ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 73-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын әзiрлеу және келiсу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
| Министр | Е. Нағаспаев |
| Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 13 сәуірдегі № 167 бұйрығымен бекітілген |
Аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын әзiрлеу және келiсу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын әзiрлеу және келiсу қағидалары Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 73-бабының 4-тармағына сәйкес әзiрлендi және аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын әзiрлеу және келiсу тәртiбiн белгiлейдi.
2-тарау. Аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын әзiрлеу тәртібі
2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі жергілікті атқарушы орган өңірлер аумақтарының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын (бұдан әрі – кешенді схема) әзірлеу бойынша тапсырыс беруші (бұдан әрі – тапсырыс беруші) болып табылады. Тапсырыс беруші әзірлеушіні (бас жобалаушыны) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес айқындайды.
3. Кешенді схеманы Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиясы бар жобалау ұйымы әзірлейді.
4. Кешендi схема Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасына және аумақты дамытудың тиiстi өңіраралық схемаларына сәйкес әзiрленедi.
5. Тапсырыс беруші осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жобалауға арналған тапсырманы әзірлейді және бекітеді.
6. Кешендi схемада сол өңір аумағындағы әлеуметтiк-экономикалық, өндірiстiк-шаруашылық, табиғи-климаттық жағдайлар оның аймақтарға бөлінуі ескерілген мемлекеттiк қала құрылысы саясатының мақсаттары айқындалады, сондай-ақ мынадай негізгі бағыттар белгіленеді:
1) жайғастыру жүйесін жетілдірудің;
2) елді мекендерді, өндірістік, көліктік, инженерлік, әлеуметтік және рекреациялық инфрақұрылымдарды дамытудың;
3) қауіпті (зиянды) табиғи және антропогендік, техногендік құбылыстар мен процестердің әсерінен аумақтарды қорғаудың;
4) экологиялық жағдайды жақсартудың;
5) тарихи-мәдени мұра объектілерін және (немесе) қорғалатын ландшафтық объектілерді сақтаудың;
6) су объектілерін ластанудан, қоқыстанудан, сарқылудан қорғаудың негізгі бағыттарын белгілейді.
Аумақтарды пайдаланудың артықшылықтары, тыйымдары, шектеулері және өзге де режимдері ескеріле отырып, аумақтарды функционалдық аймақтарға бөлу және оларды пайдалану қарқындылығы айқындалады.
7. Кешенді схема әкімшілік-аумақтық бірліктердің, қала маңы аймақтарының және резервтік аумақтардың шекараларын белгілеу жөніндегі ұсыныстарды қамтиды.
8. Жобалауға арналған тапсырмаға қойылатын жалпы талаптар мен бастапқы деректердiң тiзбесi мемлекеттік нормативтік құжаттарға (құрылыс нормаларында және қағидаларында) сәйкес айқындалады.
9. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалған әзiрлеушi (бac жобалаушы) кешендi схеманың құрамында арнайы бөлiмдердi әзiрлейтін жобалау ұйымдары-қосалқы мердiгерлер үшiн тапсырыс беруші болып табылады.
Кешендi схеманы жасаған кезде пайдаланылатын арнайы (салалық) немесе қала реттеуші өзге құжаттаманы әзірлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттiк және мемлекетаралық нормативтерге сәйкес жүзеге асырылады.
10. Кешенді схеманы әзірлеу мерзімі, құрамы мен мазмұны мемлекеттік нормативтік құжаттарға сәйкес айқындалады.
11. Кешендi схеманы әзiрлеу кезiнде әзiрлеушi (бac жобалаушы) тиiстi облыстың не оның бір бөлiгiнiң аумағындағы тарих, археология, қала құрылысы және сәулет, монумент өнерi ескерткiштері орналасқан карта-схемаларды жасайды.
Кешендi схемада тарих пен мәдениеттің жылжымайтын ескерткiштерi және мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiн қорғау аймақтары (қорғалатын аймақтар, құрылысты реттейтiн аймақтар және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтары) ескерiлуге тиiс. Осы мақсатта жобалардың құрамында орындалатын графикалық материалдарға ескерткiштердi қорғау аймақтарының қажеттi элементтерi енгiзiлуге, ал түсiндiрме жазбаларда осы аймақтарда белгiленген режимдi қамтамасыз ететiн талаптар көрсетiлуге тиiс.
12. Қалалар мен ауылдық елді мекендер табиғи жағдайлары қолайсыз аумақтарда орналасқан жағдайда кешендi схеманың құрамында аумақты инженерлiк дайындау, аумақ пен көрсетiлген елдi мекендердi табиғи процестерден де, адамның шаруашылық қызметiнен туындаған қауiптi геологиялық және гидрогеологиялық процестерден қорғау жөнінде жобалық шешiмдер әзiрленедi.
13. Курорттық ресурстары бар облыстар мен аудандар, курорттық қалалар және курорттық типтегі өзге де елді мекендер үшін жобалау жұмыстары курорттық және рекреациялық ресурстарды бағалау жөніндегі материалдарды, сондай ақ курорттардың белгіленген санитариялық аймақтарын ескере отырып орындалуға тиіс.
3-тарау. Аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын келісу тәртібі
14. Тапсырыс беруші кешенді схеманы жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшелерімен, мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен 10 (он) жұмыс күні ішінде келіседі.
15. Жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшелері, мүдделі мемлекеттік органдар және ұйымдар 10 (он) жұмыс күні ішінде келіседі және/немесе тапсырыс берушіге негізделген ескерту береді.
16. Жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшелері, мүдделі мемлекеттік органдар және ұйымдар ескерту берген жағдайда тапсырыс беруші 15 (он бес) жұмыс күні ішінде кешенді схеманың пысықталған жобасын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшелеріне, мүдделі мемлекеттік органдарға және ұйымдарға келісуге қайта енгізеді.
17. Жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшелері, мүдделі мемлекеттік органдар және ұйымдар ескертулер ескеріліп пысықталған кешенді схеманың жобасын 5 (бес) жұмыс күні ішінде келіседі.
18. Жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшелерімен, мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен келісілген кешенді схеманың жобасын тапсырыс беруші 5 (бес) жұмыс күні ішінде кешенді қала құрылысы сараптамасына енгізеді.
19. Кешенді схеманың жобасына кешенді қала құрылысы сараптамасы Кодекстің 24-бабының 12) тармақшасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен Қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
20. Кешенді қала құрылысы сараптамасының оң қорытындысын алған кешенді схемаға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
21. Кешенді схема Кодекстің 25-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес облыстардың мәслихаттары бекітеді.
22. Кешенді қала құрылысы сараптамасынан өтпеген және қала құрылысы сараптамасының оң қорытындысын алмаған кешенді схеманың жобасы бекітілмейді.
23. Кешендік схеманың бекітілетін бөлігі кешендік схеманың негізгі ережелері, негізгі сызбасы және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері болып табылады.
24. Бекітілген кешендік схемаларды мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін векторлық түрде ұсыну Кодекстің 24-бабының 47) тармақшасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу және одан ақпаратты және (немесе) мәліметтерді беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
| Аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын әзiрлеу және келiсу қағидаларына 1-қосымша |
Жобалауға арналған тапсырма
| БЕКІТЕМІН: (лауазымы, ұйым) ______________________ (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)) ______________________ (қолы) ______________________ (күні) |
1. Қала құрылысы жобасының түрі
_____________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
2. Тапсырыс беруші
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
(толық және қысқартылған атауы)

3. Әзірлеуші (бас жобалаушы)

4. Жобалау үшін негіздеме
_______________________________________________________________________

5. Қала құрылысын жоспарлау немесе аумақтарда құрылыс салу объектісі, оның
негізгі сипаттамалары
________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
6. Жобалау кезеңдері бойынша ұсынылатын материалдардың құрамына, мазмұнына
және нысанына қойылатын негізгі талаптар, жұмыстарды орындау реті мен мерзімдері
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
7. Жобалау үшін бастапқы ақпаратты ұсынудың құрамы, орындаушылары, мерзімдері
мен тәртібі
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
8. Қала құрылысы жобасының осы түрін келісетін уәкілетті мемлекеттік органдар мен
жергілікті атқарушы органдардың тізбесі
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
9. Келісуші ұйымдардың қала құрылысы жобасының әзірленетін түріне қойылатын
талаптары
_______________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
10. Жобалау алдындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары мен инженерлік іздестірулерді
жүргізудің құрамы мен тәртібі (қажет болған жағдайда)
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
11. Әзірленетін қала құрылысы жобасына келісу және сараптама жүргізуді
ұйымдастыру тәртібі
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
12. Өзге талаптар мен шарттар:
әзірлеуші (бас жобалаушы)
_______________________________________________________________________
(лауазымы, ұйым)
_______________________________________________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)), (қолы)
_______________________________________________________________________
(күні) уәкілетті (немесе жергілікті атқарушы) сәулет, қала құрылысы және құрылыс
істері
______________________________________________________________________
(лауазымы, ұйым)
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)), (қолы)
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
(күні) өзге Келісуші ұйымдардан (толық атауы) (лауазымы, ұйым)
________________________________________________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)), (қолы)
_______________________________________________________________________
(күні)
Ескертпе. Тапсырманың мазмұны қала құрылысы құжаттамасының
жекелегентүрлерін және қала құрылысын жоспарлау мен құрылыс салу объектісінің
ерекшелігін әзірлеуге қойылатын талаптарға сәйкес нақтылануы мүмкін.
| Аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын әзiрлеу және келiсу қағидаларына 2-қосымша |