Құрылысы аяқталмаған объектілердің мемлекеттік тізілімін, оған енгізілетін мәліметтердің құрамын, осындай мәліметтерді ұсыну тәртібін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 26 мамырдағы № 258 бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі 142-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Құрылысы аяқталмаған объектілердің мемлекеттік тізілімін, оған енгізілетін мәліметтердің құрамын, осындай мәліметтерді ұсыну тәртібін қалыптастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік және орыс тілдерінде электрондық түрде және қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Министр Е. Нағаспаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Жасанды интеллект және

      цифрлық даму министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
Министрінің 2026 жылғы
№ бұйрығымен бекітілген

Құрылысы аяқталмаған объектілердің мемлекеттік тізілімін, оған енгізілетін мәліметтердің құрамын, осындай мәліметтерді ұсыну тәртібін қалыптастыру және жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Құрылысы аяқталмаған объектілердің мемлекеттік тізілімін, оған енгізілетін мәліметтердің құрамын, осындай мәліметтерді ұсыну тәртібін қалыптастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі - қағидалар) Қазақстан Республикасының Құрылыс Кодексі (бұдан әрі-Кодекс) 142-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және Құрылысы аяқталмаған объектілердің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібін, оған енгізілетін мәліметтердің құрамын, осындай мәліметтерді ұсыну тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) Жергілікті атқарушы орган (әкімдік) - өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын алқалы атқарушы орган;

      2) аяқталмаған құрылыс объектісі- Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес пайдалануға қабылданбаған құрылыс объектісі;

      3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган – сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін мемлекеттік басқару саласында басшылықты, сондай-ақ өз құзыреті шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

2-тарау. Құрылысы аяқталмаған объектілерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібі

      3. Аяқталмаған құрылыс объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілетін құрылысы аяқталмаған объектілері құрылысы мен реконструкциясы бюджет қаражаты есебінен толық немесе ішінара жүзеге асырылатын және Кодекстің 141-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша аяқталмаған объектілері болып танылады.

      4. Құрылысы аяқталмаған объектілерінің мемлекеттік тізілімі:

      1) құрылысы мен реконструкциясы республикалық бюджет қаражаты есебінен толық немесе ішінара жүзеге асырылатын объектілер бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен (бұдан әрі – Республикалық маңызы бар объектілер);

      2) құрылысы мен реконструкциясы жергілікті бюджет қаражаты есебінен толық немесе ішінара жүзеге асырылатын объектілер бойынша жергілікті атқарушы органмен (бұдан әрі – жергілікті маңызы бар объектілер) жүргізіледі.

      5. Құрылысы аяқталмаған объектілерінің мемлекеттік тізілімі осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.

3-тарау. Құрылысы аяқталмаған объектілері туралы мәліметтерді беру тәртібі

      6. Республикалық маңызы бар объектілер туралы мәліметтерді облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қалыптастырады және сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органға тоқсанның соңғы айынан кейінгі 10-күніне дейін тоқсан сайын беріледі.

      Жергілікті маңызы бар объектілер туралы мәліметтерді аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары қалыптастырады және тоқсанның соңғы айынан кейінгі 5-күніне дейін тоқсан сайын облыстардың жергілікті атқарушы органына беріледі.

      7. Құрылысы аяқталмаған объектілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу мыналарды қамтиды:

      1) құрылысы аяқталмаған объектілері туралы мәліметтерді енгізу (қосу);

      2) құрылысы аяқталмаған объектілері туралы мәліметтерді өзектендіру (жаңарту).

      8. Құрылысы аяқталмаған объектілерінің мемлекеттік тізілімінде қамтылған ақпарат "бір терезе" қағидаты бойынша құрылысты жүргізуді ұйымдастыру үшін Порталда және цифрлық жүйелерде орналастырылады.

  Құрылысы аяқталмаған
объектілерінің мемлекеттік
тізілімін, оған енгізілетін
мәліметтер құрамын, осындай
мәліметтерді беру тәртібін
қалыптастыру және жүргізу
қағидаларына қосымша

Құрылысы аяқталмаған объектілерінің мемлекеттік тізілімінің нысаны

Құрылысы аяқталмаған объектілерінің мемлекеттік тізілімі _________________________ орналасқан мемлекеттік органның атауы

      Жиілігі: тоқсан сайын

      Есепті кезең: 20___жыл "___" ____________

р/с

Объектінің толық атауы

Объектінің орналасқан жері

Құрылыс салушы

Мердігер

Техникалық қадағалау

1

2

3

4

5

6

Авторлық сүйемелдеу

Объектінің жобасына сараптама қорытындысы

Объектінің техникалық-экономикалық көрсеткіштері

Нысанның негізгі конструкцияларын, абаттандыру мен жабдықтарды аяқтау сатысы

Объектіні салу, реконструкциялау құны және төленген жұмыстардың сомасы

Нысанды консервациялау

7

8

9

10

11

12

      Ескерту:

      Тізілімді толтыру бойынша түсініктеме осы нысанның қосымшасында келтірілген.

  Құрылысы аяқталмаған
объектілерінің мемлекеттік
тізілімі нысанына қосымша

Құрылысы аяқталмаған объектілерінің мемлекеттік тізілімін толтыру бойынша түсіндірме

      1. 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі.

      2. 2-бағанда бекітілген жұмыс жобасына сәйкес объектінің толық атауы көрсетіледі.

      3. 3-бағанда Объектінің нақты орналасқан жері, өңірі, қаласы және/немесе ауданы, елді мекені, толық мекенжайы көрсетіледі

      4. 4-бағанда объектіні салушы туралы мәліметтер, атауы, БСН, заңды мекенжайы көрсетіледі.

      5. 5-бағанда объектінің мердігері туралы мәліметтер, атауы, БСН, заңды мекенжайы көрсетіледі.

      6. 6-бағанда техникалық қадағалау туралы мәліметтер, аккредиттелген заңды тұлғаның не маманның атауы, заңды мекенжайы көрсетіледі.

      7. 7-бағанда объектіні авторлық сүйемелдеу туралы мәліметтер, жобалау ұйымының не маманның атауы, заңды мекенжайы көрсетіледі.

      8. 8-бағанда объектіні салу (реконструкциялау) жобасының кешенді сараптамасының оң немесе теріс сараптамалық қорытындысы туралы мәліметтер, сараптамалық ұйымның атауы, қорытындының № және күні көрсетіледі.

      9. 9-бағанда объектінің техникалық-экономикалық көрсеткіштері, өлшемдері, қуаты, ғимараттар мен құрылыстардың мақсаты туралы мәліметтер көрсетіледі.

      10. 10-бағанда объектінің негізгі конструкцияларының, абаттандыру мен жабдықтардың аяқталу сатысы туралы мәліметтер, конструкциялардың немесе жұмыс түрлерінің, жабдықтардың атауы, орындалу пайызы немесе саны көрсетіледі.

      11. 11-бағанда объектіні салу, реконструкциялау құны туралы мәліметтер және сметалық құжаттамаға сәйкес төленген жұмыстардың сомасы көрсетіледі.

      12. 12-бағанда объектіні консервациялау туралы мәліметтер, объектіні консервациялау туралы шешім қабылданған күн және шешім қабылдаған органның атауы, актінің № және күні көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады