ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.04.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 21 шілдедегі № 224 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33166 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарында:
"6-тарау. Қосымша білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары" келесі редакцияда жазылсын:
"6-тарау. Қосымша білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары
1. Кәмелетке толмағандарға арналған білім беру-сауықтыру қызметтерін ұсынбайтын, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары:
Балалар-жасөспірімдер спорттық мектептері, олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектептері
Лауазымдардың атауы | Топ санына қарай штат бірліктерінің саны | ||
35-тен көп болса | 26-дан 35-ке дейін болса | 25-ке дейін болса | |
Директор | 1 | 1 | 1 |
Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары | 1 | 1 | 1 |
Директордың шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары | 1 | ||
Шаруашылық меңгерушісі | - | 1 | 1 |
Дәрігер | 1 | 1 | 1 |
Хатшы (іс қағаздарды жүргізуші) | 1 | 1 | 0,5 |
Бухгалтер | 1 | 0,5 | 0,5 |
Ғимараттарға кешенді қызмет көрсететін және жөндейтін жұмысшы | 2 | 1,5 | 1 |
Жабдықтар жөніндегі техник | 1 | 1 | 1 |
Күзетші | 3 | 3 | 3 |
Вахтер, әр ғимаратқа | 1 | 1 | 1 |
Ескертпелер:
1. Әдістемеші-нұсқаушы лауазымы штат бірліктерінің саны спорт түрлері бойынша бөлімшелерінің санына қарай белгіленеді.
2. Оқу-жаттығу процесіне қызмет көрсету, спорттық мүкәммал мен жабдықтарды жөндеу жөнінде қызмет көрсететін механик лауазымының штат бірліктері спорт құрылыстарының санаттары мен спорт түрлері ескеріле отырып белгіленеді.
3. Балалар-жасөспірімдер спорттық мектептері, олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектептері қызметкерлерінің үлгі штаттары топтар саны 35-тен асатын штат бірліктеріне сәйкес белгіленеді.
Балалар өнер мектебі (балалар музыка мектептері, балалар көркемөнер мектептері, балалар өнер мектептері, көркем-эстетикалық бағыттағы мектептер)
Лауазымдардың атауы | Оқушылар санына қарай штат бірліктерінің саны | ||||
50-ге дейін | 51-100 | 101-250 | 251-500 | 500-ден аса | |
Директор | - | 1 | 1 | 1 | 1 |
Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары | - | - | 1 | 1 | 1 |
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары | - | - | 1 | 1 | 1 |
Бас бухгалтер | - | 1 | 1 | 1 | 1 |
Бухгалтер | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
Кітапханашы | 0,5 | 0,5 | 1 | 1 | 1 |
Музыкалық аспаптардың құлақ күйін келтіріп жөндеуші | 25 клавиштік аспапқа бір штат бірлігі | ||||
Хатшы (іс қағаздарды жүргізуші) | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
Ғимараттарға кешенді қызмет көрсететін және жөндейтін жұмысшы | 1,5 | 1,5 | 2 | 2 | 2 |
Күзетші | 3 | 3 | 3 | 3 | 3 |
Вахтер, әр ғимаратқа | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
Ескертпелер:
1. Оқушылардың саны 50-ге дейінгі Балалар өнер мектептерінде (балалар музыка мектептерінде, балалар көркемсурет мектептерінде, балалар өнер мектептерінде, көркемдік-эстетикалық бағыттағы мектептерде) (бұдан әрі - Өнер мектептері) директор лауазымының штат бірлігі белгіленбейді. Мектепке басшылық жасағаны үшін педагогтердің біреуіне оның лауазымды қоса атқарғаны үшін немесе лауазымдық міндеттерінің кеңейгені үшін лауазымдық жалақысы арттырылады.
2. Өнер мектептерінің филиалдары болған кезде оқушылар саны 50-ден 200-ге дейін болса 0,5 штат бірлігі бар филиал меңгерушісінің лауазымы, ал саны 200 оқушыдан асса - 1 штат бірлігі белгіленеді. Оқушылар саны 50-ге дейін филиалдарда филиал меңгерушісінің лауазымы белгіленбейді.
3. Өнер мектептерінде өнердің бірнеше түрімен (музыкалық, көркемөнер, хореографиялық) қатар жұмыс істейтін осы ұйымдарда бейіні бойынша директордың орынбасары лауазымының штат бірлігі оқытудың әр түрі бойынша жеке белгіленуі мүмкін.
4. Өнер мектептерінде костюмер лауазымының штат бірлігі хор, хореография, театр немесе драма ұжымдары болған кезде енгізіледі.
Оқушылар сарайлары (үйлері, орталықтары, кешендері, балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталықтары), балалар аула клубтары, балалар әскери-патриоттық клубы (клубтық демалыс ұйымдары), балалар қызығушылығы мен жұмыстарының бағыттары бойынша ұйымдар, мектепке дейінгі дамыту кешендері (орталықтар, академиялар)
Лауазымдардың атауы | Штаттық бірліктерінің саны |
Директор | 1 |
Директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары | 1 |
Шаруашылық меңгерушісі | 1 |
Бұқаралық бөлімінің меңгерушісі | 1 |
Әдістемелік бөлімінің меңгерушісі | 1 |
Педагог-психолог | 1 |
Бухгалтер | 1 |
Хатшы | 1 |
Безендіруші-суретші | 1 |
Музыкалық аспаптардың құлақ күйін келтіруші - 25 клавиштік аспапқа 1 лауазым | |
Ғимараттарға кешенді қызмет көрсететін және жөндейтін жұмысшы (әрбір ғимаратқа) | 1 |
Күзетші | 3 |
Вахтер, әр ғимаратқа | 1 |
Ескертпелер:
1. Оқушылар сарайларында (үйлерінде, орталықтарында, кешендерінде, балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталықтарында), балалар аула клубтарында, балалар әскери-патриоттық клубтарында (клубтық демалыс ұйымдарында), балалардың қызмет бағыттары мен қызығушылықтары бойынша ұйымдарда, мектепке дейінгі дамыту кешендерінде (орталықтарында, академияларында) (бұдан әрі – Ұйымдар) қатысушылар саны кемінде 90 адам болған жағдайда ансамбльдің көркемдік жетекшісі, балетмейстер, хормейстер лауазымдарының штат бірліктері белгіленеді.
2. Осы ұйымдарда оркестрдің дирижері лауазымының штат бірлігі оркестрде кемінде 50 адам болған кезде белгіленеді.
3. Осы ұйымдарда хор, хареография, театр немесе драма ұжымы болған жағдайда костюмер лауазымының штат бірлігі енгізіледі.
4. Осы ұйымдарда кемінде 3 мың дана кітап қоры болған кезде кітапханашы лауазымының штат бірлігі енгізіледі.
5. Осы ұйымдарда киноқондырғысы және кемінде 250 орындық көрермен залы, жабдықталған сахнасы болған кезде киномеханик лауазымының 0,5 штат бірлігі, жарық түсіруші мен сахна машинисі 0,5 штат бірліктен белгіленеді.
Жас натуралистер станциялары (балалар экологиялық орталықтары, биологиялық орталықтар, экобиоорталықтар), жас техниктер станциялары (орталықтар, жасөспірімдер мен балалар шығармашылық техникалық мектептері)
Лауазымдардың атауы | Штаттық бірліктерінің саны |
Директор | 1 |
Директордың әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары | 1 |
Қойма (шаруашылық) меңгерушісі | 1 |
Бөлім меңгерушілері (бір бейіндегі 10 үйірме болған жағдайда - 1 штат бірлігі) | |
Бухгалтер | 1 |
Хатшы (іс қағаздарын жүргізуші) | 1 |
Ғимараттарға кешенді қызмет көрсететін және жөндейтін жұмысшы (әрбір ғимаратқа) | 1 |
Күзетші | 3 |
Вахтер, әр ғимаратқа | 1 |
Ескертпелер:
1. Жас натуралистер станциялары (балалар экологиялық орталықтары, биологиялық орталықтар, экобиоорталықтар), жас техниктер станциялары (орталықтар, жасөспірімдер мен балалар шығармашылық техникалық мектептері) (бұдан әрі - Ұйымдар) жалақы қоры бағдарламалар әкімшілері бекітетін бюджеттік қаржы шегінде, қосымша білім беру педагогтарды, ұйымдастырушы педагогтарды, әдіскерлерді жұмысқа тарта алады.
2. Ұйымдарда сорғы стансасы болған кезде сорғы техникасына қызмет көрсету технигі лауазымының штат бірлігі енгізіледі.
3. Ұйымдарда бір немесе бірнеше шеберхана болған кезде шебер лауазымының штат бірлігі енгізіледі.
Жас туристер станциялары (балалар-жасөспірімдер туризм орталықтары)
Лауазымдардың атауы | Ауысымдағы оқушылардың санына қарай штаттық бірліктер | ||
150-ге дейін | 150-ден 250-ге | 250-ден аса | |
Директор | 1 | 1 | 1 |
Аға тәрбиеші | 1 | 1 | 1 |
Шаруашылық меңгерушісі | 1 | 1 | 1 |
Бухгалтер | 1 | 1 | 1 |
Дәрігер | - | 1 | 1 |
Медбике | 1 | 1 | 1 |
Сүйемелдеуші | 1 | 1 | 1 |
Бас аспаз | 1 | 1 | 1 |
Аспаз | 1 | 2 | 2 |
Ас үй жұмысшысы | 1 | 1 | 2 |
Кір жуатын машиналардың операторы | 1 | 2 | 2 |
Күзетші | 3 | 3 | 3 |
Ескертпелер:
1. Санаттық және санаттан тыс туристік саяхаттар өткізген кезде топқа жетекші және жетекші орынбасары (бір, екі, үш күндік жорықтарда – топ жетекшісінің орынбасары) лауазымдарының штат бірліктері 15 адамнан тұратын топқа, ал туризмнің техникалық күрделі түрлерінен саяхаттар өткізген кезде (велосипедпен, суда, тауда, шаңғымен және тағы басқалар) 12 адамнан тұратын топқа белгіленеді.
2. Қатысушылар экскурсиялық туристік базаларда қабылданатын экскурсиялық сапарлар өткізу кезінде 15-25 адамнан тұратын топқа жетекші және жетекші орынбасары лауазымдарының штат бірліктері белгіленеді.
3. Жас туристер станциялары (балалар-жасөспірімдер туризм орталықтары) (бұдан әрі - Жас туристер станциялары) 35-40 баладан тұратын топтарға тәрбиеші және вожатый лауазымдары бір штат бірліктен (ал жоғары сыныптар оқушыларына арналған лагерлерде тәрбиеші лауазымы екі штат бірлігі) белгіленеді.
4. Жас туристер станцияларында туризм жөніндегі нұсқаушы-әдіскер лауазымы әрбір 45 адамға бір штат бірлігі есебінен және 15-20 адамнан тұратын топқа тәрбиеші лауазымы бір штат бірлігі есебінен белгіленеді.
2. Кәмелетке толмағандарға арналған білім беру-сауықтыру қызметтерін ұсынатын, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары:
Жыл бойы немесе маусымдық қолданыстағы балалардың білім беру (оқу)-сауықтыру орталықтарда (кешендер)
Лауазымдардың атауы | Ауысымдағы балалар санына қарай штаттық бірліктер | |||
160-қа дейін | 161-ден 280-ге | 281-ден 400-ге | 400-ден аса | |
Директор | 1 | 1 | 1 | 1 |
Аға вожатый | 1 | 1 | 1 | 1 |
Шаруашылық меңгерушісі | 1 | 1 | 1 | 1 |
Бухгалтер | 1 | 1 | 1 | 1 |
Дәрігер | 1 | 1 | 1 | 1 |
Медбике | 1 | 1 | 2 | 2 |
Дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушы | 1 | 1 | 1 | 1 |
Сүйемелдеуші | 1 | 1 | 1 | 1 |
Бас аспаз | 1 | 1 | 1 | 1 |
Аспаз | 3 | 3 | 4 | 4 |
Ас үй жұмысшысы | 2 | 3 | 4 | 5 |
Ыдыс жуушы | 1 | 1 | 1 | 1 |
Қоймашы | - | 1 | 1 | 1 |
Канстелянша | 1 | 1 | 1 | 1 |
Кір жуатын машиналардың операторы | 1 | 1,5 | 2 | 2 |
Күзетші | 3 | 3 | 3 | 3 |
Ескертпелер:
1. Жыл бойы немесе маусымдық қолданыстағы балалардың білім беру (оқу)-сауықтыру орталықтарда (кешендер) (бұдан әрі - Ұйымдар) қажет болған жағдайда оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары және тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары лауазымдарының штат бірліктері қосымша белгіленеді.
2. Ұйымдарда тәрбиеші лауазымдары әрбір 35 адамға бір штат бірлігі есебінен белгіленеді.
3. Ұйымдарда су айдыны болған жағдайда (жүзуден мамандандырылған спорт лагерлерін қоспағанда) жүзуден нұсқаушы-әдіскер лауазымының штат бірлігі белгіленеді.".
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
|
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі |
Ж. Сүлейменова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
