Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 жылғы 18 ақпанындағы № 81 "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген ережесінің 15-тармағының 229-68) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Орталық мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы ведомстволық бағынысты ұйымдардағы әкімшілік-басқару персоналы санының нормативтерін белгілеу қағидалары қоса берілсін және бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен кейін күнтізбелік бес күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланған күнінен кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министр | А. Ертаев |
| бұйрығына қосымша |
Орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы ведомстволық бағынысты ұйымдарда әкімшілік-басқару персоналы санының нормативтерін белгілеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы ведомстволық бағынысты ұйымдарда әкімшілік-басқару персоналы санының нормативтерін белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ережесінің 15-тармағының 229-68-тармақшасына сәйкес әзірленді және орталық мемлекеттік органдардың қарамағындағы ведомстволық бағынысты ұйымдардағы әкімшілік-басқару персоналы санының нормативін айқындау тәртібін айқындайды және жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі – ұйымдар).
2-тарау. Ұйымдарда әкімшілік-басқару персоналы санының нормативтерін белгілеу тәртібі
2. Әкімшілік-басқару персоналының саны мынадай мөлшерде белгіленеді:
қызметкерлердің жалпы штат саны 60 бірліктен кем ұйымдар үшін – 25%-ке дейін;
қызметкерлердің жалпы штат саны 60 бірліктен асатын ұйымдар үшін – 15%-ке дейін.
3. Әкімшілік-басқару персоналына мыналар жатады:
1) ұйым басшысының, оның орынбасарларының (денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет ұйымдарында өндірістік және (немесе) салалық функцияларды қоса атқаруды жүзеге асыратын орынбасарларын қоспағанда), басқарма мүшелерінің (бар болса), аппарат басшыларының лауазымдары;
2) ұйымдағы мынадай функцияларды (процестерді) қамтамасыз ететін және (немесе) жүзеге асыратын бөлімшелер және (немесе) лауазымдар:
ұйымдағы құжат айналымы (оның ішінде мұрағаттық қызмет);
ұйымда сатып алуды сүйемелдеу;
ұйымдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету (оның ішінде мемлекеттік құпияларды және азаматтық қорғанысты қорғау);
ұйымдағы кадрлық жұмыс;
ұйымдағы заң жұмысы (оның ішінде сотта, сондай-ақ ұйым қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде басқа да ұйымдарда ұйымның мүдделерін білдіру);
ұйымдағы қаржылық қызмет (оның ішінде бухгалтерлік есеп);
ұйымдағы экономикалық қызмет (оның ішінде жоспарлау, активтерді басқару);
3) жекелеген бөлімшелер және (немесе) лауазымдар:
комплаенс қызметі және (немесе) офицер;
корпоративтік хатшы;
ішкі аудит қызметі;
уәкілетті тұлға (баспасөз хатшысы) не бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі бөлімше;
ұйымның бірінші басшысының хатшылығы (оның ішінде көмекші, кеңесші және функционалы жағынан ұқсас өзге де лауазымдар).
Осы тармақтың 2) тармақшасы, егер олардың функционалы ұйымның (өндірістік және (немесе) салалық қызметтің) негізгі (жарғылық) қызметіне жатқызылған жағдайда, жекелеген бөлімшелерге және (немесе) лауазымдарға қолданылмайды.
4. Өндірістік (салалық) салалық персоналға функционалы ұйымның негізгі (жарғылық) қызметімен байланысты бөлімшелер және (немесе) лауазымдар, оның ішінде дербес бөлімшелердің басшылары және дербес бөлімшелер ішіндегі басшылар жатады.
5. Қосалқы (қызмет көрсететін) персоналға инженерлік-шаруашылық және (немесе) қызмет көрсету қызметі жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын бөлімшелер және (немесе) лауазымдар, оның ішінде дербес бөлімшелердің басшылары және дербес бөлімшелер ішіндегі басшылар жатады.
Қағидалардың осы тармағы егер олардың қызметі мен функционалы ұйымның (өндірістік және (немесе) салалық қызметтің) негізгі (жарғылық) қызметіне жатқызылған жағдайда бөлімшелерге және (немесе) лауазымдарға қолданылмайды.
6. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жарты жылдық негізде "Бірыңғай кадр жүйесі" ақпараттық жүйесі арқылы осы Қағидалардың ережелерін сақтау мәніне штат кестелеріне мониторинг жүргізеді. Мониторинг қорытындысы бойынша еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізеді.
3-тарау. Өтпелі ережелер
7. Егер ұйымдардың бекітілген (белгіленген) штат кестесі осы Қағидаларға сәйкес келмеген жағдайда, онда аталған ұйымдар осы Қағидалар қолданысқа енгізілген сәттен бастап үш ай ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен штат санына және штат кестесіне өзгерістер енгізеді.
Штат санына және штат кестесіне өзгерістер енгізу осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, сондай-ақ ұйымдағы бизнес-процестерді автоматтандыру мен оңтайландыруды ескере отырып жүзеге асырылады.
Мемлекеттік органдар ведомстволық бағынысты ұйымдарда осы Қағидалардың орындалуына ішкі бақылауды қамтамасыз етеді.
