Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Үржар ауданы әкімдігінің "Үйден қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы" 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 457 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Үржар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Л.Дуйсенова) осы қаулыдан туындайтын шаралардың заңда белгіленген тәртіпте орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Үржар ауданы әкімінің орынбасары Е. Сейльгазинге жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
| Үржар ауданының әкімі | А. Башимбаев |
| Үржар ауданы әкімдігінің 2026 жылғы "16" қаңтардағы № 15 қаулысына қосымша |
Үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге арналған тарифтері
| № | Қызмет алушылар түрі | Күніне 1 қызмет алушының тарифі (теңге) |
|---|---|---|
1 | Психоневрологиялық ауытқулары бар бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға | 3849,94 |
2 | Тірек-қимыл аппараты бұзылған бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға | 3849,94 |
3 | Психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға | 3849,94 |
4 | Бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға | 3849,94 |
5 | Егде жасына байланысты өзіне қызметтер көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарға | 3849,94 |
