Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19-бабына сәйкес, Қаражал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қаражал қаласы бойынша жолаушыларды тұрақты қалааралық әлеуметтік мәні бар тасымалдауға тарифтері келесі мөлшерде белгіленсін:
1) №1 "Новый город-Вокзал" - ересектерге 150 (жүз елу) теңге, 12 жасқа дейінгі балаларға –100 (жүз) теңге;
2) № 215 "п. Жайрем –ГРЭ" - ересектерге 150 (жүз елу) теңге, 12 жасқа дейінгі балаларға – 100(жүз) теңге;
3) №2 "2 квартал –пос. Строителей" - ересектерге 150(жүз елу) теңге, 12 жасқа дейінгі балаларға -100 (жүз) теңге.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қаражал қаласы әкімі | А.Елеусізов |