Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын "Ұлытау облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Діндерді зерттеу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жүз пайыз мөлшерінде ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы

Жаңа

Ұлытау облыстық мәслихатының 2026 жылғы 17 шiлдедегi № 36/334 шешімі

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Ұлытау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ұлытау облысының жергілікті атқарушы органы айқындаған тәртібі мен шарттарына сәйкес жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын "Ұлытау облысы дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Діндерді зерттеу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жүз пайыз мөлшерінде ынталандыру үстемеақылары белгіленсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы Б. Шингисов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады