бабының 19) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған уақыт пен баға нормаларын есептеу республикалық бюджет қаражаты есебінен орындалатын 1:200 000 және 1:50 000 масштабтарындағы геологиялық түсіру жұмыстары кешенінің объектілеріндегі жұмыстардың сметалық құнын айқындау үшін пайдаланылатын жеке және кешенді бағалауды айқындау мақсатында жүзеге асырылады.
2-тарау. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған уақыт пен баға нормаларын әзірлеу
3. Уақыт нормаларын әзірлеу негіздеріне мынадай материалдар салынған:
- хронометраждық қадағалаулар;
- еңбекті ұйымдастыруды талдау нәтижелері;
- жабдықтың техникалық сипаттамасы.
4. Уақыт нормалары мынадай формула бойынша есептеледі:
![]()
мұндағы: Нвр - Өлшем бірлігі нормасы, мин.;
Топ – өлшем бірлгіне жедел жұмыс уақыты, мин.;
Котл - демалу және жеке қажеттіліктер уақыты, жедел жұмыс уақытынан %.
5. Бағалар:
1) Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 68-бабына сәйкес аптасына жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығын;
2) жұмысты орындаушылардың толық құрамын;
3) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге жобалау-сметалық құжаттаманың нақты сметалары негізінде сала бойынша орташа жалақыны;
4) орындаушыларды бастапқы материалдармен, құжаттамамен, жұмысқа тапсырмамен, сондай-ақ қажетті құралдармен, аспаптармен, жарақтармен және жабдықтармен қамтамасыз етуді ескере отырып белгіленеді.
