"Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 19 мамырдағы № 01-114 шешімі

      "Қазақстан Републикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37 - баптарына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Талас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1.Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже (одан әрі - Ереже) бекітілсін.

      2. "Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және осы қаулыдан туындайтын өзге шараларды қабылдауды;

      2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Талас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Талас ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. "Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Талас ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 395 Қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Жүнісбеков

  Талас ауданы әкімдігінің
2026 жылғы ________ мамырдағы
№ ________ қаулысымен бекітілген

"Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы үлгі

ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мәдениет және тілдерді дамыту саласында мемлекеттік басқару және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомствалары:

      1) "Талас ауданы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

      2) "Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Талас аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      3. "Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдық–құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысады.

      6. "Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамаға сәйкес уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы ретінде әрекет етуге құқылы.

      7. "Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдерді қабылдайды.

      8. "Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы – Талас ауданы әкімдігі болып табылады.

      10. Тиісті салалық уәкілетті орган, сондай-ақ мекеменің мүлкіне қатысты мүлік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган – Талас ауданы әкімдігі (жергілікті атқарушы орган) болып табылады.

      11. Мекеменің толық атауы:

      мемлекеттік тілде: "Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      орыс тілінде: Коммунальное государственное учреждение "Отдел культуры и развития языков акимата Таласского района".

      12. Заңды тұлғаның орналасқан жері, пошталық индексі: 080800, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы, Достық алаңы № 1.

      13. Осы Ереже "Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      14. "Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.

      "Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі сағат 9.00 – 18.30, аптасына бес жұмыс күні, демалыстар: сенбі - жексенбі және мереке күндері.

      15. "Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне өз функцияларына жататын міндеттерді орындау үшін "Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен мекемеге табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған табыстар мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның мақсаттары, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      16. "Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мақсаты:

      1) Аудан аумағында халықтың мәдени дамуы мәселелерін шешуді, олардың мәдени-демалыс қызметін жетілдіруді қамтамасыз ету, аудан ішіндегі мәдени саясаттың стратегиясы мен тактикасын айқындау, "Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарының, мәдениетті және тілдерді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларының, мәдениет саласындағы мемлекеттік стандарттар мен өзге де нормативтік-құқықтық актілердің орындалуына бақылау;

      2) халықтың көркем өнерпаздық және кәсіби шығармашылығының жан-жақты дамуына ықпал ету, байқаулар, конкурстар, фестивальдер, халық шығармашылығы көрмелері, шығармашылық есептер, концерттер ұйымдастыру;

      3) дербес авторлармен жұмыс жүргізу, композиторлар, ақын-жазушылар, суретшілер шығармашылығын насихаттау;

      4) қолда бар мүмкіндіктерді пайдалана отырып, мәдениет және білім беру ұйымдары базасында мемлекеттік және өзге тілдерді оқыту орталықтарын құру бойынша шаралар қабылдау;

      5) мәдени демалыс қызметін жүзеге асыру;

      6) аудан көлемінде ұлттық мәдени мерекелер мен фестивальдер өткізу;

      7) аудан аумағында тұратын халықтардың ұлттық мәдениеттерін қайта жаңғыртуға, дамытуға және өзара байытуға жәрдемдесу;

      8) ұлттық этно-мәдени орталықтармен шығармашылық байланыстар орнату және олармен тығыз ынтымақта жұмыс жүргізу;

      9) тіл саясатын іске асыру бойынша оң тәжірбиені жинақтау және тарату, аудан халқын тіл туралы заңнаманың орындалу барысы туралы хабардар ету;

      10) мәдениет қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін және кадрлардың біліктілігін көтеру мақсатында семинарлар, практикумдар, байқаулар және өзге де іс-шаралар өткізу;

      11) жастар саясаты және үкіметтік емес ұйымдарды қолдау жөніндегі бағдарламаларды аудан деңгейінде іске асыру.

      17. Міндеттері:

      1) Қазақстан Республикасының мәдениет пен өнерді қолдауға бағытталған заңдары негізінде саяси, әлеуметтік-экономикалық, оның ішінде құқықтық және ұйымдастырушылық шараларды қамтитын кешенді бағдарламаларды іске асырады;

      2) аудан бойынша өнер мен мәдениетті дамытудың негізгі бағыттарын анықтайды, перспективалық, кешенді және нысаналы бағдарламаларды әзірлеу және орындауды жүзеге асырады;

      3) аудандағы мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуды жүзеге асырады;

      4) ономастикалық комиссияның жұмысын, топономикалық атауларды зерделеу және енгізу жұмыстарын ұйымдастырады;

      5) бағынысты ұйымдар мен қоғамдық бөлімшелердің қызметтерін үйлестіреді және бақылау жасайды;

      6) кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бағдарламаларын, сондай-ақ олардың қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді бекітеді және үйлестіреді;

      7) халықаралық, өңіраралық, республикалық, облыстық, аудандық мәдени көпшілік іс-шараларды өткізуді, оларды материалдық және қаражылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      8) мәдени іс-шараларды өткізу туралы ережелерді және оларды ұйымдастыруды реттейтін өзге де нормативтік құжаттарды бекітеді;

      9) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру, пайдалану және оны қорғау бойынша бақылауды және сақталуын қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      10) белгіленген тәртіппен мәдениет қызметкерлеріне атақтар беру, марапаттау, құрмет грамоталарымен, бағалы сыйлықтармен және жүлделермен марапаттау мәселелерін шешеді;

      11) мәдениет қызметкерлеріне атақтар беру, үкіметтік наградалармен, медальдармен, грамоталармен, бағалы сыйлықтармен марапаттау үшін жоғарғы тұрған органдарға белгіленген тәртіппен тиісті құжаттарды ұсынады;

      12) мәдениет мекемелері қызметкерлеріне біліктілік санаттарын береді және біліктілігін аттырады;

      13) маңдайшаны аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналастыру туралы хабарламаларды "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылдауды және қарауды жүзеге асырады";

      14) "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 75 - бабында көзделген әкімшілік бұзушылықтар туралы істерді қарауды, әкімшілік жаза қолдану бойынша жұмыстарды жүргізеді;

      15) мемлекеттiк тiлдi және басқа тiлдердi дамытуға бағытталған аудандық деңгейдегi iс-шараларды жүргiзедi;

      16) ауданның мемлекеттік органдарының ресми интернет-ресурстарында тіл заңмасының сақталуын зерделеу және талдау жұмыстарын жүргізу;

      17) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      18. Функциялары:

      - кітапхана және мәдени-демалыс қызмет саласында мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құрады, сондай-ақ олардың қызметін қолдауды және үйлестіруді жүзеге асырады;

      - мәдени құндылықтарды есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      - аудан көлемінде мәдени-көпшілік, ойын-сауық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер мен конкурстар өткізуді жүзеге асырады;

      - ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарындағы қызметкерлерді аттестаттаудан өткізеді;

      - өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;

      - ауданның мәдени мақсаттағы объектілерін салу, қайта жаңғырту және жөндеу жұмыстары бойынша тапсырыс беруші ретінде әрекет ете алады;

      - мемлекеттік мәдениет ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуге жәрдем көрсетеді;

      - мемлекеттiк тiлдi және өзге тiлдердi дамытуға бағытталған аудандық деңгейдегi iс-шараларды өткізеді; 

      - облыстың атқарушы органдарына ауылдарды, кенттердi, ауылдық округтердегі атау және қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар енгiзедi;

      - жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

      - мемлекеттік мекемені ұстауға қажет шығыстар сметасын (жоспарын) бекітеді;

      - мемлекеттік мекемеге берілген мүліктің тиімді пайдалануын және сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      - мемлекеттік мекемені басқару органдарының құрылымын, қалыптастыру тәртібін және өкілеттілік мерзімін, шешім қабылдау тәртібін айқындайды;

      - мемлекеттік мекеме басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымынан босату негізін анықтайды;

      - мемлекеттік мекеменің құрылымын және шекті штат санынын бекітеді;

      - жылдық қаржылық есептілікті бекітеді.

      2) Ведомстволардың функциялары:

      1) "Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны:

      - халыққа мәдени-демалыс қызметтерін көрсету;

      - шығармашылық - өндірістік қызметтің жоспарларын дербес әзірлеу және бекіту;

      - әдістемелік және кеңес беру қызметтерін көрсету;

      - кадрлардың біліктілігін арттыруға жәрдемдесу, конференциялар, симпозиумдар, семинарлар, көрмелер ұйымдастыру және өткізу;

      - өзінің қызметіне мемлекеттік, қоғамдық ұйымдарды, мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен азаматтарды тарту;

      - уәкілетті органның рұқсатымен өзге де ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру.

      2) "Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Талас аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

      -Халықтың жалпы білім беру, кәсіби және мәдени деңгейін арттыруға жәрдемдесу;

      -оқырмандар мен ұйымдардың республикалық, облыстық, сонымен қатар шетелдік басылымдарға деген сұраныстарын қанағаттандыру;

      -кітапханатану, Қазақстан Республикасы мен ауданның кітап тарихын, кітапхана ісіне ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге қатысу;

      -әдістемелік орталықтары өзге ведомствалық кітапханаларға әдістемелік көмек көрсету;

      19. Құқықтары мен міндеттері:

      - мекеменің мемлекеттік орган ретіндегі құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасы Президенті актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес оның негізгі міндеттері мен фунцияларын жүзеге асыру үшін қажетті құқықтармен айқындалады.

      - мекеменің осы Ережеден бекітілген қызмет мақсаттары мен мәніне сәйкес келмейтін қызметті жүзеге асыруына тек уәкілетті органның рұқсатымен ғана жол беріледі.

      - мекеменің функцияларына қайшы келетін мәмілелер меншік иесінің немесе уәкілетті органның талап қоюы бойынша заңнамада белгіленген тәртіпке сай жарамсыз деп танылуы мүмкін.

      - егер мекемеге заңнамалық актілерге сәйкес табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, мұндай қызметтен алынған табыстар мемлекеттік бюджеттің кірісіне жолданады.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      20. "Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты бірінші басшы жүзеге асырады, "Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

      21. "Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      22. "Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасарлары болмайды.

      23. Құрылтайшы (Талас ауданының әкімдігі) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) коммуналдық мемлекеттік мекеменің Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдайды;

      2) коммуналдық мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітіп береді;

      3) мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санын бекітеді;

      4) мемлекеттік мекемеге берілген мүліктің және тиімді пайдалануы мен сақталуына бақылау жүргізеді.

      24. "Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшының өкілеттігі:

      1) мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      2) барлық органдарда мекеме мүддесін қорғайды;

      3) бөлімге ведомствалық бағынысты басшы қызметкерлерінің құзыретін айқындайды;

      4) мекеме мүлкіне билік етеді, келісім жасайды, сенімхаттар береді;

      5) банкте есепшоттар ашады, мәмілелер жасайды;

      6) барлық қызметкерлерге міндетті болып табылатын бұйрықтар шығарады және тапсырмалар береді;

      7) мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

      8) қызметкерлерді көтермелеу шараларын қолданады және оларға тәртіптік жазалар қолданады;

      9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл бойынша дербес жауапты болады;

      10) заңнамада белгіленген тәртіппен бағынысындағы мекемелердің сандық лимитін бекітеді;

      11) заңда белгіленген тәртіппен бағынысындағы мекемелердің (кәсіпорындардың) директорларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, бағынысындағы мекемелердің (кәсіпорындардың) директоры орынбасарларын, бас бухгалтерлерін, ауылдық елді-мекендердегі құрылымдық бөлімшелердің меңгерушілерін лауазымға тағайындауға және қызметтен босатуға келісім береді.

      "Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіліктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      25. "Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босататын басшы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      26. "Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлікке ие бола алады.

      "Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлкі есебінен, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүліктен (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      27. "Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік республикалық коммуналдық меншікке жатады.

      28. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе "Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      29. "Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады