Мақаншы ауданы мәслихатының 2024 жылғы 26 қарашадағы № 14-89/VIII "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қатені түзеу

Абай облысы Мақаншы ауданы мәслихатының 2026 жылғы 30 шілдедегі № 39-272/VIII шешімі

      Мақаншы ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мақаншы ауданы мәслихатының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2024 жылғы 26 қарашадағы № 14-89/VIII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 389-18 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген қосымшада:

      4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, тоқсан сайын, жылына бір рет) көрсетіледі, өтініш берілген айдан бастап жүзеге асырылады.";

      7-тармақтың 6), 7), 8) тармақшалары алынып тасталынсын.

      11-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3) мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің болу фактісін растайтын төменде санамаланған құжаттардың бірі:

      дүлей зілзала салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжат;

      өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжат;

      әлеуметтік мәні бар сырқатының болу фактісін растайтын құжат.";

      21-тармақ келесі редакцияда толықтырылсын:

      "Әлеуметтік көмекті есептеу және көрсету кезінде тиынмен есептелген барлық сомалар тиын сомасына қарамастан, бір теңгеге дейін дөңгелектеледі.";

      22-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3) алушы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарына тұруға жіберілгенде;";

      27-тармақта:

      "29" деген цифрлар "27" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      28-тармақтың үшінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:

      "Айдың 27-і күнінен кейін түскен әлеуметтік көмек төлеуге сұраныс сомалары туралы өтінімдер бойынша ақшалай қаражатты әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган келесі айдың 1-і күнінен кейін мемлекеттік корпорацияға аударады.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Лауазымы Аты-жөні

      "КЕЛІСІЛДІ"
Абай облысының жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламаларды
үйлестіру басқармасының басшысы
________________А.Нұрлыбек
2026 жылғы "___"___________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады