БҰЙЫРАМЫН:
1. "Салалық көтермелеу жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 7 наурыздағы № 82/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32030 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
""Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 19) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 276) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Салалық көтермелеу жүйесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Салалық көтермелеу жүйесі (бұдан әрі – Жүйе) "Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 19) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 276) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік), жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың және геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы өзге де ұйымдар мен бірлестіктердің жұмыскерлерін (бұдан әрі – геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласының жұмыскерлері) көтермелеу рәсімдерін нақтылайды.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Көтермелеудің ресми мәтіні қазақ және орыс тілдерінде дайындалады.";
3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Геодезия және кеңістіктік деректер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі |
Ж. Мәдиев |
| Бұйрыққа 1-қосымша Салалық көтермелеу жүйесіне 3-қосымша |
Куәліктің сипаттамасы
Куәлік көлемі 100х70 миллиметр көк түсті қатты мұқабада бүктемелі кітапша түрінде асалып, мундиор материалынан дайындалады. Куәліктің сыртқы жағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген, төмен жағында "Куәлік", "Удостоверение" деген жазу бар. Ішкі сол жақ жапсырмада жазба бар: жоғарғы жағында – мемлекеттік органның атауы қазақ және орыс тілдерінде. Куәліктің сол жақ бетінің ішкі жағында төсбелгінің суреті бар. Оң жақ жапсырмада мынадай мазмұндағы жазба бар:
_____________________________________________________________________
(тегі, фамилия)
_____________________________________________________________________
(аты, имя)
_____________________________________________________________________
(әкесінің аты (болған жағдайда), отчество (при его наличии)
куәлік №_________________ удостоверение төсбелгісімен марапатталғаны туралы
осы куәлік берілді Настоящее удостоверение выдано о том, что он (она) награжден (а)
нагрудным знаком
Лауазымы ____________________________________________________________
Должность (тегі, инициалдары, қолы) (фамилия, инициалы, подпись)
"____" _____________ _____ жыл/год
Ескертпе: марапатталушының тегі, аты, бар болған жағдайда әкесінің аты жеке куәлігі бойынша толтырылады және міндетті түрде қазақ және орыс тілдерінде транскрипциясы көрсетіледі.