Ұлытау облыстық мәслихатының II сессиясының 2023 жылғы 18 мамырдағы № 25 Ұлытау облысының жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы"

Жаңа

Ұлытау облыстық мәслихатының 2026 жылғы 18 ақпандағы № 302 шешімі

      Ұлытау облыстық мәслихаты ШЕШМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ұлытау облыстық мәслихатының II сессиясының 2023 жылғы 18 мамырдағы №25 "Ұлытау облысының жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін :

      көрсетілген шешіммен бекітілген Ұлытау облысының жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларында:

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Ағаштарды кесуді рұқсат беру рәсімдеріне сәйкес уәкілетті органның рұқсаты бойынша осы жер учаскесіне қызмет көрсететін ұйымдар жүргізеді.";

      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "58. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысымен бекітілген Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiне енгізілген жасыл екпелер заңсыз жойылған (кесілген) не олардың құрып кетуіне алып келген бүлінген жағдайда – бір жүз еселенген мөлшерде жүзеге асырылады.";

      59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "59. Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесіне келтірілген залалдың мөлшерін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 23 ақпандағы № 61 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның мөлшерлерін есептеуге арналған базалық ставкаларға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31997 болып тіркелген) сәйкес уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшелері есептейді".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы Б. Шингисов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады