Жаңаарқа ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Жаңаарқа ауданының арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы

Жаңа

Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының әкімдігінің 2026 жылғы 19 қаңтардағы № 04/03 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 19-бабының 9) тармақшасына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы №230 бұйрығымен бекітілген Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметтінің қағидаларының 2-1-тармағына сәйкес, және Ұлытау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қ.Саттыбаевтың 2026 жылғы 8 қаңтардағы хатын негізге ала отырып, Жаңаарқа ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жаңаарқа ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Жаңаарқа ауданының арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі -Орталық) құрылсын.

      2. Орталықтың уәкілетті органы "Жаңаарқа ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып белгіленсін.

      3. "Жаңаарқа ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі:

      1) заңнамада белгіленген тәртіппен Орталықтың мемлекеттік тіркелуін әділет органдарында қамтамасыз етсін;

      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      Жаңаарқа ауданының әкімі Қ.Ш.Қожықаев

  Жаңаарқа ауданының әкімдігінің
2026 жылғы "19 " қантардағы
№ 04/03 қаулысына қосымша

2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымның атауы

Үлгісі

Жағдай

Айына 1 көрсетілетін қызметтерді алушыға тариф (теңгемен)

Күніне 1 көрсетілетін қызметтерді алушыға тариф (теңгемен)

1

"Жаңаарқа ауданының үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы

үйде қызмет көрсету

Жалғыз басты қарт адамдар мен мүгедектігі бар азаматтар

83947,68

3997,51

психоневрологиялық ауруы бар балалар

18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар азаматтар

тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балалар


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады