Қаражал қаласы бойынша әлеуметттік мәні бар тұрақты тасымалдауға тарифтерін белгілеу туралы

Жаңа

Ұлытау облысы Қаражал қаласының әкімдігінің 2026 жылғы 19 наурыздағы № 58 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19-бабына сәйкес, Қаражал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қаражал қаласы бойынша жолаушыларды тұрақты қалааралық әлеуметтік мәні бар тасымалдауға тарифтері келесі мөлшерде белгіленсін:

      1) №1 "Новый город-Вокзал" - ересектерге 150 (жүз елу) теңге, 12 жасқа дейінгі балаларға –100 (жүз) теңге;

      2) № 215 "п. Жайрем –ГРЭ" - ересектерге 150 (жүз елу) теңге, 12 жасқа дейінгі балаларға – 100(жүз) теңге;

      3) №2 "2 квартал –пос. Строителей" - ересектерге 150(жүз елу) теңге, 12 жасқа дейінгі балаларға -100 (жүз) теңге.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қаражал қаласы әкімі А.Елеусізов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады